3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар арасындағы
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
өзара іс-қимыл жасау;
4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвесторды мемлекеттік органда
сүйемелдеу;
5) инвестор үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін мониторингтеу тәртібі
көзделуге тиіс.
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты
мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету
және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвесторды мемлекеттік органдарда
сүйемелдеуі шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.
6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторлар үшін «бір терезе»
шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға инвесторлардың өтініштерін қарау
туралы өтінішхат жасауға және инвесторлардың құжаттарын мемлекеттік
органдарға енгізуге
құқылы.
7. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті
болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге
асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган
айқындайтын тәртіппен өтінішхат береді.
8. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мүдделi заңды тұлғалар тарапынан
кепiлдік берілген тапсырысты қамтамасыз етуде инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвесторларға жәрдем
көрсетеді.
9. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның қызметi Қазақстан Республикасының
Yкiметi бекiтетiн ережемен реттеледi.
Достарыңызбен бөлісу: