Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет32/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk
Konaev D
59-
бап
1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары 
түрiнде өткiзiледi. 
2. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау 
қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады. 
3. Парламенттiң кезектi сессиялары жылына бiр рет қыркүйектiң бiрiншi жұмыс 
күнiнен маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi. 
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. 
ред
. қара) 
4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен 
Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы 
кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе 
Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен 
Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз 
болған мәселелер ғана
қаралады. 
5. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының 
жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда өткiзiледi. 
6. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. 
Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. Республика 
Президентінің, Премьер
-
Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының
Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға 
қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар
.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 14.07.99 ж. № 13/2; 30.06.99 ж. № 14/2 қаулысымен 
берілген түсініктемені қараңыз 
60-
бап
1. Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. 
21 


2. Палаталардың бiрлескен қызметтерiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен 
Мәжіліс тепе
-
тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы. 
3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар 
шығарады. 
4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi және қызметiн 
ұйымдастыру тәртібі
заңмен белгiленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет