Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау



Pdf көрінісі
бет78/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

94-бап. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау
 
      1. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау:
 
      1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін 
сатып алу;
 
      2) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
 
      3) екінші деңгейдегі банктер, ұлттық даму институттары және Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғалар арқылы кредит беруді 
ұйымдастыру;
 
      4) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске 
асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
 
      5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму 
Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және 
олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
 
      6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер 
бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
 
      7) шығыстарды және (немесе) шығындарды өтеу және (немесе) субсидиялау;
 
      8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
 
      9) лизинг;
 
      10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке 
кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдаудың өзге де шараларын беру арқылы жүзеге 
асырылады.
 
      2. Мемлекеттік қаржылық қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылық қолдауға 
жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын 
(салаларын), мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны 
(тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін 
қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет