Қазақстан республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата18.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#143760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі «мектепке де

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
 
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2021-2022 
оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы 
әдістемелік нұсқау хат Қазақстан Республикасының «Білім туралы», 
«Педагог мәртебесі туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасында білім 
беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен 
оқытуды дамыту моделі негізінде әзірленген, мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың 
мақсаты
балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып
олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар 
жасау болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту 
моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім 
беру жүйесінің негізі басым бағыттары айқындалған. 
Әдістемелік 
нұсқау 
хатта 
2021-2022 
оқу 
жылындағы негізгі міндеттер белгіленген, ол мынадай 
бағыттарды қамтиды:
- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, 
жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта 
құруды; 
- балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) 
тәрбиелеу, оқыту және дамытуды; 
- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп 
тану; 
- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң 
көзқарасын қалыптастыруды; 
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе 
қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы 
когнитивтік дамуы); 
- әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке 
дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. 
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі 
қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:

ойын арқылы оқыту; 

білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту. 
Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өте 
маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, 
сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру 
барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске 
асыру мақсатына сәйкес келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылды: 
Мектепке дейінгі тәрбие 
мен білім беруді 
дамыту моделі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет