ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 53-бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569 қаулысымен бекiтiлген, Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң 13-тармағы Республика Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661 қаулысымен бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң" 4-тармағы
1) тармақшасының Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2004 жылғы 20 сәуiрдегi N 3 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ю.А. Пономаренконың,
Республика Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ Дауылбаевтың,
Республика Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.З. Әшитовтiң, Республика Әдiлет вице-министрi
Ж.К. Асановтың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Pecпубликасы Жоғарғы Сотының, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
23-бабының 1-тармағы 5) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661 қаулысымен бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң" 4-тармағы 1) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.
Қолдағы бар конституциялық iс жүргiзу материалдарын, оның iшiнде сарапшы – заң ғылымының кандидаты, ҚазГЗУ жеке құқық ҒЗИ-дiң ғылыми қызметкерi Е.Б. Осиповтiң қорытындысын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
Қ.Ж. Балтабаевтың хабарлауын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Pecпубликасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Республика Жоғарғы Сотының, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661 қаулысымен бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң" (бұдан әрi – Ереже)
4-тармағының 1) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.
Азамат И.А. Кистердiң қолданыстағы зейнетақы туралы заңнама оның конституциялық құқықтарын бұзатындығы туралы талап-арызы бойынша Республика Жоғарғы Соты бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қарап жатқан азаматтық iс Конституциялық Кеңеске жүгiнуге себеп болған.
И.A. Кистep өз өтiнiшiнде Қазақстан азаматы екенiн және тұрақты тұру үшiн ГФР-ге кеткiсi келетiнiн, бiрақ "Сенiм" Ашық жинақтаушы қоры" ЖАҚ оның зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тартқанын атап көрсетедi.
Бұл iстi қарау барысында Жоғарғы Сот қолданыстағы зейнетақы туралы заңнаманың нормалары Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясының
26-бабының 2-тармағымен және 39-бабының 3-тармағымен баянды етiлген құқықтарына нұқсан келтiредi деген қорытындыға келiп, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын және Ереженiң 4-тармағының 1) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнген.
Зейнетақы туралы заңнаманың өтiнiште көрсетiлген нормаларының конституциялылығын тексерген кезде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны негiзге алады.
1. Конституцияның 1-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Бұл аталған тармақ, Қазақстан Республикасы, мемлекеттiң мүмкiншiлiгiне қарай отырып, өзiнiң азаматтарына игiлiктi өмiр сүру үшiн жағдай жасауға және жеке адамның еркiн дамуы арқылы әлеуметтiк теңсiздiктi жұмсартуға мiндеттеме алатын мемлекет ретiнде дамуға ниет танытатынын бiлдiредi (Республика Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 18/2 қаулысы).
Меншiк құқығы адамның және азаматтың негiзгi құқықтарының бiрi болып табылады, ол Қазақстан Конституциясымен танылады және кепiлдiк берiледi. Конституцияның 26-бабына сай Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады (1-тармақ). Конституцияның бұл аталған бабында (2-тармақ) сондай-ақ меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiлетiнi атап көрсетiледi.
Негiзгi заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Конституцияның 6-бабының 2-тармағына сай "меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi". Бұл аталған конституциялық нормалар, меншiк қатынастарын құқықтық реттеудiң негiзгi принциптерi мен бастауларын бекiтетiн болғандықтан, айқындаушы маңызға ие екенiн және олардың Негiзгi Заңның "Жалпы ережелер" деп аталатын I бөлiмiнде берiлгенiн атап өткен жөн (Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 4/2 қаулысы).
Бұл келтiрiлген нормалар, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген өзге де әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды, оның iшiнде зейнетақымен қамсыздандыру құқығын да iске асыру үшiн конституциялық алғышарттар жасайды.
Конституцияның 28-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi зейнетақының мөлшерiне, әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi. Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 3/2 қаулысында 28-баптың
1-тармағын түсiндiрген кезде, құқықтардың немесе бостандықтардың нақты бiр түрiнiң конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлуi және Конституцияда оның кепiлдiлiгiнiң жариялануы мемлекеттiң осы құқықтар мен бостандықтарды өзi құрайтын жүйелер мен құрылымдар арқылы жүзеге асыруды қамсыздандыруды өз мiндетiне алғандығын бiлдiредi, деп түсiндiрiлген болатын. Зейнетақы алуға деген конституциялық құқықты қамтамасыз етудiң және жүзеге асырудың құқықтық механизмдерi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында , сондай-ақ республиканың өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде бекiтiлген.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заң Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.
2. Зейнетақы қоры мен азаматтың арасында қалыптасатын құқық қатынастарының құқықтық табиғаты, азаматтық заңдармен реттелетiн тауар-ақша қатынастарынан және мүлiктiк қатынастарға қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де қатынастардан өзгешеленедi. Салымшы мен жинақтаушы зейнетақы қорының арасындағы қатынастар Конституцияның, соған сәйкес келетiн заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде қалыптасады. Зейнетақылық құқық қатынастары қатысушылардың теңдiгiне қарай құрылмайды, олар көбiнесе жария-құқықтық сипатқа ие болады.
Мiндеттi зейнетақы жарналары уақытылы ұстап қалынбаған (есептелмеген) және (немесе) аударылмаған жағдайларда мемлекет, салық органдары арқылы, заңнамамен көзделген мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануға хақылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналарының салушысы мен жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың тараптары болып табылады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт орындалуы мiндеттi шарттар түрiне жатады, тараптардың мiндетi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның талаптарымен көзделедi. Конституцияда
(28-баптың 1-тармағы) және соған сәйкес қабылданған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңда белгiленген шарттар болған кезде салымшылар ала алатын зейнетақы осы шарттың нысаны болып табылады.
Салымшының жеке зейнетақы шотында ескерiп отыратын зейнетақы жинақтары оның меншiгi болып табылады, бiрақ, Конституцияның 6-бабы 2-тармағының және 28-бабы 1-тармағының талаптарына орай, салымшы заңға сәйкес зейнетақы алуға құқық беретiн белгiлi бiр заңдық фактi туындағанға дейiн уақытша зейнетақы жинақтарына билiк ете алмайды және оларды пайдалана алмайды. Бұл қаражат зейнетақы туралы заңнамаға сәйкес азаматтың иелiгiне өткен кезде ғана, жинақтаушы шоттардағы зейнетақы жинақтарына толық меншiк құқығы пайда болады.
3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады, бұл Негiзгi Заңның 12-бабының 4-тармағына сай келедi. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде шетелдiк азамат пен азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылу құқығынан айрылады. Осылайша, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның
2-бабында бекiтiлген зейнетақы кепiлдiктерiнiң бұл адамдарға қатысты қолданылуы тоқтатылады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру осы аталған кепiлдiктер таралуының қажеттi шарты болып табылады. Бұл, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен кезде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың тоқтатылатынын бiлдiредi. Егер зейнетақы төлемдерiн алу – шарттың талаптарын орындау болса, онда қайтарып алу – шартты мерзiмiнен бұрын бұзу болып табылады.
Конституцияның 28-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға ең төменгi зейнетақының мөлшерiне кепiлдiк берiледi. Өзге мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының зейнетақы туралы заңдарымен белгiленген зейнетақы жасына келiп, бұл адамдардың республиканың зейнетақы қорларында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, егер республиканың заңдарында немесе халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы оларды ең төменгi зейнетақы мөлшерiмен қамтамасыз етпейдi.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында және
27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында, салымшылардың зейнетақы жинақтарын алып қоюы мәселелерi заңнамамен реттелуге тиiс деп көзделген. Осы норманы дамыту мақсатында қабылданған Ереже зейнетақы жинақтары алып қойылатын жағдайлардың толық тiзбесiн көздейдi. Ережеде мұндай зейнетақы жинақтарын алып қоюға салымшылардың – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың ғана құқылы екендiгi көзделген. Тиiсiнше олардың Қазақстаннан тыс жерлерге кетуi, республикамен, зейнетақы туралы заңнамадан келiп туындайтын, құқықтық қатынастарды тоқтатуға негiз болып табылады.
Республика азаматы, республика Конституциясының
21-бабында бекiтiлген өзiнiң құқықтарын жүзеге асыра отырып, тұрақты тұру үшiн Республикадан тыс жерлерге кете алады. Бұл ретте, егер ол зейнетақы жинақтарының бәрiн алып қойған жағдайда, Қазақстан мемлекетi үшiн жоғарыда аталған зейнетақымен қамсыздандырудың конституциялық кепiлдiктерiн толық көлемде қамтамасыз ету мүмкiн болмай қалады. Конституцияда және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңда белгiленген шарттар (жасы
және т.б.) туындағанға дейiн, республика азаматтарының зейнетақы жинақтарын сақтап қалу олардың меншiк құқығына нұқсан келтiрмейдi, керiсiнше, әлеуметтiк құқықтарға кепiлдiктi күшейте түседi. Сондықтан, бұл жағдайда Конституцияның 26-бабының
2-тармағымен көзделген құқықты шектеу туралы сөз болып отырған жоқ. Негiзгi Заңның 14-бабында бекiтiлген құқықтар мен бостандықтарға да бұл жерде нұқсан келтiрiлмейдi.
Сол арқылы, өз азаматтарының алдындағы конституциялық мiндеттерiн орындай отырып, Қазақстан Республикасы шетелдiктер мeн азаматтығы жоқ адамдардың республика Конституциясы мен заңнамасында бекiтiлген әлеуметтiк құқықтарын да сақтау үшiн құқықтық шаралардың белгiлi бiр жүйесiн қалыптастырады.
Конституцияның нормаларына жүйелi түрде талдау жасау, зейнетақымен қамсыздандырудың негiзгi мәселелерi меншiк құқығымен тығыз байланысты деген ұйғарым жасауға мүмкiндiк бередi. 39-баптың 3-тармағының ережелерiн, жоғарыда көрсетiлгенiндей, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара құқықтары мен мiндеттерiн шешу мәтiнiнде түсiнген жөн.
Жоғарыда баяндалғанның бәрi де, зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты мәселелер Конституцияның өзiмен регламенттелген және зейнетақы туралы заңнаманың қаралып отырған нормаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабына сәйкес еместiгi туралы мәселе туындамайды, деген ұйғарым жасауға мүмкiндiк бередi.
Осылайша, Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661 қаулысымен бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң"
4-тармағының 1) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 және 39-баптарына қайшы келмейдi деп есептейдi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33 және 37-баптарын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 661 қаулысымен бекiтiлген, "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнiң" 4-тармағының 1) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 4 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, A.К. Кoтoв, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi – Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқық басқармасының бөлiм меңгерушiсi М.А. Пакирдиновтiң,
Республика Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары Н.Ш. Жолдасбаева мен Ә.Қ. Бәкiрдiң,
Республика Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,
Республика Ақпарат вице-министрi А.Д. Досжанның,
Республика Әдiлет вице-министрi С.М. Бекбосыновтың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованы, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Парламентi 2004 жылғы 18 наурызда қабылдап, 2004 жылғы 25 наурызда Республика Президентiнiң қол қоюына берген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы
1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Мемлекет басшысы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтiнiш енгiзген.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Республиканың Заңын (бұдан әрi – Заң) конституциялылығы тұрғысында қарай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Конституциясының , бұқаралық ақпарат құралдарының қызметi аясындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге негiз етiп алынуға тиiс, мынадай ережелерiн негiзге алды:
1) жалпы ережелер (1, 7 және өзге де баптары);
2) адамның және азаматтың бұқаралық ақпарат құралдары саласына қатысты қолданыстағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын реттейтiн нормалар (12, 13, 18, 20, 39 және өзге
де баптары);
3) соттардың қызметi және олардың сот төрелiгiн жүзеге асыруы мәселелерiн регламенттейтiн нормалар (75-77-баптар);
4) Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесiн реттейтiн нормалар (45, 61, 66-баптар).
Сондай-ақ, Конституциялық Кеңестiң нормативтiк қаулыларында тұжырымдалған, Республика Конституциясынан келiп туындайтын құқықтық позициясы назарға алынды.
1. Республика Конституциясының 20-бабының 1-тармағы сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк бередi, ол өз пiкiрiн, көзқарастарын, сенiмдерiн, идеяларын әр түрде және нысанда, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еркiн бiлдiру құқығын көздейдi. Бұл конституциялық ережелердi iске асыру, әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқықтық мүмкiндiгiн реттейтiн заңмен, сондай-ақ цензураға тыйым салынумен қамтамасыз етiледi (Конституцияның 20-бабының 1 және 2-тармақтары).
Конституцияның 20-бабы 1 және 2-тармақтарының ережелерiне сәйкес келетiн, Заңның 3-бабы 1 және
2-тармақтарының, сондай-ақ Заңның бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiне заңсыз араласуға жол бермейтiн
7-бабының нормалары сөз бостандығына деген конституциялық құқықтың кепiлдiгi болып табылады. Бұл орайда, Заңның 3-бабының 3-тармағында "мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi", – деп көзделген. Бұл норма Конституцияның 18-бабы 3-тармағының мазмұнын сөзбе-сөз қайталайды.
Республика Конституциясының 7-бабына сай "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi" (1-тармақ), бұл ретте "мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды" (3-тармақ). Заңның бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi мәселелерiн реттейтiн
6-бабының нормасы осы конституциялық ережелерге сәйкес келедi. Бұқаралық ақпарат құралының телевизия және радио хабарларының мемлекеттiк тiлдегi апталық көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлдегi хабарларды хабар таратудың тәулiктiк кестесiне бiркелкi орналастыру туралы талаптардың белгiленуi басқа тiлдердiң мәртебесiне нұқсан келтiрмейдi, өйткенi ол Негiзгi Заңның 7-бабында бекiтiлген жалпы ережелер мен принциптердi iске асыруға бағытталған.
Заңның 4-бабының 4-тармағында көзделген, бұқаралық ақпарат құралдарында сот iсi нәтижелерiн алдын-ала кесiп-пiшуге тыйым салу Негiзгi Заңның 77-бабы 1 және 2-тармақтарының,
3-тармағы 1) тармақшасының талаптары орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы
5 тамыздағы N 5 қаулысына сай, судьяның тәуелсiздiгi және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмеу принциптерi, нақты iс бойынша шешiм шығарылғанға дейiн, соттың Конституция мен заңдарға негiзделген, объективтi және бейтарап сот төрелiгiн iске асыруына кедергi келтiру мақсатында сотқа кiмнiң де болсын тарапынан кез келген түрдегi заңсыз ықпал етуiне жол берiлмейтiнiн бiлдiредi.
Заңның 9-бабының 2-тармағында және 10-бабы
5-тармағының 1) тармақшасында, Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi-заңды тұлғаның немесе осы саладағы қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлғаның акцияларының (үлесiнiң, пайызының) жиынтық түрде жиырма проценттен астамын шетелдiктердiң және шетелдiк заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы) болып тағайындалуына (сайлануына) тыйым салатын шектеулер белгiленген. Бұл шектеулер Республика Конституциясына қайшы келмейдi, өйткенi оның 12-бабында
(4-тармақ) Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады деп көзделген. Бұл тұрғыда Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы
1 желтоқсандағы N 12 қаулысында мынадай құқықтық позиция бар: Конституция азаматтар, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар үшiн олар пайдалана алатын құқықтар мен бостандықтардың әртүрлi көлемiн, және оларға жүктелетiн мiндеттердiң әртүрлi көлемiн белгiлейдi, бұл ретте шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн шектелген конституциялық-құқықтық мәртебе көзделген.
Сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығын шектеудiң мүмкiндiгi мен шарттары, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1966 жылғы
19 желтоқсанда қабылдап, оған Қазақстан Республикасы қосылған, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактiмен де көзделген. Аталған құжаттың 19-бабының 2-тармағына сай "әрбiр адам өзiнiң көзқарасын еркiн бiлдiруге құқылы; бұл құқық, мемлекеттiк шекараларға қарамай, кез келген ақпарат пен идеяларды ауызша, жазбаша немесе баспасөз не өз ойын бiлдiрудiң көркемдiк нысандары арқылы, не болмаса өзiнiң таңдауы бойынша өзге тәсiлдермен iздеу, алу және тарату құқығын қамтиды". Сол баптың 3-тармағына сай "осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды пайдалану айрықша мiндет пен айрықша жауапкершiлiк жүктейдi. Ол, демек, кейбiр шектеулермен байланысты болуы мүмкiн, алайда, ол шектеулер заңмен белгiленуi және мына реттерде: а) басқа адамдардың құқықтары мен беделiн құрметтеу үшiн; b) мемлекет қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау үшiн қажет болып табылуы керек". Халықаралық Пактiнiң 20-бабының 1 және
2-тармақтарына сәйкес "соғысты насихаттаудың барлық түрiне заңмен тыйым салынуға тиiс. Ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни өшпендiлiктi көздей отырып, кемсiтуге, араздыққа немесе зорлыққа айдап салу түрiндегi кез келген сөздер айтуға заңмен тыйым салынуға тиiс". Пактiнiң бұл аталған ережелерi Заңның 4, 15, 17,
31-баптарының нормаларында тиiстi көрiнiсiн тапқан.
Заңның 30-32-баптары журналистiң өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруы үшiн қажеттi құқықтары кешенiн, сондай-ақ журналистiң арнайы мәртебесiн айқындайды. Мемлекет қоғамға пайдалы мақсаттарды көздеп жүрген тұлға ретiнде журналистiң кәсiби қызметiн жүзеге асыруына байланысты оның ар-намысын, қадiр-қасиетiн, денсаулығын, өмiрiн және мүлкiн қорғауға кепiлдiк бередi (Заңның 30-бабының 2-тармағы). Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистiң қызметi жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiне байланысты болғандықтан, Заңда журналистiң мiндеттерiн, оның iшiнде шындыққа сәйкес келмейтiн ақпарат таратуға тыйым салатын бөлiгiндегi мiндеттерiн белгiлейтiн, және олардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеудi талап ететiн ережелер берiлген (Заңның 31-бабының 2) және
4) тармақшалары), ол Конституцияның "адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс",– делiнетiн 12-бабы 5-тармағының нормаларына сәйкес келедi.
2. Заңды қабылдау процедурасы Республика Конституциясының ережелерiне сәйкес келедi. Заңның жобасын Конституцияның 61-бабының 1-тармағы және 66-бабының
3) тармақшасы негiзiнде Yкiмет Парламент Мәжiлiсiне енгiзген. Одан әрi заң жобасын Парламент Палаталарының әрбiрi қарап, Негiзгi Заңның 61-бабы 3-6-тармақтарының талаптары шеңберiнде қабылдаған болатын. Конституцияның 45-бабының 3-тармағына сәйкес Заңға Республика Парламентi Мәжiлiсi мен Сенаты Төрағаларының қолдары қойылып тиянақталған.
3. Сонымен бiрге, талдау көрсеткенiндей, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Республика Заңының кейбiр нормалары Республика Конституциясының жекелеген ережелерiмен келiспейдi.
Мәселен, Республика Конституциясының 20-бабының
2-тармағында "әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар", – деп бекiтiлген. Бұл нормадан келiп шығатыны, осы аталған құқыққа конституциялық-құқықтық қатынастардың барлық субъектiлерi ие. Бұл Республика Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылғы
1 желтоқсандағы N 12 қаулысымен расталады, ол қаулыға сәйкес "Конституция "Қазақстан Республикасының азаматы", "әрбiр", "бәрi", "шетелдiктер" және "азаматтығы жоқ адамдар" деген ұғымдарды пайдалана отырып, адамның құқықтық мәртебесiн саралайды. Бұл орайда, Конституцияның мәтiнiнде "әрбiрi" және "бәрi" туралы айтылған кезде, Республика азаматы да, Республика азаматтығына ие емес адамдар да назарда ұсталады деп түсiнген жөн".
Заңның кiрiспесi болса "Заң Қазақстан Республикасының Конституциясы белгiлеген және кепiлдiк берген азаматтардың сөз бостандығы, ақпаратты алу мен тарату құқығын қамтамасыз етедi", – деп бекiтедi. Конституциялық Кеңес, "азамат" ұғымын пайдалану Заңның қолданылу аясын тарылтады және оның кiрiспесiнiң мазмұны Республика Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес келмеуiне әкеп соқтырады деп есептейдi.
Заңның терiске шығару құқығын тек Республика азаматтарына ғана беретiн 29-бабы 1, 4 және 5-тармақтарының нормалары да Негiзгi Заңның жоғарыда аталған ережелерiне, сондай-ақ Конституцияның 18-бабы 1-тармағының талаптарына ("әркiмнiң жеке өмiрiне, өзiнiң және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар") сәйкес емес.
Заңның 5-бабының 1) тармақшасында, "сөз бостандығы, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен ақпарат алу және тарату еркiндiгi" бұқаралық ақпарат құралдары қызметiнiң негiзгi принципi ретiнде көзделген. Заңның бұл нормалары сөз бостандығын, еркiн ақпарат алу және тарату құқығын заңмен ғана емес, заңдық күшi одан аз нормативтiк құқықтық актiлермен де шектеуге жол бередi, бұл Конституцияның 20-бабы 2-тармағының талаптарына ("әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар") және Конституцияның заңсыз норма шығармашылығынан қорғау кепiлдiгiн көздейтiн 39-бабы
1-тармағының талаптарына ("адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңмен шектелуi мүмкiн") қайшы келедi.
Заңда көзделген, сөз бостандығына деген конституциялық құқықты шектеудiң реттерi iшiнде, телевизия және радио хабарларын таратуды ұйымдастыру қызметiне берiлген лицензияны қайтарып алу, бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктi жарамсыз деп тану сот тәртiбiмен жүргiзiледi (24-баптың
4-тармағы, 12-баптың 11-тармағы), бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктi қайтарып алу болса, Заңның 8-бабының 4) тармақшасынан көрiнiп тұрғанындай, бұқаралық ақпарат құралы саласындағы уәкiлеттi органның шешiмi бойынша iске асырылуы мүмкiн. Бұл аталған шара айрықша болғандықтан, оны сот қана қолдануға тиiс, бұл "сот билiгi Республика Конституциясының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады",– деп көздейтiн Республика Конституциясының 76-бабының
2-тармағынан келiп туындайды. Бұл Конституциялық Кеңестiң
1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2 нормативтiк қаулысында бар мынадай: "заң негiзiнде адамның және азаматтың кейбiр конституциялық құқықтарын шектеуге жол беретiн шешiмдер, ... қабылдауға сотқа құқық берiлген" – деген құқықтық позициямен расталады.
Сол арқылы, уәкiлеттi органға бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктi қайтарып алуға мүмкiндiк беретiн Заңның 8-бабының 4-тармағын, Конституцияның сөз бостандығына деген конституциялық құқықты қамтамасыз ету кепiлдiктерi келiп туындайтын жалпы ережелерiне, принциптерi мен нормаларына
(1-баптың 1-тармағы, 12-баптың 1-тармағы, 13-баптың 2-тармағы, 20-баптың 1-тармағы, 75-баптың 1-тармағы, 76-баптың 2-тармағы) қайшы келедi деп есептеген жөн.
Осылайша, Республика Конституциялық Кеңесi, Республика Парламентi 2004 жылғы 18 наурызда қабылдап, 2004 жылғы
25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына берген "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, бiрқатар ережелерi мен нормалары бойынша Республика Конституциясына сәйкес емес деп есептейдi.
Конституциялық Кеңес Заңда сондай-ақ заң техникасы мәселелерiне қатысты жекелеген кемшiлiктер бар екенiн атап өтедi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 31-33 және 37-баптарын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
Достарыңызбен бөлісу: |