Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат



бет19/36
Дата05.11.2016
өлшемі7,94 Mb.
#574
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36

Қазақ хандығының хандары.


Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген.

Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген.

Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.

Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген.

Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген.

Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.

Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.

Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.

Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.

Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.

Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.

Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.

Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.

Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.

Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.

Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.

Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.

Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.

Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.

Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.

Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.

Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.


Ұлы жүз билеушілері


Жолбарыс хан, Тұрсын сұлтан II ұлы, (Шығай ханның Аман-Бұлан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1715—1718 жылдары билеген.

Есім сұлтан, Сәмеке хан ұлы, Тәуке хан немересі 1750—1798 жылдары билеген.

Әбілфайыз хан, Әбілмәмбет хан ұлы, 1771—1783 жылдары билеген.

Орта жүз билеушілері


Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.

Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.

Сәмеке хан, Тәуке хан ұлы, 1719—1734 жылдары билеген.

Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.

Күшік сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, (Шығай ханның Ондан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.

Барақ сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, 1731—1748(1750)? жылдары билеген.

Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.

Уәли хан(1741—1819), Абылай хан ұлы, 1781—1819 жылдары билеген.

Дайра хан, Барақ сұлтан ұлы, 1781—1784 жылдары билеген.

Бөкей хан, Барақ сұлтан ұлы, 1815—1817 жылдары билеген.

Шыңғыс сұлтан, Бөкей хан ұлы, (Барақ сұлтан немересі) 1819—1822 жылдары билеген.

Ғұбайдолла хан, Уәли хан ұлы, 1821—1824 жылдары билеген.

Кене хан(1802—1847), Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.

Кіші жүз билеушілері

Ресей Империясы тағайындаған хандар


Әбілқайыр хан, Қажы сұлтан ұлы, (Әз-Жәнібек ханның Сөк сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.

Нұралы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1748—1786 жылдары билеген.

Жармұхамбет хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1786—1791 жылдары билеген.

Ералы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1791—1794 жылдары билеген.

Есім хан, Нұралы хан ұлы, 1796—1797 жылдары билеген.

Айшуақ хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1797—1806 жылдары билеген.

Жантөре хан, Айшуақ хан ұлы, 1806—1810 жылдары билеген.

Шерғазы хан, Айшуақ хан ұлы, 1812—1824 жылдары билеген.


Халық таңдаған билеушілер (Маңғыстау өңірі)


Батыр хан, Қайып хан ұлы, 1748—1785 жылдары билеген.

Әбілғазы хан, Батыр хан ұлы, 1791—1806 жылдары билеген.

Қаратай хан, Нұралы хан ұлы, 1806—1816 жылдары билеген.

Арынғазы хан, Әбілғазы хан ұлы, 1816—1821 жылдары билеген.


Бөкей Ордасы билеушілері.


Бөкей хан, Нұралы хан ұлы, 1800—1815 жылдары билеген.

Шығай хан, Нұралы хан ұлы, 1815—1823 жылдары уақытша билеген.



Жәңгір хан, Бөкей хан ұлы, 1824—1845 жылдары билеген.

Сайып-Керей хан, Жәңгір хан ұлы, 1845—1847 жылдары билеген



Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары.

КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ.

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаты:

1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.

2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын

жеңу.


3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың

мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.

4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.

5. Ханның ең басты мақсаты – жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілқайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын. 1730 жыл – Кіші жүз билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда хан 1730 жылғы қыркүйекте петербургке аттандырылған елшілеріне әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1717-20 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызды. Жалпы Ресей империясының Қазақстанды отарлауының мынадай негізгі кезеңдерін атауға болады: ХҮІ ғасырдан бастап әрқилы босқындар, қашқын казактардан құрылған отрядтардың еркін, қалай болса солай отарлауы өріс алды. ХҮІІ ғ. Бастап сауда -өнеркәсіп капиталының бейімдеуімен әскери-әкімшілік отарлау жүзеге асырылды. ХІХ ғ. аяғынан - ХХ ғ. басына дейін көші –қон бағытындағы отарлау. ХУІІ ғасырдан ХХ ғасырға дейін созылған рухани- идеологиялық отарлау.

Патша үкіметінің мақсаты – қазақ- жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу. 1731 жылғы 19 ақпан – елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралыұсынысын императрица Анна иоанновна қабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанымен, бұл қарсылық сәтсіз аяқталды. 1731 жылғы 10 қазан – кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. 1733-34 жылдары- Оңтүстік қазақстанның ықпалды билері мен сұлтандары Ресей құрамына кіруге тілек білдірді. 1734 жылы 10 маусы императрица Анна Иоанновна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды. Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734жылы Сенаттың бас хатшысы И.К.Кириллов басқарған арнайы экспедиция жабдықтады. Экспедицияның мақсаты: Ор өзенiнiң бойына бекiнiс тұрғызу, Орта Азияның хандықтарымен керуен саудасын кеңейту,табиғат байлықтарын игеру, Сырдария бойына қала тұрғызып, бiртiндеп өзен флотилиясын ұйымдастыру болды. Барлық мақсат орындалған жоқ, тек 1735 жылы Ор бекiнiсi салынды. 1735-1737 жылдары башқұрт халқының азаттық көтерiлiсiн басуда Кiшi жүз жасақтарын пайдаланды. Алайда Әбiлхайырдың башқұрт билеушiлерiмен ауыз жаласып кетуiнен қорыққан орыс үкiметi оның бiр ұлын аманатқа беруге мәжбүр еттi. 1738 жылы тамыз айында Орынбор комиссиясының басшысы В. Татищев қазақ сұлтандарының съезін өткізді: Кiшi жүзден 25, Орта жүзден 27 старшина Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді.

Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіру, жаулап алу, отарлау


Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете түсті. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірді. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті.

Ресейдің орта азия хандықтарымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты Иван IV Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Сібірдің Оңтүстік-Батысын1 жаулап алуы, Қам сауда жолдарын салу Қазақ хандықтарымен тікелей байланысқа түсуді жеңілдетті. Ресей мемлекетінің Қазақстанға деген қызығушылығы орнатқаннан кейін, XVI ғасырдың 2-жартысында ерекше өсті.

Қазақстан арқылы орта азия хандықтарымен транзиттік сауда жолдарын дамытуға мүдделі және көпестік керуендердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге тырысқан Ресей мемлекеті Қазақ хандығының көршілес елдермен саяси жағдай және өзара қарым-қатынас жасауына нақты мүдделер білдірді. Мәскеу патшалары қазақ хандықтарымен тікелей байланыс жасауды орнатуға ұмтылды. Бұл жерде елшілік байланыстар үлкен рөл атқарды.1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілді. Елшілердің міндеті қазақтармен сауда жасуды қалыпқа келтіру болды. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстанның шегіне жете алмады, себебі сібірлік Кучум Маметқұл ханның рулары оларды талқандар тастады. 1577 жылы Ноғай Ордасынан оралып келе жатқан орыс елшісі Борис Доможиров, ол кездегі ноғайларға қоқан-лоққы көрсеткен және Ташкентпен және Үргенчпен байланыста болған қазақ хандығы «әлемдегі патша және ұлы князь» екендігіне көз жеткізді. 1594 жылы Мәскеуге 1-ші қазақ елшісі келді. Тәуекел Құл-Мұхаммед ханның елшісі оның Мәскеуде «аманат» ретінде қалдырылған немересі Ораз-Мұхаммедті босату және Орыс үкіметімен достық келісім-шарт бекіту туралы тапсырмамен келген болатын. Бұдан басқа, ол Борис Годунов арқылы көршілес және жауласып жатқан феодал хандықтарына қарсы күресу үшін «жалынды шайқасқа» қол жеткізуге міндетті еді. Орыс ханының Тәуекел ханға берген кері грамотасында «жалынды шайқасқа шығу» және қазақтарды олардың барлық қарсыластарынан «қорғау» туралы сөз берілген болатын. XV-XVI ғаысрдың аяғында экономикалық және саяси дамуда айтарлықтай жетістіктерге  қол жеткізген Ресей мемлекеті саяси мақсаттарға ие бола отырып, шығыс шет елдің саудасын марапаттады. 1574 жылы 30 мамырда Яковқа және Григорий Строгановқа Иван Грозныйдың сыйлыққа берген грамотасында Қазақстан және Орта Азия елдерімен сауда жасауға рұқсат етілген.

Сауда-экономикалық байланыста екі тарапта бірдей мүдделі болды. Сауда айланымы арқылы қазақтар үй дағдысының заттарын, оқ қаруларын сатып алды, ал орыстар олардан әртүрлі шикізаттар, малдар алды. Орыс мемлекетіне Кучум руларына қарсы күресу үшін одақтар, Қазақстан аумағы арқылы өтетін керуен маршруттарына қауіпсіздік, Орта Азия нарығына кедергісіз шығу қажет болды. Өз кезегінде, Орта Азия хандықтарынан үнемі жоқшылыққа ұшырататын шабуылға тап болатын қазақтар Мәскеумен байланысты кеңейтуге мүдделі болды. Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен сауда байланысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Орыс мемлекеті жер аударушылармен, көпестермен, елшілермен және әскери жасақтармен бірге Қазақстанға іргелес жатқан шекараға бекітілген бекініс-бекеттерін қарқынды түрде салуды бастады.

Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Батыс Сібір аумағындағы орыстардың алғашқы қаласы «Үлкен Обск Қалашығы» болды, ол Ертіс өзені құйылатын Обь өзенінің оң жағалауында орналасты. Өзінің аз уақыт ішіндегі тіршілігінде (1594 жылы құлатылды) орыс әскери жасақтарының Сібірге және Қазақстан шекарасына терең енуіне қызмет етті. Содан соң Тюмень (1586), Тобыл (1594), Томск (1604) қалалары салынды.

Жоңғар хандығының өмірге келуі (1635) Орта Азияға маңызды өзгерістер алып келді. Феодалдық топтарды басқаруға мүддесін білдірген, болашақтағы көреген саясаткер Тәуке хан өз мемлекетінің шекарасын үнемі нығайтуға ұмтылды. Тәукенің Ресейге деген мейірімділігі, оның Ресеймен байланысты қолдай отырып, Қазақстанның жағдайын жетілдіруге әрекет етуімен байланысты болды. 1687 жылы Тобылға Ташим батыр басшылық еткен қазақ елшісі жіберіліп, оған Қазақстанға орыс көпестерін шақыру тапсырылды. Миссия құрамына Сібір қаласы арқылы Орыс мемлекетімен экономикалық байланыс үшін жерді есептеуге дағдыланған қазақ саудагерлері кірді. 1689 – 1960 жылдардың басында Тобылға Тұман батыр басшылық еткен өзге елші жіберілді. Алайда, ол байланыстар заңды ресімделмеген, нақты екіжақты қол жетімді келісімдерге қол қойылмаған еді, сондықтан бір тараптан, яғни қазақ иеленушілерінің хандықтың тәуелсіз жағдайын сақтап қалуына ұмтылуы, екінші тараптан – польша және түрік істерімен жұмыс істейтін Ресей ережесі келісілді. Қазақ хандығының ішкі жай-күйі де, оның Ресеймен сыртқы экономикалық қарым-қатынасты қалыпты дамытуға қолайлы жағдай туғызбады.

Қазақтың Хақ-Назар, Тәуке және бас да хандарының ірі орталықтандырылған мемлекет құруға ұмтылуы, нәтижесінде табысты болып аяқталмады. Жүздердің арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстарының болмауы, қазақ феодалдарының өзара күресуі агрессивті көршілерін марапаттады, қазақ халқы орасан зор апатқа және жоқшылыққа ұшырады. «XVIII ғасырдың бірінші онжылдығы – қазақ халқы үшін үрейлі уақыт болды. Жоңғарлар, қасқыр қалмақтар, казактар және башқұрттар әр тараптан олардың ұлыстарын талқандады, малдарын айдап әкетті және толық отбасымен бірге құлшылыққа алып кетті2 – деп жазады Ш. Уәлиханов». Оңтүстіктен Қазақстанның аумағын тартып алуға тырысқан ортаазиялық хандықтар шабуылдады. Алайда ең қауіпті жауы Жоңғарлар болды, олар Қазақ феодал мемлекетінің өмірі үшін шынайы қауіп төндірді.

Цэван-Рабдан және оның немересі Ғалден-Цэрен басқарған жылдары Жоңғар хандығының, оның Орта Азия елдерінің өміріндегі белсенді рөлі ең құдіретті кезеңдер болды3. Цэван-Рабданның ең ірі актісі қазақтың Тәуке ханымен шайқасуы болды. Қазақ хандығы қосымша жайылым пайдаланатын жерлерге мұқтаж болды, алай бос жерлер таба алмады. Жер тар болды, алайда ең басты мебеп әскери қақтығыс болған жоқ. Феодалдық топтардың әрбір тараптан сауда жолдарына бақылау орнатуы, қарсыластарының байлықтарымен күн көру маңызды ұмтылысқа ие болды.

Егер Ресейге қатысты жоңғар басқарушылары аңдыған көзқарасты қамтыса, ал қазақ рулары үшін өздерінің агрресивті дағдыларын жасырмады. Солтүстік-шығыс шекараларындағы тартысты жағдай қазақ хандықтарын және сұлтандарын I Петрдің үкіметімен келіссөздер жүргізуге және Сібір шекара билігі арқылы Ресеймен одақтаса отырып өздерінің Жоңғарлармен соғысу пиғылын білдіруге мәжбүр етті.

1717 жылы қазақтың кейбір көшбасшы сұлтандары Қайып және Әбілхайыр, қазақ руларындағы сыртқы саяси жағдайлардың қиындығын және сыртқы қарсыластар тарапынан нақты қауіпті ескере отырып, әскери одақ құру туралы I Петрге жүгінді. Соңғысы, Швециямен соғыста және ішкі ырың-жырың және қазақ руларындағы өзара жанжал туралы мәліметтерге ие бола отырып, «қазақтардың ісімен» араласуға табандылық танытпады, тек қана Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды бақылауды жалғастырды. I Петрдің Ресей мемлекетінің құрамында қырғыз-қайсақ ордасының болуын қалауы, өзінің мемлекетінің шекарасын кеңейтумен ғана емес, сонымен қатар Ресейдің шығыс шекарасын қауіпсіздендіруге ұмтылу болды4. I Петрдің жеке өкімі бойынша Жоғарғы-Ертіс желісін қамтыған Ямышев (1716), Омбы (1716), Железинская (1917), Семей (1718), Өскемен, Коряков (1720) әскери-инженерлік имараттары және басқа да іскери-қорғаныс бекеттері салынды.

I Петрдің жеке өкімі бойынша құрылған Жоғарғы-Ертіс желісін қамтыған Ямышев (1716), Омбы (1716), Железинская (1917), Семей (1718), Өскемен, Коряков (1720) әскери-инженерлік имараттары және басқа да іскери-қорғаныс бекеттері қазақтарды жоңғар әскерлерінің жойқын шапқыншылығынан қорғауда маңызды рөл атқарды. Артиллериялардың болуы және жақсы оқытылған жиі бөлімшелер жоңғар фиодалдарын тікелей әскери қимылдардан қалыс қалуға мәжбүрледі

Жоңғарлардың басып кіруінен (1681-1684, 1694, 1711-1712, 1714-1717) дәстүрлі жағдайлар және көшіп-қону жолдары және жалпы алғанда көшіп-қону жүйесі толықтай бұзылды. Бұл ішкі қарама-қайшылықты және алауыздықты, жайылым жерлер үшін феодалдардың күресін, рулар арасындағы қақтығыстарды, мол су мен шөптер есебінен шешуге мүмкін болатын соғыстарды, тиісінше Ресей шекарасында қауіпсіз көшіп-қонуды асқындырып жіберді.

Алайда, Кіші жүздегі қазақтардың бір бөлігінің Ресей бодандығын жеделдетіп қабылдауын айқындайтын жағдайлар жоңғар феодалдарының басқыншылығы болып табылды. Ақтабан шұбырынды (1723-1727) аштықты, азап шегуді, материалдық құндылықтарының құлдырауын, өндірістік күштердің орны толмас шығындарын бастан кешірді. Қазақ рулары жоңғар әскерлерінің қыспағынан орныққан орындарын ғасырлар бойы тастап кетуге мәжбүр болды, ол өз кезегінде қазақтардың іргелес аудандарға қайта көшуіне әкеп соқтырды5.

Жалпы Қазақстан бойынша қолайсыз жағдайларға қарамастан, жоңғар басқыншыларының тегеурініне моңғол шапқыншыларының уақыт өте келе болмаған көрсеткіштеріндегі шешуші рөлге ие болған қазақ халқы кейде айбынды жеңістерге қол жеткізді6. Қазақ батырларының жасақтары жиі-жиі жауларының күшін ығыстырып, жоңғарлардың жақын орналасқан көшіп-қонатын аумақтарына басып кірді, ірі көлемдегі құлдарын көп ұстады. Ірі соғыстың бірі 1726 жылы Қара-Сайыр жеріндегі Бұланды өзенінің жағасында орын алды. Қазақ әскерлері бұл жерде жоңғар тайпаларына елеулі жеңлңстер келтірді. Қырғын болған жер «Қалмақ-қырылған» деп аталды.

1729 жылы Аңырақай жеріндегі7 Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында қазақ сарбаздары жоңғар жаулап алушыларымен қан төгісіп шайқасты, ол жерде біріккен үш жүз тамаша жеңіске жетті. Жаулап алушылардың әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай шегінді. Алайда бұл кезеңде қазақ жасақтарының көшбасшылары Болат ханның өлуіне байланысты билік үшін дауласты, ол ойраттардың әрекетін жеңілдетті және жоңғарлармен күресте қазақ халқын есепсіз құрбандық пен күшін жұмсауға алып келді.

Қазақтардың сыртқы саяси жағдайларының күрделілігі орын алған жағдайдан шығу жолдарын іздеуді талап етті. 1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Әбілхайыр ханнан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.

1731 жылы 5 қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр 1731 жылы 10 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді, жиынға жиналған қазақ старшиндарының басым бөлігі оның шешіміне пікір айтты8.

Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды.

Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының жан-жақты негіздерін теріске шығармай, Әбілхайырдың жеке көреген саясатын естен шығармау қажет, ол ресейлік әкімшілікке сүйене отырып, барлық саяси қарсыластарының көзқарасын әлсіретуді, жекеше билікке күресуде әлеуетті қарсыластарынан жоғары тұруға үміттенді. Әбілхайырдың және оның жақын серіктестері, беделді батырлар Бөкенбайдың, Жәнібектің, Есеттің және т.б. басты мақсаты барлық қазақ руларын біріктіру және Ресейдің формальды қамқоршылары арқылы орталықтандырылған мемлекет құру болды. Алайда, Кіші жүз ресейлік бодандықты қабылдаған соң Қазақстандағы жағдай күрделі болып қалды. Жоңғарлардың ойран салып басып кіру қаупі алынған жоқ.

Алайда Кіші жүз Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін де Қазақстандағы жағдай қиын қалпында қалды. Жоңғар жаулап алушыларының басып кіру қаупі шешілген жоқ. Бұл қиын жағдайда елді құтқарып қалу ісін халық өз қолына алды. Жоңғар агрессиялары жарқырап тұрған жылдары сұлтан Абылайдың қолбасшылық дарыны пайда болды. Бұл жағдайда да қазақ қоғамының әртүрлі сыныптағы оқиғалары өз алдына әртүрлі мақсаттар қойды. Көшпенді-мал шаруашылығымен еңбек ететіндер бейбітшілік пен жайылымды, қалпына келтіру және зиян келген шаруашылықты дамыту секілді нақты елдермен сауда жасауды, шексіз ауыр салықты және ұрлықты, жоқшылықты тоқтатуды қаласа, қалған қазақ феодалдары жеке көзқарасын жетілдіру мүмкіндігін іздеді, ал атақты Қазыбек, Төле, Әйтеке билер халықты бірлікке шақырды.

1732 жылы 24 қарашада Тевкелев өз міндетін аяқтап, Найзакескеннен кері жолға шықты. 1733 жылы 2 қаңтарда Әбілхайырдың Петербургке жіберген елшісімен Уфаға келді. Оның құрамында Әбілхайырдың ұлы сұлтан Ералы, ханның немере інісі сұлтан Нияз, старшиналар Шандыбай, Мырза Құдай-Назар, Мырзагелді батыр және т.б. болды. Петербургтегі келіссөздің нәтижесінде  Кіші Жүздің Ресей бодандығына кіруі ресми ресімделді.

Сонымен бірге, 1733-1734 жылдары Оңтүстік Қазақстанның кейбір билері мен беделді сұлтандары Ресей бодандығын қабылдауға деген ықыласын білдірді Анна Иоанновна патшайымның 1734 жылғы 10 маусымдағы Жарлығы үкіметтің Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы келісімін куәландырды. Алайда, оның Ресейден қашық орналасуы, сондай-ақ Жоңғарлармен қызба қарым-қатынаста болуы, 1740 жылы ресейлік бағдарды ұстап тұрған Жолбарыс ханды өлтіру бұл жоспардың жүзеге асуын ұзаққа жылжытты.



Жаңадан біріктірілген қазақ жерлеріндегі көзқарасты бекіту үшін 1734 жылы мамырда I Петрдің сыбайласы – Сенаттың обер-хатшысы И.К. Кириллов басқарған Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. А.И. Тевкелев оның көмекшісі болып бекітілді. Комиссияның міндетіне Ресейдің құрамына кірген жерлерді жан-жақты зерделеу, табиғи ресурстарды барлау, Орск бекінісінің имаратын салу, орыс және қазақ иеленушілерінің арасындағы жаңа шекараны анықтау кірді. Бірқатар себептер және ең алдымен 1734-1738 жылдарда Башқұрт көтерілісі Орынбор экспедициясының кеңейтілген жоспарын жүзеге асыруға кедергі жасады. 1735 жылы орыс-қазақ саяси және сауда өзара қарым-қатынасын дамытуда маңызды мағынаға ие Орынбор қаласының негізі қаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет