20
талқыланатын проблеманы
рейтингтік бағалау, әрқилы бірнеше көзқарасты
талқылау ұсынылады.
Отбасымен жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
- ашықтық;
- ынтымақтастық;
- формализмнің болмауы;
- белсенді дамытушы орта құру;
- диагностика;
- бақылау.
Педагогтердің міндеті ата-аналармен өзара қарым-қатынастың оң
эмоционалды
микроклиматын құру, отбасын біріңғай білім беру кеңістігіне
тарту болып табылады.
7. ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді
әдістемелік қолдауды «Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық
орталығының
www.rc-dd.kz
. порталы қамтамасыз етеді.
Сайтта:
- мектепке дейінгі білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық
актілер (НҚА айдары);
- әдістемелік ұсынымдар, құралдар және т.б. (әдістемелік
әзірлемелер
айдары) ( «
Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың (1-2 жас)
ата-аналарына арналған консультациялық пункттер құру бойынша
әдістемелік ұсынымдар»,
«Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық қысқа
мерзімді курстарын ұйымдастыру әдістемелік ұсынымдар,
Мектеп
жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып,
даму деңгейлерін бақылау бойынша әдістемелік ұсынымдар
);
- Орталықтың жылдық жұмыс жоспары:
- республикалық конкурстарды өткізу туралы ережелер, сондай-ақ
өткізілген іс-шаралардың қорытынды ақпараттары және т. б.
орналастырылған.
Сонымен қатар Орталықтың сайтында «Дана бала» республикалық
ғылыми-ақпараттық
журналы
(әдістемелік
материалдар
айдары)
орналастырылған, онда мектепке дейінгі
ұйымдардың педагогтері өз
мақалаларын жариялай алады. Осы айдарда мақаланы рәсімдеуге қойылатын
талаптар мен ережелермен танысуға болады.
Бұл портал қолжетімді, материал тегін жүктеледі.
Сонымен қатар, сайтта Jivosait айдары жұмыс істейді,
онда Орталық
мамандары педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының сұрақтарына
жауап беріледі.
21
Мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпараттар орналастыру
үшін әлеуметтік желілерде (Facebook,
Instagram, Telegram, WhatsApp)
мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің чаты құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: