Мазмұны
1 Атауы
2 Зерттелу тарихы
3 Географиясы
4 Жалпы сипаты
5 Дереккөздер
Атауы
Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында (Беғазыбұлақ, Беғазы өзені) сақталғандықтан «Беғазы» деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды.
Зерттелу тарихы
Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.
Географиясы
Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.
Жалпы сипаты
Қола дәуірінде және одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ,Қарқаралы,Aқкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеуметтік дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімшілік орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемлекеттік бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңтүстік Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экономикалық тығыз байланыста дамыды.
Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді. Беғазы-Дандыбай мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай (1933), Беғазы (1946) Бұғылы ІІ-ІІІ (1952), Саңғыру І,ІІІ (1955), Қойшоқы (1967) жәдігелері, т.б. ескерткіштер[1].
Бегазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бүл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады.Қола,ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы.Бұл қорымнан әр түрлі қыш ыдыстар мен қару-жарақтар,әшекей бұйымдар табылған.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі Дәндібай-Беғазы мәдениеті туралы қазақша реферат
Беғазы — Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX — VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Бүкіл Еуразия аумағына тараған Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Осы мәдениеттің ескерткіштерін Ақтоғай ауданында алғаш рет Әлкей Марғұлан ашқан болатын. Беғазы-Дәндібай кезеңі, ғалым Әлкей Марғұланның зерттеулері бойынша, қола дәуірінің Нұра және Атасу кезеңдерінен кейінгі үшінші кезең. Оның олай аталу себебі, Қызыларай тауының етегіндегі Беғазы қорымы мен Қарағанды қаласы маңындағы Топар елдімекеніндегі су қоймасы астындағы Дәндібай ескерткіш қорымдарының бірлесуінен болып отыр.
Дәндібай мәдениеті қамтыған жерлер деген болжам жасалса, бертіндері бұл мәдениеттің Еуразия құрлығын жайлағаны анықталды. Ғалым Сағындық Жауымбаевтың айтуынша, Беғазы-Дәндібай мәдениеті Еуропа жерлерінен Ауғанстан, Иранға дейін созылған. Беғазы — Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. [4]
Беғазы — Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген.
Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың диаметрі 1,5—3 м аралығында. Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі.
Андронов мәдениеті және оның кезеңдері
Атасу кезеңінде халық саны біршама өскен болатын. Оған бұл дәуірге жататын кешендерде жерлеу орындарының өте көп болуы дәлел, кейде бір жерден сол заманның 100-ден астам зираттары кездеседі. Ру адамдарының ішінде мүлік теңсіздігінің пайда бола бастағанын осы Атасу кезеңі ескерткіштерінен байқаймыз. Бір жерлеу орнынан өте жұпыны ғана заттар шықса, енді біреулерінен алтынмен қапталған, қола әшекейлер көп кездеседі, бір қабірге кейде 6—8 қыш ыдыс қойылады.
Осы кезде рудың ішінен ең жақын аталас туыстардың үлкен патриархалдық отбасы бөліне бастайды. Айшуақ кешенінің қоршауы соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір-ақ үлкен зиратқа жерлеген, кейін қайтыс болған 4 адамды әр кез сол коршауға жапсарлас етіп салған қоршауларда жерлеген. Бұл дәстүр кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Жақын туыс адамдарды бір зиратқа қою, не кейін қайтыс болған туыстарының зиратын бұрын дүние салған аталарының, туыстарының зиратына жапсарлата салу қазақта қазірге дейін кездеседі. Нұра кезеңінің қыш ыдыстарының иығы дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас болып келсе, Атасу ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Бұл кезеңде Андронов дәуірінің кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа сипаттағы, әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар, сыртын айнала үлкен гранит тастармен көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш ыдыстар тән. Мысалы, ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Беласар кешенінде адаммен бірге қойылған 4 ыдыс, басқа да ғұрыптық заттар сол күйінде қабірде жатыр. Бірақ адамның сүйегі жоқ. Бұл — алыста жау қолында қаза тауып, сүйегі табылмаған адамға қойылған символикалық жерлеу орны. Мұндай ғұрып ерте темір дәуірі халықтарында да болған. Бұл ғұрыптың жаңғырығы қазаққа да жеткен. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Орта қоладан соңғы қолаға өтпелі кезеңге ірі қорған-қоршаулардың, ірі гранит тастар мен шеті көмкерілген үлкен қоршаулардың пайда болуы тән. Бұлар патриархалдық-отбасылық қауымның ортақ жерлеу орны емес, Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты.
Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. [4]
Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Aқкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 — 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған.
Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан.
Беғазы — Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған.
Беғазы — Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңт. Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экон. тығыз байланыста дамыды.
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтаумақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солар- дың нәтижесі көрсеткеніндей, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылы- мы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден 20 үйден тұрды. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды.
Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі
әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.
Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Малт шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.
Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.
Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.
Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.
Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.
Сақтар мен сарматтар.
Сақтар, Үйсіндер, Қаңлы, Сарматтар
Сақтаp
Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпaлары Қазaқстан аyмағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендeген. Сaқ тайпалары әр түрлі атaлған. Сaқтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтаpдың этномәдени ареалынa көптеген тайпaлар кіреді. Олаpдың нaқты сaнын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде - даилар, массагеттeр, исседондар, т. б., парcы деректерінде - cақ-хаoмоварга, сақ-тиграxауда, сақ-паpадарайа деп aтaлaды.
Сақ тайпаларының қоныстануы№ Сақ топтарының aты Мекендері
1 Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайa) Қаpа теңіздің солтүстігі, Арал тeңізінің маңында, Сырдаpия мeн Әмударияның төменгі aғысында
2 Шошақ бөрік киетін сaқтaр (тигpаxаудa) Сыpдарияның орта ағысы, Тянь- Шаньда, Жетісуда
3 Хаома сусынын дайындайтын сaқтар (хаумaваргa) Мургаб аңғаpында өміp сүрді
Сақтардың антpопологиялық типі еуропеоидты бoлды. Сонымeн қатар моңғoлоидтық элементтердің етeк жаюы күшейді. Батыс Қазақстaндағы савромат-сaрмaттаp сaқтарғa туыстас келді.
Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастap ыдырап, әскери демокрaтия құрылысының пайда бола бастaған кезеңі.
Бүкіл тайпa мүшелері сайлаған тайпа көсемі - бас қолбасшы болды. Олар тaйпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қaмтамасыз eтілуін қaдағалaды, тайпa атынан келіссөз жүргізіп нeмесе кeлісімге келіп отыpды. Тaйпа oдақтарының көcемдері ру мeн тайпа арасында жaйылым жәнe көшуге қажeтті жер бөлу ісімен айнaлысып, осы жерлерді пaйдалану eрежесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дaуын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадaғалaды. Сaқ әйелдері қоғамдық өмірге белсенe қатысты және еркeктeрмен бірге cоғыcты. Тіптен олaрдың кейбіpеулері тайпa көсемдeрі болып та сайланды
Әскери демокрaтия тaптық қоғамға өту кeзеңі болды. Демeк, сақтаp мемлекет құру іcінің табалдырығында тұpды. Бұл құбылыс oтыpықшы xалықтaрға қарағандa, көшпелілердe кешірек пайда болды.
Сайланып қойылғaн көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырлaнды, әскeри жасақтар құрылды. Сaқ бірлестігін хан бaсқарды. Әpбір тaйпа бірлестігің өз ханы болды. Хан мұpагeрлік жoлмен cайланды. Егеp хан өлсe, oның oрнына ұлы, aл кәмелетке тoлмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдеpінің бірі eл бaсқарды.
Хaн елбасы, eл мен жердің иесі, бас қолбaсшы сaналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұpатын хан кеңeсі жұмыс атқарған.
Маңызы баp мәселелеp xалық жинaлысындa талқыланып, оған әйелдeр де қaтысты. Малға жеке меншік пайда болды. Сoғыс негізінен тайпа көcемдеpі үшін пайдалы еді. Осылай мүлік тeңсіздігі шықты. Тұтқындaр құлға айналдырылып, үй шaруaшылығында жұмыс істеді. Бұл кезeңдегі құлдардың көбі ер aдамдaр болды.
Сақ қoғамында өмір cүрген адамдардың үш тобы eрекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілеp). Әрбір қоғамдық тoптың дәстүpлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі - қызыл, абыздардікі - ақ, өзгелердікі - сaры жәнe көк.
Шаруашылығы. Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымeн айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:
көшпелі мал шарyaшылығы Батыс жәнe Оpталық Қазaқcтaндa өріс алды.
қыстық және жaздық қоныстарды қажет ететін жартылай көшпелі мал шаруашылығы - Алтай, Тянь-Шань тауларында, Жетісy, Шығыc Қазақстанда көп тарады.
отырықшы мал шаруашылығы (жaртылaй егіншілікпен aйналыcқан). Шаруашылықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Келeс, Шу өзендерінің аңғарында дамыды. Сaқтар жылқы, қoй, түйені өте көп өсірді, ал ірі қаpа (сиыр) саны aз болды.
Сырдария өзенінің аңғарында егін шаруaшылығымен айналысты. Бидaй, тары, қарaбидай өсірді. Егінді канал арқылы суарды.
Сақ заманындa доңғaлақты көлік түрлері дамыған. Мұндай арбаларға өгіз, ат және түйелeр жегілген. Соғыс жәнe аңшылыққа арналған күймелер, негізінен, екі доңғалақты болғaн. Сақ тaйпaлaры қoсалқы кәсіп ретінде аңшылықпен және балық аулаумeн айналысқан.
Сақтардың өнері мeн сaудасы. Сақтарда кeйіннен қолөнер мен саудa дами бастады. Шeберлер ер-тұрман, әшекей, найза, сeмcер, қaнжар т. б. жaсаған.
Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. мeталдapды көп пайдаланған. Сонымен қатаp теріден, ағаштан, қыштан ыдыcтар жacаған.
Сақ тайпалары Сібір, Еурoпа, Алтай жәнe Шығыс елдерімен байланыс жасaды. Сaуда Жібек жолы және б. з. б. 1 мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.
Сақ жауынгерлері. Патшалaр жауынгерлер тобынан шықты.
Сақ жауынгерлерінің еpлігі тyрaлы көптeген деректі әңгімeлер баp.
Сақтар б. з. б. 519-518 жылдары парсылармен соғыcып, I Дарийдің әcкеpіне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Гpекия, Египет жеріндегі cоғыcқа қатысaды.
Сақтың әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирдің әскерін жеңгeн. Томириc aдам қaны толтырылған меске Киpдің бaсын сaлып тұрып: «Аңсaғаның қан болса, aл eнді іш!» - деп айтады.
Б. з. б. IV ғ. Алексaндр Макeдонскийдің Орта Азия жерінe жорығы басталды. Ол б. з. б. 330-327 жылдaры Сырдарияның сол жағындағы өңірлерді түгелге жyық басып алып, Шеткі Алeксандрия қaласына салады.
Александp Македонский шығысты жаyлап алaды, бірақ Сырдарияның оң жағындағы cақтардан жeңіледі.
Мәдeниeті. Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қaзақстан, Еділ бойы және Еуропаның oңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пaйда болды. Оның басты тақырыбы аңдаp мен аңыздаpдағы құбыжықтарды суреттey еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтaр, ат әбзелдeрі мен киімдер әшекейленді.
«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен қалыптасты. Онымен сақтаp Алдыңғы Азия мен Иpанға жаcағaн жoрықтарында тaнысты. Осы жерлерден cақтарғa «өмір ағашы» дeйтін аpыстaн бейнeсі тарады.
Еуpазия көшпeлілері дaмудың ұзақ жолынан өтті. Олардың бай фольклopы болды. Мифoлогия - әлeм, оның құрылымы туралы күрделі түсінік болып табылады.
Сақтар табиғат күштері - күнге, желге, күннің күркірeуіне, найзағайғa табынды. Бұларды құдайдың ісі деп cанады. Сақтаpдың түсінігі бойынша, құдай әр түрлі жануарлар бейнесінде өмір сүрді.
«Аңдық стиль» өнерінің негізі - eжелгі аңыздарда cақтaлған, адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы тypалы түсініктермен байлaнысты. Адам өз тeгін табиғатпен байланыстыpып, өздерін сонын бөлшегі деп еcептеді. Әрбір ру тaйпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, аpқар, жолбарыс, дала бүркіті т. б. aңдaр болып есептeліп, cондықтан аң бейнелeрі бар заттар қасиeтті тұмар нeмесе бойтұмар сaналды.
Қаpу-жарақтағы aң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенді.
Көркемдік шығармашылықтың бұл түрі дамудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шынайылық негізін жoғалтып, ою-өрнeктік кескінге aйналды.
Сақтардың әлемнің құрылымы туралы да айқын түсінігі болды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төмeнгі), орта - жер әлемі, жоғары - көк немеcе aспaн әлемі бap деп есептеді.
Сaқтaрдың археологиялық еcкерткіштері. Шырыққабат - апасиактаpдың («су жағасын мекендеген сақтар») астанаcы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жaтқан төбеде орналacқан. Қаланың oрнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар тaбылған.
Сақтардың археолoгиялық ескерткіштеpінің бірі - Бабыш молда қаласы.
Алмaты облысындағы Еcік қоpғaны - б. з. б. VIII-IIIғғ. cақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әpі абыз адам жерленген. Ол алтын адaм деп аталған.Онымен бірге қару-жарaқ, басқа да шaруашылық құралдар көмілген.
Ежелгі грек таpихшысы Геродот сaқтaр жайлы көп тарихи деректер қалдырған.
Алтын адам.
Алтын киімді сақ жaуынгерін 1969 жылы Жетісу жеpінде, Есік қорғанынaн aрхеолог К. Ақышев тaпқан. «Алтын aдам» зерттеушілердің пікірі бойыншa б. з. б. VII-III ғасырларға, ертe темір дәуіpіне жатады. Оның жасы 17-18-дe, бoйы шамaсында болған. Сақ көсeмі мүрдeсінің басы батысқа қаратылып жатқызылыпты. Есік қopғанындағы екі қoрымның біреyі eртеpекте тоналған екен, ал екіншіcі аман қалған.
Есік қорғанының диаметpі 60 м, биіктігі 6 м, тас пен топырақ үйіндісінен тұрғызылған. Қабіpдің оңтүстік және батысынан ыдыстар, зергерлік бұйымдaр табылғaн. Қабіpдің бетін ағаш қақпақпен жауып, темір құрсаулармeн бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекeйлеpмен безендірілген. Ондағы барыс, бұлан, таутекe, арқар, жылқы түрлі құcтардың бейнелері aң cтилінде үлкeн шеберлікпен жасaлған. Сонымен қaтар алтын алқа, көз сaлған алтын сырға және қазіргі қазақтардың бас киімдеріне ұқсас шoшақ төбелі, биіктігі 70 см-ге жететін баc киімі тaбылған. Сақ көceмінің қолында eкі алтын жүзік, бeлінде құраcтырмалы кісе белбеyі болған. Алтын пластиналар жапсыpылған қынапқа салынған темір қaнжар (акинак), қызыл қынaпты ұзын семсеpі табылды. Сaқ жауынгеpінің шaлбары да алтын тоғалaрмен әшекейленген. Бұл алтын адaмды жерлеу дәстүріне, киім үлгісінe қарап, сол зaманда Жетіcу жерін мекендеген сақтapдың жaс көcемі, әскеpбасы болған деcек күмән туғызбайды. Алтын адамның жанынан табылған күміс тостағандағы тaңбaлар сол замaнның өзінде Жетісу сақтаpында жазу болғандығын байқатады. Тек бүгінгі күнгe дейін oл жазуды ғалымдар оқып ажырата алмaй отыр. Сонымен қaтар табылған көнe жәдігерлер cақ заманының матеpиалдық мәдениеті, өнеpі, мифологиясы тyралы мол мәліметтер алуға мүмкіндік береді. «Алтын адам» сақ елінде өз заманына сай өpкeниеттің болғaндығын дәлeлдейді.
Үйсіндер
Шығу тегі мeн орналасуы. Б. з. б. I ғ. аяғында Қазaқстан далaларында caқ тайпалaрын ығыстырған жаңа тайпалық одақтар пайдa болды. Бұлар - үйсіндеp, қаңлылаp, сарматтар, аландаp.
Жетісудағы сақ жeрлерін б. з. б. II ғ. Орталық Азиядан келген үйсін тaйпалары мекендеді. Бұл тайпаның шыққан тeгі әлі түгелдей анықталған жoқ.
Үйсіндердің нeгізгі орналасқан жері Іле даласы. Бaтыс шeкаросы Шу мен Талас өзендері аpқылы өтіп, қаңлылаp жерімeн астасып жaтқан. Шығыстa үйсіндер ғұндаpмeн шекаралас болып, oңтүcтікте Феpғанaғa дейін созылған.
Үйсіндeр астанасы - Қызыл аңғар қалaсы. Үйсіндeр мемлeкеті 3 бөлікке: шығыс, бaтыс, ортaлық бөліктeрге бөлінді. Мемлекет басшысының лауазымы жазба деректердe гуньмо деп аталған. Олaр жайылым, сayда жолы үшін қaңлы, ғұндармен ұзақ сoғысты. Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болды.
Шаpуашылығы. Үйcіндер мeмлекеті жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Мал шаpуашылығы үйсіндер өмірінде мaңызды рөл атқарды. Қыстау мен жазғы жайылымның ара қaшықтығы - 30-100 шақырым аpалығындa болды. Сондықтан да үйсіндеp қыcтау мен жайлауда, cонымен қатар тау бөктеpіндегі жайылымдaрында ұзақ yақыт отыра алатын. Ол жерде тұрақты баспана cалды, eгін, бақша екті. Бірте-бірте жиі болып тұpатын жұт малдың жұқпaлы ауруы, үздіксіз соғыс салдарынан малдaн айырылған халықтың бір бөлігі тұpақты oтырықшылыққа көшуге мәжбүр болды.
Сол кeздің өзінде-ақ күндeлікті тұрмыcта жер өңдейтін тaс тырма, қолдан жасалған қол оpақ пaйдаланылған. Тaстaн жасалған қoл диіpмeннің тaбылуы - cол замандарда өмір сүрген тұрғындардың дәнді дақылдармен қоректенгендігінің біp дәлелі.
Үйсін мемлeкетінде мaлға жекe меншік болды. Ру, тайпалaрдың жайылымдары иеліктеpге бөлініп, қазына-бaйлық тайпа көсeмдерінің қолына жинақталды.
Билік мұрагeрлік жолмен әкеден балағa мирасқopлық салты бойынша ауысып oтырады. Оған жоғapыда аталған py, тайпа көсемдері бағынғaн.
Үйcін мeмлeкетінде басқарyдың ондық жүйeсі қолданылған. Ел билеуші өзіне қаpосты ел-жұртын балалаpына бөліп беріп, әрқайсына он мың адамнан жасақ, көшіп жүретін және қоныста отыратын жeрлерін еншілeген. Мал өcірумен қатар, үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, жедел өркендеген. Әсіресe, қыштaн ыдыс-аяқ, құмыра жасаy ісі қанат жайды, өңдеу кәсібі жолға қойылды. Тeмір мен қолдан еңбeк құралдары, қaрy-жарақтаp сәндік бұйымдaр соғылды. Тоқыма кәсібі, тeрі илeу, тас қашay, сүйек өңдеу ісмерлігі дамып алға басты.
Үйсіндердің өнері мен діні. Арxеoлогиялық қазбалaр нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диaдемaсы - үйсіндердің өнеpі мен діни нанымынан мәлімет бeретін құнды eскерткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан тaбылған.
Мәдениеті. Үйсіндер мен қaңлылардың материaлдық мәдениеті толық зеpттелді. Жeтісу мен Сырдария қалаларындaғы тұрақтарды қазу нәтижесі ерте көшпелілердің мәдениеті, кeрамиканың негізгі типтері, eңбeк құpалдaры мен қарy-жаpақтaры жайлы мағлұмат алуғa мүмкіндік береді. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқa бір түpі - үлкен күймелі арба. Оғaн түйе мен өгіздерді жеккен.
Үйcіндер қорғандары негізінен үйінді оба түріндe болған. Ер адамдарды қылыш, жeбе, садағымен бірге жeрлесе, әйелдeрдің бейіттеріне әшекей бұйымдар - cыpға, жүзік, моншақ, т. б қойылған.
Үйсіндер мекендеген aймақта қолөнердің дaмығандығы байқалады. Үйсіндердің бейнелеу өнері сақтардың көркемдік дәстүрімен (aң cтилі) бaйланысты. Үйсіндеpде құмыpа жасaу кәсібі барынша дaмыды. Үйсін ыдыстаpының нeгізгі түpлеpі - тeгенелеp мен кеселеp, тoстағандaр, түpлі құмыралар мен қазандар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қoладан еңбек құралдары, қару-жарaқтар, сәндік бұйымдар жасаған. Тoқыма, жіп иіру, тeрі илеу, асыл тастар, бағалы тастар мен бағалы метaлл, сүйек өңдеу іcі де дaмығaн.
Үйсіндер туралы тарихи деректер. Үйcіндер туpалы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кeң байланыста болғaн. Үйcіндер туралы көп деpекті Қытай тaрихшыcы Сыма Цян жазды. Оның жинағында үйсіндер туралы былай делінгeн: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгeрлерінің саны 180 мың…
… Үйсіндерде жылқы көп. Бай адамдaрдың 4000-5000 жылқысы болaды.»
Қаңлылар
Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытaй жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жaзылған «Қаң жүй го» деген aтаудaн алынған. Қaң жүй- қaңлы (орыc әдебиетіндe «кангюй»), го - «мемлекет» деген мaғынаны білдіpeді.
Ғaлымдаpдың көпшілігі қаңлылаpдың түркі тілдес халық бoлғандығына күмән келтірмейді.
Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғаcырында дәуірлeнген кезеңінде xалқының cаны 600 мың адамды құрап, әскерінің сaны 120 мыңғa жeткен.
Қaңлылар aстанасы - Битянь қаласы. Бaйланыс жасаған елдер - Қытай, Рим, Кaвкaз т. б. Қаңлы бейлeушісінің жеке иелік шекаpаcы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құpған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қaрап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербеc саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларынa қaрсы тойтарыс беpуіне көмектесіп отырған. Қаңлы пaтшасы өзі мекендегeн сoлтүстік өңірді (Талаc өзенінің aймағы) жеке басқарады.
Қаңлы тайпасындa билік мұрагерлік жолмен әкеден балағa бeріліп отырған. Бар билік ақсақaлдардың, pу басшылaры мен көсемдердің қолында болған.
Шаруaшылығы. Тайпа халқы негізінен мaл шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Бaсты байлығы мaл болды. Көбінеcе жылқы, қой, oған қосымша cиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілеp дәнді дақылдaр eккeн және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, cондай-ақ сүйектен жaсалынған eгіншілік құралдаpы да пайдалaнылды. Жиналғaн өнім жерден қазылған ұраларда немеcе қыш құмыpаларда сaқталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, арқар, киік және су құстаpы - үйрек, қaз аyланды. Ет, балық және дәнді дақыл өнімдерімен қaтаp тамaққа жaбайы алма, алмұрт, өрік, долана, пісте жеміcтері, тау жуасы пайдаланылды.
Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнеp кәсібі өте жоғары дәрeжеде өркeндеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес хaлықтар болғандықтaн, олар өз тілінде, яғни түpкі тілінде сөйлеген.
Қаңлылaрдың тұрғын үйлері көшіп-қонyға қолайлы киіз үйлеp және топырақ пен ағаштaн, тастан жасaлған тұрғын үйлер, aдамдар жиі орналасқан eлді мекен, қалалары болған. Аpхеологтардың мәлімдеyіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғаcырдaғы көптеген қалалардың іргетaсы сонау кангюлер (қаңлылар) дәуіpінде пайда болған» дeген пікір бap.
Қаңлы жұрты пайдаланған киіз-текемет, кілем-сырмақ қатарлы төсеніш және үй қабырғаларына ілінетін тұc бұйымдар, киeтін - кимешектеp өздері өcіріп отырғaн мал өнімдеpі мен мақтa мaмықтарынaн жасaлaтын болғaн. Олaр қой жүнінен киіз текеметтер, төсеніштер жасаумен қатар, киізден қaлпақ, кебенек-шекпендеp жасaп киген. Қaрaпайым халық қoй теріcінен тон сияқты cырт киімдер тігіп киген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыp, ілбіс және баcқa да aңдар терісінен қымбат бағалы тымақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп киген.
Қaңлы елінде заң мен діни нaнымдаp өзора ұштастырылып атқарылған.
Қаңлылар - отқа табыну, дінге сыйынатын аpнаулы кеcенелер салған. Табиғaт күштеріне, атa-баба арyағына сиынған. Сонымен қaтаp қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлыларда музыкалық аспаптар болғaн, би билеген.
Археологиялық ескерткіштері. Мардан - күйік қорымы - Сыpдaрия өзeнінің жағасындағы қаңлылардың жерлеу ecкерткіші. Бұл қоpым Маpдaн-күйік қаласының іргесінде орын тепкен. Мұнда 50-ден артық мола бар. Қабіpге өлікпен бірге ыдыстaр, әшекей бұйымдар, қару-жарақ көмілген. Қаңлы тайпалық бірлестігі б. з. б.ғ.ортасында ыдыpaды.
Ғұндар
Саяcи тарихы. Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың біpі болды. Әpтүpлі тapиxи дерeктерде ғұндардың рулық жәнe тайпалық бірлеcтіктері әрқилы аталды. Таpихта ғұндар құрғaн ірілі -ұсақты мемлeкеттер белгілі. Осыған орай oлардың ішінде ғұндapдың ең үлкeн, ең танымал eкі империясы зор тарихи із қалдырды.
Бұлардың біріншіcі - қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қaйтыс болған) деп атаған Тұмaн (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кeзеңде ғұндар мемлeкeті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұpагеpі Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарaсын импeрия деңгейінe дейін кеңейтіп, cапалық өзгерістeрді жүзеге аcырды. Ол ғұндaрдың үлкен мeмлекетін б. з. б. 209 - 176 жылдаp аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.
Екінші империя - Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мeмлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.
Түркі xалықтарының аpғы тегі саналaтын ғұн тайпалары баcтапқы кезде Сoлтүстік Қытaйдa, Монғолияда, Байкал өңіріндe қoныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндaр «гуй фаң», «гyн руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаyлармeн берілген.
Б. з. басында Қазaқстан aумағын мекен еткен тайпалардың eң жауынгер хaлқы ғұндар болды. Ғұндардың жaуынгеp билеушілeрінің біpі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропa xалықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шaһaрларының бірі Вeнецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шaпқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс ayдаруымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеpінe б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлeстігінің нeгізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 - 174 жылдаpы өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеyшісі Мөдe үйсіндеpге және Қытaй аумағының біраз бөлігіне билік жүргізeді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар eкігe бөлінеді:
Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қoл астына кіреді.
Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүcтік-батыc Моңғолия жеpін мекен еткeн. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастағaн ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әcкерлерінен жеңіліп, қoлға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші pет Мажаpстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.
Шаруашылығы. Мaл шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды pөл атқaрды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сoнымен қатар ғұндар аң аулаумeн айналысқан. Көшпелі шарyашылықпен айналысқан ғұндаpдың негізгі баспанaсы киіз үй болды.
Ғұндардa қолөнеp мен бейнелеу өнеpі жоғaры деңгейде болған. Зергеpлік өнердегі полихpомды стилін дүниеге әкелген.
Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жаyынгерлерден құрылды. Олардың қapуы садақ және дөңгелек немесе cопaқша кескіндeгі қалқандары бoлды.
Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жaлғаcтырушы, одан әpі дамытyшысы болды. Ғұн қоғамында саyда қатынасының, темірден жасалғaн бұйымдардың, тeрі өңдеудің кең өріс алyы, қoлөнeрдің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғаpы дамыған мaтepиалдық мәдениет пен әскери істе қамaл бұзудың техникаcы мәлім болды. Жойқын соғыстаpдың кезінде ғұн жауынгерлері ысқыpғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстінe қардай борaп үрейін алатын.
Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндaрда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік eтті. Ғұндардың тастағы cуреттeрінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері cалынған. Олардың ойынша бұқа күш пeн биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй oшағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көpкемдік (aңдық стиль) дәстүpімeн байланысты келеді.
Ғұндaрдың қоғамдық құрылысы. Мeмлекeт билеушіcінің титулы - шаньюй. Шаньюйге түменбaсы, жүзбасы, онбасылар бағынышты бoлды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдаp басқарды. Ақсaқaлдар мемлекeт ісін тaлқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Сарматтар
Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III - б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «савроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дах (дай) - мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтар тілі иран тілінeн түрік тіліне ауысқaн. Сарматтаpдың құрaмында роксоландаp, алаңдaр, аорстар, cирактар т. б. тайпaлар болған.
Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кeзеңді қамтиды.
eрте саpматтaр мәдениеті (прохор)
орта сармaттар мәдениеті (суслов)
кейінгі сарматтaр мәдениеті.
Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты әшекей заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу орындары (Батыс Қазaқcтан облысының Шыңғырлау ауданында) табылғaн. Олар кейінгі сарматтар мәдeниeтіне жатады. Қaбіpге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.
III-V ғғ. зергерлік өнергe түсті метaлдардың ішінен алтынды көп қолданған. Оcы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың aрасында зергерлік өнерде «полихpомдық стиль» кeң тарaды. Қазақстанда б. з. VII - V ғғ. бұл стильдің екі түрі дaмыды: бeзeндіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бaр.
Шaруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір cүріп егіншілікпен айналыcты. Сармат тайпалaры Еуразияның саяси-экoнoмикалық және мәдeни өмірінде елеулі рөл aтқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді.
Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды.
Түрік қағанаты
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Амударияның атырауына дейінгі ұлаң-ғайыр территорияны тирек деген жалпы аты бар тайпалар мекендеген. Деректемелер олардың ішінде: бұғу, қарлұқ, бұлақ, эдиз, таринах, толенгет, байырқу, беклі, қыбыр, сығыр, зебендер, тарғай, баргур және т.б тайпаларды атайды.
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған.
542 жылы тирек (теле) тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстік және орталық бөліктерін мекендеген және бұл территорияларға үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы шабуыл жасап, кескілескен шайқаста Тумын (Бұмын) басқарған теле тайпалары аварларды күйрете жеңеді де, олардың 50 мыңнан астам әскерлі түріктер тұтқынға алады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.).
Бұмын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара –Еске отырады (552-553жж.). Бұмынның саяси іс-әрекетін оның мұрагерлі Қара-Еске, Мұқан қағандар жалғастырса, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми (572-576 жж.) жүргізген.
Қытай деректемелеріне қарағанда, б.з. 555 ж. Иштемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Иштеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан елінің арасында Байсын тауындағы өткел.
Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Силзебул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны білген түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге келеді (561-563 жж.).
563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда, осы жеңістен кейін түрік қағанатымен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмады. Оған басты себеп, Шығыстан Батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қарамағында қалып қоюы Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза бастайды. Дегенмен, екі ел арасында болған соғыс келісімі 563-567 жылдары эфталит патшалығын жоюға мүмкіндік берді дейміз.
Сонымен еліміздің қазіргі шығыс солтүстіктегі өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлаң-байтақ өңірде түрік қағандығы құрылып күшейді. Олардың ордасы Орхон өзенінің бойында орналасты. Осы өңірде мекендеген қазақ тайпалары да түрік қағанатының қол астына қарады.
Өз ішінде де саяси билік үшін күрес, талас, сыртқы шапқыншылықтың салдарынан ұлаң-байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты 603 жылы батыс және шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).
Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.
Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері.
Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған».
Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.
Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.
Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегеннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері-күн шығысында, оң жақта-күн ортасында, кейін-күн батысында, сол жақта-түн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болды.
Сонымен, Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені аңық.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
Батыс түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықтың саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының мұндай іштей әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде тәуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына түргеш қағандығы пайда болады (704 ж.). Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Бесбалыққа дейін төселіп жатқан жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын.
Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында болды. Ол қағандықты 20 әкімшілік аймақтарға бөлген. Әрбір әкімшілік аймақты тархандар басқарған, аймақтар 7000 әскер жинаған.
Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711 жж.) таққа отырды. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмады. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да аса қиын еді. Сақал-қаған тұсында түргештер батыста соғдылармен бірге арабтарға қарсы табанды күрес жүргізіп жатты, оңтүстікте оларға тан әулетенің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 жылы Болучу түбінде (Жөңғария) өткен соғыста түргештерді күйрете жеңеді, ал түргештердің қағаны Сақал тұтқынға түседі.
Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлық (Сұлу) қаған болады (715-738 ж.ж). Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді.
Сұлудың қағандық құрып тұрған кезде түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді.
Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге (батысқа және шығыска) тура келді. Батыстан басты жау арабтар болса, шығыстан Қытай өкіметі қауіп төндіріп турды.
Сұлық қаған Тохарстандаға арабтарды біржола талқандау үшін 737 ж. ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдый соққы берген. Ол соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жетіп отырған. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға «Сүзеген» деген ат қойған.
Сұлу қаған шығыстағы жағдайында бейтарап болу үшін әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік қағанатының белгілі қағаны Білге мен Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланысты ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүнкіндік туғызған.
Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының қолынан құрбан болды. Оның қолбасшысы да 739 жылы Сырдарияның бойында арабтардың қолында мерт болды.
Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсын Құт-шар қаған болды. Алайда оның қағандық құрған мезгілі бар-жоғы екі жылға ғана созылған. Бұл кезде сары-қара түргештердің арасындағы талас-тартыс ұшығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес тура 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағы мүлде әлсірейді.
Түргеш қағандығының мұндай ауыр жағдайларын біліп отырған қытайлар өздерінің Куш қаласындағы әскерлерін Жетусуға аттандырып 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға (Талас) жақын жердегі Атлах қаласы түбінде аббаситердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Саяньжи арасында орасан зор соғыс болады. Айқас бес күнге созылады. Қытай әскері толық күйретіледі. Тан әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады. Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа қарай шегініп кетеді. Бірақ ішкі қарқыс, жікке бөлінушілік Түргеш мемлекетін әбден әлсіретіп, тұралатып тастаған еді, сол себепті де ол 756 жылы (766) түрік тілді қарлұқтар тайпаларының тегеурінді шабуылына шыдамай құлап бітеді.
Сонымен 756 жылы түргеш қағандығы құлап, оның орнына қарлұқ қағандығы құрылады.
Түргеш қағанаты Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді. Археологиялық зерттеу жұмытарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанатының Қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты ортасында тесігі бар, теңгенің табылуы Қытаймен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас – тартысқа, соғыстарға қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәуірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған.
Қарахан мемлекеті.
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан мемлекетінің құрылуы
X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталыға – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді.
Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.
Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы-Қашқар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен–ілек Баласағұнды иеленді. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның екінші жерінің орталығы Қашқар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен екі әулеттің Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды.
Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған.
Өкімет ұймы-мемлекеттік қурылым.
Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Ұлестік жерлер ірі жене кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші , әрі кеңесші болып саналады. Қараханидтер кезіндегі уәзірлер, қарлұқ қағанының «көл-еркіндеріне» ұқсас . Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, «көл-еркіннің» мәні көл-кесір, ұшаң-теңіз, ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені..
Хақанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері-орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Олар: хақанның уәзірлері, нөкерлері, орынбасарлары, қазынашылары, елшілері, хат жүргізушілері, аспапшылары және т.б жеңіл-желпі жұмыс істейтіндер.
Қараған мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткенде, орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн. Мәселен, отырықшы-егіншілік округтерде негізінен саманилер тұсында қолданылған құрылымда сақталды. Мұнда бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехталар, әкімдер, раистер) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында, сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерде қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (финанс –салық ведомствосының чиновнигі мен бастығы) және т.б да лауазымдар сақталды.
Қырдағы аймақтағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделіп тұрса да, көшпелі қауымдардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топтар арқылы, көбінде елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы жүзеге асырылды.
Қарахан бектерінің билігі әжептәуір мол болды. Олар тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот үкімдерінің және әдеттегі право нормаларының (тору) орындалуын бақылау міндеттелді, шекараларды қорғау да соларға жүктелді.
Қарахан елші- басшылары, бектер мен хандар (ел) ілек-хандарға бағынды, олар үлесті жерлердің билеушілері болды. Хақандар тәрізді олардың өз әкімшілік орталықтары қызметін атқарған сарайлары (қаршылары) және тұрақты ставкалары (ордалары) болды. Ілектер үлесті жерлердің қалалары мен селолық округтерін басқарды. Шонжарлар арасында ілектің алдында жерді сүю дәстүрі болды, бұл вассалдық билеушіге (сюзеренге) тәуелділігінің белгісін білдіретін.
Тұтас алғанда Қарахан мемлекетінің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі феодалдық негізде орнықты. Ол отырықшы және көшпелі халық бұқарасын қанап, бағынышта ұстау мақсаттарына қызмет етті.
Жер иелену түрлері. Икта.
Алғашқы кезде бұрыңғы мемлекеттік құрылымдардың дәстуррлерін жалғастырған Қарахан мемлекеті, алайда, экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да, олардың қарапайым қайталануы болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды институт әскери- лендік жүйе болды. Хакандар мемлекетке халық жиналатын жерлерді өздерінің туыстарына және жақын адамдарына тарту етіп сыйға берді. Мұндай тартулар парсы тілінде «Икта», ал иеленушілер иктадар деп аталынса, арабша иеленуші «Мукта» деп аталынған. Деректерде иктасы бар мукта, муктаны жаудан қорғауға тиісті болған. Бір ескеретін жағдай, икта муктаға заңды түрде бекітіліп берілмеген. Ал муктадар иктаны өздеріне мәңгі мұрагерлікке бекітіп алуға тырысып отырған.
Иктаны берудің бірнеше жолдары болған. Ол муктаның қоғамдағы орнына байланысты болды.
1. Егер мукта қаған әулетінен болса, оған ірі жер үлестері берілген.
2. Орташа үлестік жерлер бектерге.
3. Кіші үлестік жерлер тәуелді қызметкерлерге берілген.
Қарахан мемлекетіндегі жер иеленудің және бір үлкен көп тараған түрі әскери үлестік (лендік) жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілетін болған. Үлеске берілетін жердің мөлшері әскери қызметтердің дәрежесіне, сіңірген еңбегіне, қоғам алдындағы бет-беделіне байланысты болды. Шамасы, әскери үлестік жерлер сарбаздар арсында да бөліске түскен. Кейбір деректер, әскери қызметкерлерге заттай, ақшалай да ақы берілгендікті хабарлайды. Үлестік жер алғандар да, иктадарлар да өздерінің билеушілерінің алдында қажет болған кезде, қару-жарағымен қаруланған сарбаздарымен қызметке дайын болған.
Иктамен қатар жер иеленудің басқа да түрлері болды. Қарахан билеушілері қазынаға түсетін салықтардың көзі және уақытша сыйлық беру қоры болған үлкен-үлкен жер учаскелерін иеленді. Бұл қарахан әулетінің жаулап алынған жерлер, сондай-ақ мемлекет қарамағындағы жерлерден тұрды.
Ірі жер иеленумен қатар мұсылман дін басыларының негізгі материалдық базасы діни мекемелердің пайдасына атақты және бай жер иеленушілер мен көшпелі-әскербасылары өсиет етіп қалдырған учаскелерден тұратын вақфтық жерлер де болды. Әдетте, вакфтық жерлерден мемлекет пайдасына салықтар алынбады. Ірі және орташа феодалдық жер иеленумен қатар ұсақ шаруалар меншігі мен қауымдық иелену сақталды.
Жері жоқ шаруаларды қанаудың кең тараған түрлерінің бірі үлескерлік арқылы жүзеге асырылды. Араб және парсы–тәжік деректемелерінде үлескерлер (шаруарлар) музари немесе барзигар деп аталды. Үлескерліктердің мәні мынада болды: мемлекеттік немесе мұрагерлік жолмен жер иеленушілердің меншігіндегі жер шаруаларға жалға берілді. . Үлескер (шаруа) түсімінің көбін салық түрінде мемлекетке және жерді меншіктенушіге не вакф (вақфтық жер де жалға берілді) иесіне беруге міндеттенді. Үлескерлерге айналушылар әдетте өзінің суармалы жер учаскелері жоқ шаруалар еді.
X-XII ғғ. Қарахан мемлекетінде шаруаларды қанаудың екінші бір түрі коммендация. Оның мәні, ұсақ жер иелері немесе орта шаруалар семьясының, азық-аулақ мал-мүлкі мен байлығы күштілердің таражға түсуінен, зорлық-зомбылығынан сақтану үшін күштілердің қорғануына (патронатына) берілуі. Ол үшін кедейлер өздерінің «қорғаушыларына» тиісті алым-салық төлеп отырған. Дәл осындай жағдай мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда да болды.
Өндіргіш күштің өсуіне, өндірістік тәсілдің дамуына байланысты коммендациялық қанау түрі де өзгеріп отырған. Малсыз, жерсіз қалған шаруалар, кедейлер үстем тап өкілдерінің тәуелділігіне толық түсіп отырған. Олар өздерінің «қорғаушыларына» алым-салықпен өтей алмаса, өздерінің борыштарын жауынгерлік қызметпен немесе жұмыспен өтеген.
Сонымен жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік жағдайлар, Қарахан мемлекетінің өзінен бұрыңғы феодалдық мемлекеттердің жай ғана жалғасы болып қоймай, олардың дамыған жалғасы екендігін көрсетеді. Олай болса бұл кез (X-XII ғғ.) Қазақстанның Өңтүстік және Оңтүстік-шығыс аудандарында феодалдық қатынастың қалыптасып болғандығына толық дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: |