93-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі
түрлері
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
мынадай негізгі түрлерін қамтиды:
1) қаржылық және мүліктік қолдау;
2) инфрақұрылымдық қолдау;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк
органдар жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын
әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын
институционалдық қолдау;
4) жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық-талдамалық, оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк
қолдауды қамтитын ақпараттық қолдау.
Өз ісін ұйымдастыруға, технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесуді, құқық,
маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді,
коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен
қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының
жалпы шарттарын қамтамасыз ете отырып құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені
жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың өзге
де түрлерін көздейді.