Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтөбе – Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде «Қазақстан Республикасының заңнама институты» ММ-нің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 19-07/308 хатымен оң ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысы берілген.
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтөбе - Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) жобасы бойынша Қазақстан Республикасы «Болашақ» Консалтингтік тобы» ЖШС-ның 2016 жылғы 20 тамыздағы № 79 хатымен ғылыми құқықтық сараптама қорытындысы берілген.
Қарыз туралы келісім жобасының мәтініне ғылыми құқықтық сараптамаға келесі ұсыныстар мен ескертулер бар:
Сарапшылар Қарыз туралы келісім жобасына Қарыз туралы келісімнің жобасында көзделген АДБ (Сатып алу бойынша нұсқаулықты, Консультанттар тарту бойынша нұсқаулықты, Қорғау шаралар бойынша АДБ, гендерлік мәселелер және даму бойынша саясаты және т.б.) құқықтық актілерін қосуды ұсынады.
Қабылданбаған ескертулерді (немесе ұсыныстарды) негіздеу:
Қарыз туралы келісімнің мәтіні мен оның құрылымы барлық АДБ-ға қатысушы-елдерге үлгі болып табылады және Қазақстан Республикасының АДБ құрамына кірген беттен қолданады.
«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 264 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы АДБ мүшесі болып табылады.
Қазақстан АДБ-ға мүше барлық 67 ел сияқты өзіне АДБ саясаттарын сақтау бойынша міндет қабылдаған.
Бұдан басқа, АДБ саясаттарына сілтеме нормалардың болуы АДБ-ның қолайлы тәсіл қолдануына байланысты және Қарыз туралы келісім жобасының құрылымына артық жүктемені болдырмау мақсатында.
2. Сарапшылар Қарыз туралы келісім жобасының АДБ-ның Жемқорлыққа қарсы саясатын Қарыз алушының қолдауын көздейтін норманы қайта қарауды ұсынған.
Қабылданбаған ескертулерді (немесе ұсыныстарды) негіздеу:
АДБ-ның 2010 жылғы қазандағы Жемқорлыққа қарсы күрес және адалдық саясатын сақтау қарыз беру үшін ең негізгі шарттарының бірі болып табылады және әрбір Қарыз туралы келісім шеңберінде Қарыз алушы үшін стандарттық міндеттеме болып табылады.
Көрсетілген АДБ саясатын қабылдамау және сақтамау АДБ тарапынан қарыз беруден бас тартуға әкеп соғуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген АДБ саясатына сәйкес, қарыз алушылар, сондай-ақ өнім берушілер мен мердігерлер АДБ шеңберінде қаржыландырылатын келісімшарттарды жасасу және осындай келісімшарттарды орындау кезеңінде жоғары әдеп нормаларын сақтауы қажет.
3. Қарыз туралы келісім жобасының атауында сарапшылар «Жай операциялар» деген сөздерді «Ағымдағы операциялар» деген сөздерге ауыстыруды ұсынады.
Қабылданбаған ескертулерді (немесе ұсыныстарды) негіздеу:
2004 жылғы 9 шілдедегі № 589-ІІ Қазақстан Республикасымен Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған АДБ Құрылтай шартының 9-бабының ІІІ-бөліміне сәйкес АДБ операциялар жай және арнайы операцияларға бөлінеді.
Жай операциялар АДБ жай активтерден қаржыландыратын операциялар болып табылады.
Арнайы операциялар Арнайы Қордан қаржыландырылатын операциялар болып табылады.
Осыған байланысты, «Жай операциялар» Қазақстан Республикасы ратификациялаған және қаражат АДБ-ның жай капиталдық ресурстарынан ұсынылатыны көзделген Қазақстан мен АДБ арасында барлық Қарыз туралы келісімдерде қолданылады.
Оның үстіне, Қазақстан Республикасы мен АДБ арасында Қарыз туралы келісім жобасының мәтіні стандарттық болып табылады және бұдан бұрын Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қарыз туралы келісімдерге сәйкес келеді.
4. Сарапшылар Қарыз туралы келісім жобасында ІV-бабының 4.01.-бөлімінде (а)-тармағын «құқықтық талаптармен» деген сөз тіркесімен толықтыруды ұсынады және оны былайша көрсетуді ұсынады:
«Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен және құқықтық талаптарға, тиімді техникалық, қаржылық, іскерлік іс-тәжірибелерге және даму іс-тәжірибелеріне сәйкес орындауды қамтамасыз етеді».
Қабылданбаған ескертулерді (немесе ұсыныстарды) негіздеу:
Қарыз туралы келісімнің мәтіні мен оның құрылымы барлық АДБ-ға қатысушы елдер үшін стандартты болып табылады және Қазақстан Республикасының АДБ құрамына кірген сәтінен бастап қолданылады.
Қарыз АДБ тарапынан берілуін ескере отырып, қарыз алушыға қойылатын талаптар мен шарттар кредит беруші тарапынан қойылады, бұл халықаралық қарыз қатынастарының стандартты тәжірибесі болып табылады.
5. Сарапшылар Қарыз туралы келісім жобасында ІV-бабының 4.04-бөлімін «Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде» деген фразамен толықтыруды, сонымен бірге «ұтымды әкімшілік» деген сөздерді алып тастап және мынадай түрде көрсетуді ұсынады:
«Қарыз алушы ИДМ арқылы, оның құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының Жобаны іске асыруға және Жобалық объектілерді пайдалануға қатысты барлық іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде әдістерге және рәсімдерге сәйкес жүргізуді және үйлестіруді қамтамасыз етеді.».
Қабылданбаған ескертудің (немесе ұсыныстың) негіздемесі:
Осы тармақ АДБ өзінің барлық қатысушы-елдеріне беретін қарыздарға қатысты келісімдердің осындай түріне стандартты болып табылады.
Оның үстіне Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы Қарыз туралы келісім жобасының мәтіні стандартты болып табылады және ертеректе Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қарыз туралы келісімдерге сәйкес келеді.
6. Сарапшылар мынадай терминдерді және олардың анықтамаларын көздейтін жеке бап енгізуді ұсынады: «төмен тіркелген спред», «ЛИБОР», «аудиттелген қаржылық есептілік», «Жемқорлыққа қарсы саясат», «құбылмалы пайыздық мөлшерлеме», «артық сома», «нақты немесе әлеуетті бұзушылықтар».
Қабылданбаған ескертудің (немесе ұсыныстың) негіздемесі:
Қарыз туралы келісімнің мәтіні мен оның құрылымы АДБ-ге барлық қатысушы-елдерге стандартты болып табылады және Қазақстан Республикасының АДБ құрамына кірген сәттен бастап қолданылады.
Осы және басқа да терминдердің 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ жай қарыздары жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – АДБ жай қарыздары жөніндегі нұсқаулық) және Қарыз туралы келісім жобасының ажырамас бөлігі болып табылатын АДБ саясаттарында тұжырымдалған анықтамалық мағынасы бар.
Мысалы, АДБ жай қарыздары жөніндегі нұсқаулықтың ІІ-бабы 2.01-бөлімінің 22-тармақшасына сәйкес «Тіркелген спред» Құбылмалы мөлшерлеме шеңберінде АДБ спредін білдіреді (бір жылға пайыз ретінде көрсетілгені), ол Қарыз туралы келісімге қол қою күнінде Манила уақытымен 12.01 күшіне енеді және қарыз алушыға беріледі, мұндай бөлу Қарыздың әрекет ету мерзімінде тіркелген болып қалады.
АДБ жай қарыздары жөніндегі нұсқаулықтың 23-тармағына сәйкес Қарыздың бастапқы валютасына қатысты (i) Ұсынылатын мөлшерлеме мен әртүрлі жағдайларда (ii) Тіркелген спредтің қосынды сомасына тең төленген және төленбеген Қарыздың басты бөлігіне қолданылатын «Құбылмалы мөлшерлеме» пайыздың ауыспалы мөлшерлемесін білдіреді.
Бұл ретте, «артық сома», «нақты немесе әлеуетті бұзушылықтар» және тағы да басқалары сияқты сарапшылар белгілеген жеке терминдер тиісті мәтіннің ережесіне сүйене отырып, тиісті мағынасы болғандықтан, жеке бапты енгізуді талап етпейді.
7. Сарапшылар «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңы 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес Қарыз туралы келісім жобасының V- бабының 5.01-бөлімін мынадай редакцияда жазуды ұсынды:
«Осы Келiсiмнің күшiне ену күні Тараптар осы Келісімге қол қойғаннан кейін Қазақстан Республикасы осы Келiсiмді ратификациялау күні болып табылады».
Қабылданбаған ескертудің (немесе ұсыныстың) негіздемесі:
Осы ереже, Қарыз туралы келісім жобасының басқа да ережелері мен шарттары Қарыз туралы келісімді ратификациялау үшін міндетті рәсімді тоқтатпайды.
Қарыз туралы келiсiм жобасының ажырамас бөлігі болып табылатын АДБ жай қарыздары жөніндегі нұсқаулықтың 10.03-бөліміне сәйкес, егер АДБ мен Қарыз алушы өзге келісімге келмесе, Қарыз туралы келісім 10.01-бөлімінде талап етілетін АДБ Қарыз алушыға өзінің куәлігін мойындау туралы хабарлама жіберген күні өзінің күшіне енеді.
АДБ жай қарыздары жөніндегі нұсқаулықтың 10.01-бөліміне сәйкес Қарыз туралы келісім АДБ қанағаттандыратын куәліктер АДБ-ға ұсынылмаған жағдайда күшіне енбейді:
- Қарыз алушының атынан Қарыз туралы келісімді тіркеу және аудару тиiстi дәрежеде барлық қажетті корпоративтік және үкіметтік рәсімдерге сәйкес түрде уәкілеттік берілді немесе ратификацияланды;
- егер Жобалық Келісім бар болған жағдайда, Жобаны жүзеге асыру бойынша агенттіктің атынан Жобалық Келiсiмді рәсімдеу және жіберу барлық қажет корпоративтік, үкіметтік және әкімшілік рәсімдерге сәйкес тиісті түрде уәкілеттік берілген және ратификацияланған жағдайда;
- егер Қарыз алушы мүше-ел болмаса, Қарыз туралы келісімге қол қою кезінде АДБ ұсынылған Қарыз алушы статусы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен бастап осы бөлімнің мақсаттары үшін Қарыз алушыға мен АДБ арасында айтылған күнге дейін ағымдағы кезеңде ешқандай елеулі қолайсыз өзгерістерге ұшырамаса, және АДБ осыған сәйкес дәлелдемелер талап еткен жағдайда;
- егер Қарыз алушы мүше-ел болмаса, ол 4.06 (b)-бөлімінің және 8.01-бөлімінің (b) талаптарын орындаған жағдайда; және
- Қарыз туралы келісімнің күшіне енуі үшін қосымша шарт болатын Қарыз туралы келісімде көрсетілген барлық өзге оқиғалар іске асырылды.
Осылайша, ратификациялау күні Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні болып табылмайды.
8. Сарапшыларға Қарыз туралы келiсiм жобасының Қарыз қаражатын бөлу және алу бойынша кестесі 3-қосымшасының 3-тармағында көрсетілген «Бөлінбеген» сөзінің мағынасы түсініксіз.
Қабылданбаған ескертудің (немесе ұсыныстың) негіздемесі:
Қарыз туралы келісім жобасының 3-қосымшасы 4-тармағына және 2015 жылғы АДБ кредит қаражатын жұмсау бойынша анықтамалықтың 3-тармағы 3.10-тармақшасына сәйкес АДБ кредит қаражаты тек кредит берілген мақсаттарға пайдаланылады. Сондықтан кредиттік келісімнің «бөлінбеген» санатынан тікелей қаражат жұмсау мүмкін емес. АДБ Қарыз алушының «бөлінбеген» немесе басқа санаттардан жоба мақсаттары үшін кез келген басқа рұқсат етілген санатқа қаражатты қайта бөлу туралы сұрау салуына өз келісімін бере алады. Тәжірибеге сәйкес қарыз қаражаты тексеру миссиясы барысында қарыз алушы жобаны орындау барысын қарағаннан кейін қайта бөлінуі мүмкін.
Осыған байланысты, шығыстардың аталған бабы жобаны іске асыру кезінде негізгі екі шығыстар бабы (құрылыс жұмыстары (техника және жабдықтар) және консалтингтік қызметтер) бойынша қаражат жеткіліксіз болған жағдайда одан әрі шұғыл шығыстарды төлеуге арналған.
9. Сарапшылар Қарыз туралы келісім жобасының 5-қосымшасының 17-тармағын нақтылауды ұсынады және мынадай редакцияны ұсынады:
«Қарыз алушы Жобалық автожолда адам, жабайы табиғат объектілерінің, олардың жойылып кету қаупі төнген түрлерінің, сондай-ақ заңсыз заттардың заңсыз саудасы фактілерінің алдын алуды, анықтауды және оларды Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етеді».
Қабылданбаған ескертудің (немесе ұсыныстың) негіздемесі:
Бұл тармақ АДБ өзінің қатысушы елдері үшін ұсынылған жобалық қарыздарға қатысты Қарыз туралы келісімнің осыған түрі үшін стандартты болып табылады.
Қарыз алушы қарыздың қандай да бір шарттарымен және талаптарымен келіспеген жағдайда, АДБ қарыз беруден бас тартуға құқығы бар.
Осыған байланысты, сондай-ақ осы норма Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қажетті іс-шаралар қабылдауды білдіретінін ескере отырып, осы тармақты нақтылаудың қисыны жоқ деп есептейміз.
10. Сарапшылар Қарыз туралы келісім жобасының мәтінінде бейбіт құралдармен халықаралық дауларды шешу принципін көрсеткен жөн деп пайымдайды.
Қабылданбаған ескертудің (немесе ұсыныстың) негіздемесі:
Қарыз туралы келісімді орындау мәселелеріндегі тараптар арасындағы дауларды реттеу тетігі Қарыз туралы келісім жобасының ажырамас бөлігі болып табылатын АДБ қарапайым қарыздары бойынша Нұсқаулықтың 11.04-бөлімінде көзделген.
Бұл ретте, тәуелсіздік алған күннен бастап және қазіргі уақытқа дейін ратификацияланған Қарыз туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерімен байланысты дауларды шешу бойынша Қазақстан Республикасы мен Қарыз беруші арасындағы төрелік фактілері болған жоқ және барлық даулар бейбіт жолмен шешілген.
11. Сарапшылар Келісімнің ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жасалған және барлық үш мәтін сәйкес болады деп көрсетілуі мүмкін болатын Қарыз туралы келісім жобасында норманың көзделуін ұсынады. Келісімді түсіндірген және оны іске асыру туралы дауларды қарау кезінде Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні пайдаланылады.
Қабылданбаған ескертудің (немесе ұсыныстың) негіздемесі:
«Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын ратификациялау туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңымен Қазақстан Республикасы ратификациялаған АДБ Құрылтай шартының 39-бабы 1-тармағына сәйкес АДБ жұмыс тілі ағылшын тілі болып табылады.
АДБ талабы бойынша Келісімге тек ағылшын тілінде қол қойылады. Келісімнің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері оның аудармалары болып табылады, демек, оны орындау, түсіндіру бойынша даулар туындаған жағдайда, тек ағылшын тілінде қол қойылған Келісім бойынша жүргізіледі.
Осылайша, ол тек ағылшын тілінде қол қойылатындықтан, тіл туралы ережелерді қосу қажеттілігі жоқ.
12. Сарапшылар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан бірлесіп қаржыландырудың болуына байланысты шығыстар туындаған және осы қаражат Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бюджетінде қаралмаған жағдайда «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарауды ұсынады.
Қабылданбаған ескертудің (немесе ұсыныстың) негіздемесі:
Қарыз қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлесіп қаржыландыру қаражаты сияқты республикалық бюджетте көрсетілуі тиіс.
Осы жоба бойынша қаражат Қазақстан Республикасының «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы № 25-VI Заңында көзделген.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жоба бойынша қаражат жұмсау бойынша әкімшілендіруді жүзеге асыратын ҚР Инвестиция және даму министрлігі болып табылады.
|