2. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге
де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген
жағдайларда қылмыстық сот
iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
2007.21.05.
№ 254-III
ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.
ред
. қара)
3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың
жергілікті және
басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
4. Республиканың сот жүйесi Республика Конституциясымен және конституциялық
заңмен белгiленедi. Қандай да бiр атаумен арнаулы және
төтенше соттарды құруға жол
берiлмейдi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2006.14.04. № 1
қаулысымен
берілген түсініктемені
қараңыз
76-
бап
1. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды,
Республиканың
Конституциясының,
заңдарының, өзге де
нормативтiк құқықтық
актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
2. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк
құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен
дауларға қолданылады.
3. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл
аумағында мiндеттi күшi болады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 22.03.99 ж. № 7/2; 20.12.00 ж. № 21/2
қаулыларымен
берілген түсініктемелерді қараңыз
Достарыңызбен бөлісу: