430-бап. Кеден одағының кеден аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету
1. Кеден одағының кеден аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық декларацияланбаған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты кедендік төлемдер және салықтар бөлiгiнде кедендік жеңiлдiктер берiлген, осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 431-бап өзгертілді; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 431-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
431-бап. Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу
Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен өзге, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңілдіктер берілген мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
432-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 433-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
433-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтарды тиiстi негiздерсіз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған iс-әрекеттер
Қазақстан Республикасының кеден органына - төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесіз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 434-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 434-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 434-бап жаңа редакцияда
434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімдерін бұзу
Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар адамдардың кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатудың берілуіне байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдерді және салықтарды кезең-кезеңмен төлеуді көздейтін кедендік рәсімдерді жүргізуге тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны беру мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеуі, қылмыс белгілері болмаған кезде -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - кеден өкілдерінің немесе уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастай отырып, кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайыз мөлшерінде, бірақ барлық жағдайларда кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 434-1-баппен толықтырылды; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 434-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
434-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талаптарын орындамау
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талабын орындамауы -
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан қырық пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайыз мөлшерінде, бірақ, барлық жағдайларда кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 435-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
435-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен төлемшiнiң кедендiк төлем шоттары бойынша кеден төлемдерiн, салықтарды және өсімпұлдарды өндiрiп алу немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 436-бап өзгертілді
436-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 437-бап өзгертілді
437-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 438-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
438-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік декларациялауды, кедендік тексеріп қарауды, кеден декларацияларын тексеруді жүзеге асыру, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендік бақылау үшін қажетті өзге де талаптарды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың орындамауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 26-тарау 438-1-баппен толықтырылды; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 438-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын орындамау
Адамдардың Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сол сияқты кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы талаптарын Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерде орындамауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 27-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-тарау. Көлiктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 439-бап өзгертілді
439-бап. Темір жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсіздiгiн қамтамасыз ететiн ережелердi бұзу
1. Темір жол арқылы күш көлiгiмен өту, мал айдап өту, темір жолдарға арнап оқшауланған жерлерде мал жаю ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темір жолды, отырғызылған қорғаныш ағаштарды, қар тоқтатқыш қоршауларды және басқа да жол объектілерін, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен қондырғыларын бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Темір жолдарға поездар қозғалысын бұзуы мүмкiн заттар төсеу, лақтыру немесе қалдыру, -
бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгiленбеген жерлерде темір жол арқылы өту, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бірi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Темiр жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сегізден онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол құрамының қалпына келтіруге жатпайтын жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы құрамды ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдануына жол берілген бұзушылық -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдарда жол берілген қауіпсіздікті бұзушылықтар туралы ақпаратты Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде бермеуі -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 440-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
440-бап. Темір жол көлiгi құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу
1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсіз ретте поезды өз бетінше тоқтату, -
бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бірiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 440-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
440-1-бап. Теміржол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
1. Теміржол жылжымалы құрамын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану, —
жеке тұлғаларға — екі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —
жеке тұлғаларға — бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
441-бап. Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын және олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру
Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын, атап айтқанда, темір жол көлiгiнде жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 442-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
442-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзу
1. Әуе кемелерiнiң ұшуы, зымырандарды ұшыру, атыстың барлық түрлерiн өткізу, жарылыс жасау жұмыстары кезiнде немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердi көтеруге, жылжытуға немесе түсiруге байланысты басқа да қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзу, -
құқық бұзушылықты жасаудың құралы болған затты өтемiн төлеп алып қоя отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірден онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасаудың құралы болған затты тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 443-бап өзгертілді
443-бап. Ұшу қауiпсіздiгi ережелерiн бұзу
1. Аэродром аумағында аэродромдарды ажырата бiлу үшiн қолданылған таңбалау белгiлерi мен қондырғыларына ұқсас қандай да бір белгiлер мен қондырғыларды орналастыру немесе әуежай, аэродром әкiмшiлiгiнiң рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу, немесе әуе кемелерiнiң ұшуы үшiн қауiптi құстардың жаппай жиналуына жағдай жасайтын объектiлер салу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнгi және күндiзгi таңбалау белгiлерiн орналастыру туралы ережелердi орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аэродром жабдықтарын, аэродром белгiлерiн, әуе кемелерiн және олардың жабдықтарын бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тиiстi рұқсатсыз әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), аэродромдардың, ұшуды радиомен және жарықпен қамтамасыз ету объектілерінiң аумағы арқылы жаяу жүрiп немесе көлiкпен өту, -
бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жолаушының әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ұшудың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай тудырса, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
444-бап. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн бұзу
1. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Адамды мас күйiнде әуе кемесiн басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
445-бап. Адамның мас күйiнде әуе кемесiн басқаруы
1. Адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде әуе кемесiн басқаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Ұшу қауiпсіздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 446-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
446-бап. Әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу
1. Әуе кемесіндегі адамның әуе кемесі командирінің немесе басқа да экипаж мүшелерінің өкімдерін орындамауы, егер бұл адамның іс-әрекеттері ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе -
ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін пайдалану, әуе кемесінің жермен жүруі, биіктікті алуы, қонуға бет алуы кезеңдерінде тұрмыстық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.15.07. № 340-IV ҚР Заңымен 446-1-баппен толықтырылды
446-1-бап. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 446-2-баппен толықтырылды
446-2-бап. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде жолаушыға қызметтер ұсыну жөніндегі міндеттерді тасымалдаушының орындамауы не тиісінше орындамауы
1. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жолаушыға қызметтер ұсыну жөніндегі міндеттерді тасымалдаушының орындамауы не тиісінше орындамауы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 447-бап өзгертілді
447-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу
1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау ережелерін бұзу, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін бұзу, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 447-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 447-1-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: |