Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет31/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk
Konaev D
58-
бап
1. Палаталарды мемлекеттік тiлдi еркiн
меңгерген өз депутаттарының арасынан 
Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жасырын дауыс беру арқылы 
Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметiне 
кандидатураны Қазақстан Республикасының Президентi ұсынады. Мәжіліс Төрағасының 
қызметiне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. 
20 


2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталардың депутаттары жалпы 
санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай
-
ақ 
олар өз еркiмен орнынан түсуге хақылы. 
3. Парламент Палаталарының төрағалары: 
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi; 
2) Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық 
жасайды; 
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға 
кандидатуралар ұсынады; 
4) Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi; 
5) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды; 
6) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды; 
2007.21.05. 

 254-III
 
ҚР Заңымен (бұр. 
ред
. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
 
(2022 ж. 
22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми 
хабарлама жарияланды) (
бұр.ред.қара
) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, 
Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар 
ұсынады; 
8) өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады. 
4. Мәжіліс Төрағасы: 
1) Парламент сессияларын ашады; 
2) Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi 
және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етед
i.
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет