Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау



Pdf көрінісі
бет192/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
 
               саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру
 
               кезіндегі дәлелдемелер
 
      1. Тергеп-тексеруді дұрыс жүргізу үшін маңызы бар кез келген нақты деректер, оның 
ішінде:
 
      1) өтініш берушінің, тергеп-тексеру объектісінің, мүдделі тұлғалардың және 
куәлардың түсініктемелері;
 


      2) сарапшылардың қорытындылары;
 
      3) заттай дәлелдемелер;
 
      4) өзге де құжаттар (оның ішінде, компьютерлік ақпараты, фото және кино 
түсірілімдері, дыбыс-, аудио- және бейнежазбалар бар материалдар) Қазақстан 
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілерінің 
дәлелдемелері бола алады.
 
      2. Дәлелдемелерді жинауды монополияға қарсы органның лауазымды адамы жүзеге 
асырады.
 
      3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар нақты деректер ұсынуға және олардың 
анықтығын дәлелдеуге құқылы.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет