Қазақстан Республикасының Үкіметі-мемлекеттің жоғары алқалы атқарушы органы болып табылады. Басқару аппараты


Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы



бет2/2
Дата18.10.2023
өлшемі19,55 Kb.
#186386
1   2
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 
3-бап.
Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Мемлекеттік органдарды қалыптастыру және олардың қызметі тәртібінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты

мемлекеттік органдар өкіліттігінің шеңберіне сай үш түрге бөлінеді: атқару органдары, өкілетті органдар және сот, құқық қорғау органдары. Осы органдар ішінде Қазақстан Республикасының Президентінің рөлі мен маңызы өте зор деп айтыға толық негіз бар.Президент билігі жалпы жоғарыда аталған билік көзінің ешбіріне де жатқызылмайды, себебі Президент қызметінің ең басты қызметі — ол мемлекеттік биліктің бір біріне қайшы келмей үйлесімді қызмет жасауын қадағалау және қажет жағдайда оны реттеп отыру болып табылады. Президент — ол мемлекеттің басшысы және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындауға құзреті бар бірден-бір жоғарғы мемлекеттік ең лауазымды адам болып табылады.

5 бап
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.

18бап
3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.


33-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет