Сабақ тақырыбы: Отан соғысының



Дата21.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#169593
түріСабақ
Байланысты:
1-сабақ. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыстың басталуы (1)


Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы


Сабақ тақырыбы:

Отан соғысының басталуы
Жоңғар басқыншыларына қарсы

Қазақстан тарихы 7-сынып

Сабақтың мақсаты 2

§ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы

§ Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнерінің дереккөз ретіндегі құндылығын талдау

Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды?
Қазақ хандығының XVIII ғасырдың бас кезіндегі ішкі 3 жағдайы

Тәуке хан
Қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында саяси тұрақтылық орнады, ішкі алауыздық азайды.Елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды.

Қайып хан

Қазақ мемлекетінің бұынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады. Сұлтандардың аймақтық сепаратизмі күшейді, билік үшін талас-тартыс өршіді. Мұның өзі дәстүрлі Қазақ хандығын дағдарыс пен күйзеліске ұшыратты. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді.
Қазақ хандығының XVIII ғасырдың бас кезіндегі ішкі және 4 сыртқы жағдайы

Кіші жүз Әбілқайыр
Орта жүз Болат, Сәмеке, Күшік Ұлы жүз Жолбарыс

XVIII ғасырдың бас кезінде Қазақ мемлекеті іштей ыдырай бастады. Ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің жіті назарында болды. Ресей Қазақстан мен Орта Азияға назарын күшейтті. Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне мүдделі болды. Жалпы алғанда, бұл кезде шекаралық аймақта өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.
XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан 5

XVIII ғасырдың басында Қазақстан аумағына қауіп төндіргендер


Еділ қалмақтары


Сібір казактары


Жоңғарлар Башқұрттар Орал казактары

6
Жоңғар мемлекеті 7

Жоңғар мемлекетінің құрылуы






1635 жылы құрылды





Көшпелі және жартылай көшпелі халық болды

1640 жылы «Далалық жарғы» әскери заңдар жинағын шығарды

Мал шаруашылығымен айналысты


Жоңғарлардың басқыншылығы 8

Қазақ хандығына жоңғарлардың басқыншылық жасау себептері






Жоңғарлардың сауда жолы торабына бақылау орнатуға тырысуы





Еділ қалмақтарымен байланыс орнату



Жергілікті тұрғындарды тәуелділікте ұстау


Алым-салық төлейтін тәуелді халықтың санын ұлғайту

Шұрайлы жайылымдық жерлер мен сауда-қолөнер орталықтарын басып алу

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама 9
1723жылы көктемде Цеван-Рабдан өз әскерінің қалың қолымен Қазақстанға шабуыл жасады.
Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары ұшырады.

бала киносынан алынған Жоңғарлар қарудың күшімен Балқаш, Қаратау, Алтайдан асып оңтүстік аудандағы бейбіт елді елді
аяусыз қырғынға ұшыратты. Жоңғарлар Ташкенттен кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды.

«жалған» екендігін анықтаңыз.
1-тапсырма: Төмендегі берілген ақпараттардың «ақиқат» не 10




Ақпарат

Ақиқат

Жалған

1

XVIII ғасырда сұлтандардың аймақтық сепаратизмі күшейді







2

Рулар, тайпалар, жүздер арасындағы бірлік күшейді







3

Кіші жүзде Әбілқайырдың билігі нығайды







4

Орта жүзде Жолбарыс ханның билігі нығайды







5

Ұлы жүзде Болаттың билігі күшейді







1-тапсырма: Дұрыс жауабы 11




Ақпарат

Ақиқат

Жалған

1

XVIII ғасырда сұлтандардың аймақтық сепаратизмі күшейді

+




2

Рулар, тайпалар, жүздер арасындағы бірлік күшейді




+

3

Кіші жүзде Әбілқайырдың билігі нығайды

+




4

Орта жүзде Жолбарыс ханның билігі нығайды




+

5

Ұлы жүзде Болаттың билігі күшейді




+

Халық ауыз әдебиеті, музыка туындылары 1. «Қалқаман-Мамыр» дастанынан (үзінді)



Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, Қазақ, қалмақ атысқан, мұны да біл. Қалмақтың бастаушысы-Суптан Раптан, Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл.

Осы жол-бар қазаққа белгілі жол, «Ақтабан шұбырынды» дегенің сол.
Жаяу жүріп табаны аппақ болып, Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол.

2. «Елім-ай» әнінен (үзінді) Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел-жұртынан айрылған жаман екен
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді.
3. Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап. Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап. Ел жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап. Ақтамберді жырау

Ш.Құдайбердіұлы

2-тапсырма: Сөздерді орнына орналастырыңыз? 13

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» сынды қиын тарихи кезеңді Шәкәрім Құдайбердіұлы ........ дастанында суреттеді. Батырлардың Отан қорғаудағы ерлігін ........, ......, ......., т.б. жыраулар жазып қалдырды. Қайғы-қасіреттің символы ..... атты зарлы жыр болды.

Ақтамберді, Бұқар, Үмбетей, Әмірсана, Абылай, «Елім-ай», «Қалқаман-Мамыр»,
«Тарих-и Әбілқайыр хани»
2-тапсырма: Дұрыс жауабы

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» сынды қиын тарихи кезеңді Шәкәрім Құдайбердіұлы Қалқаман-Мамыр дастанында суреттеді. Батырлардың Отан қорғаудағы ерлігін Ақтамберді, Бұқар, Үмбетей т.б. жыраулар жазып қалдырды. Қайғы-қасіреттің символы Елім-ай атты зарлы жыр болды.

Әмірсана, Абылай, «Тарих-и Әбілқайыр хани »
Қазақ жерінің XVIII ғасырдың басындағы ахуалы 15


Күрделі де, қауіпті кезең болды

Жоңғарлар қазақтың кең-байтақ шұрайлы жерлерін басып алуға тырысты


Елім-ай әні бүкілхалықтық әнге айналды

Халық ауыз әдебиеті мен музыка туындыларының 16 құндылығы

Халық ауыз әдебиеті мен музыка туындылары тарихи дереккөз ретінде құнды болды. Халық ауыз әдебиетіндегі деректер қазақ ерлігін көбірек айтып, ел рухын көтерді.

Кортынды

Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнерінің дереккөз ретіндегі құндылығын талдадыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет