Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі «мектепке де
( 5-қосымша ). Балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде
мектепке дейінгі ұйымның әрбір қызметкерінің рөлі маңызды, сондықтан
ұйымның әр қызметкері қажетті біліктілік деңгейіне ие болуы тиіс.
Мектепке дейінгі білім беру саласының педагогтері мен басқа да қызметкерлері жұмысының негізгі қағидалары: - оқытудың кіріктірілген тәсілі;
- баланы толыққанды дамыту;
- ойын арқылы оқытуға баланы тарту;
- балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым-қатынас жасау;
- маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту;
- инклюзивті білім беру кеңістігін құру;
- баланың жеке басын құрметтеу;
- баланы дамыту мақсатында күтім жасау.
Педагогтің құзыреттілігі: - баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну;
- баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі;
- баланы мақтай білу, тыныштандыру, сұрақтар қоя білу және балаларды
жақсы көру;
- көшбасшылық дағдылары, мәселелерді шешу және сабақтың
жоспарларын әзірлеу;
- сөздік қордың байлығы және балалардың ой-пікірін айту мүмкіндігі;
- өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру;
- эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№514 бұйрығымен бекітілген, 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жалпы білім беретін
пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен
19
ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар
конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық
жарыстардың тізбесіне енген