Информатика теория жинақ Құрастырған: Информатика Ұбт эксперті Нұрбол Қалдыбаев Instagram



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата14.04.2024
өлшемі237,87 Kb.
#200819
  1   2
Байланысты:
инфо теория жинақ
Auerbach-Handout-Paragraph-Writing-Examples


@NURBOL_QALDYBAEV 
Информатика ҰБТ – Нұрбол Қалдыбаев 

ИНФОРМАТИКА ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 
Құрастырған: 
Информатика ҰБТ эксперті Нұрбол Қалдыбаев 
Instagram:
 
https://www.instagram.com/nurbol_qaldybaev/
 
 
 
 
 
КОМПЬЮТЕР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ 
 
 
 
 
 
 


@NURBOL_QALDYBAEV 
Информатика ҰБТ – Нұрбол Қалдыбаев 

Компьютер жады – ақпараттарды сақтауға арналған 
құрылғы. 
Компьютердің ішкі жады негізгі қызметтерді атқарады, 
өйткені процессор осы жадымен тікелей жұмыс істейді 
Сыртқы жады - программалар мен ақпараттарды 
(магниттік, оптикалық дискілер жəне флэш-жады) 
тасымалдаушы құралдар арқылы ұзақ уақыт сақтауға 
арналған құрылғы 
Дербес компьютердің конфигурациясы - бұл компьютерге 
енетін белгілі бір міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін 
функционалдық құрылғылар мен жүйелік ресурстардың 
сипаттамалары. 
Компьютердің базалық конфигурациясы - компьютерде 
жұмыс істеу үшін жеткілікті аппараттық жəне 
программалық құралдардың ең аз жиынтығы 
Компьютердің негізгі конфигурациясы жүйелік блоктан, 
монитордан, пернетақта мен тінтуірден тұратын 
компоненттердің ең аз жиынтығын қамтиды.
Компьютердің ең негізгі құрылғысы – жүйелік блок. 
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғылар – ішкі 
құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы 
құрылғылар деп аталады 
Жүйелік блоктың негізгі конфигурациясына кіретін ішкі 
құрылғылар – аналық тақша, процессор, жедел жады 


@NURBOL_QALDYBAEV 
Информатика ҰБТ – Нұрбол Қалдыбаев 

құрылғысы (ЖЖҚ немесе RAM), қатқыл диск, 
бейнекарта, қуат көзі 
Жүйелік блоктың артқы тақтасына желілер мен порттар 
(монитор, тінтуір, пернетақта), қосымша құрылғыларды 
қосатын қосқыштар (принтер, порттар, модем, сканер, 
микрофон) орналасқан. 
Аналық тақша – барлық негізгі бөлшектер мен тораптар 
орнатылған компьютердің басты микросызбасы. 
Процессор - компьютердің басты бөлігі, яғни 
компьютердің «миы». 
Шиналардың негізгі үш түрі бар: деректер шинасы, 
адрестік шина, командалық шина 
Бейнекарта (графикалық карта, бейнеадаптер, GPU) 
графикалық ақпаратты мониторға шығарады жəне 
өңдейді. 
Программа – магниттік мəлімет тасымалдаушыда 
(дискіде) файл түрінде сақталып, пайдаланушының 
командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, 
орындауға арналған мəшине тіліндегі нұсқаулар жиыны 
Программалық қамтамасыз ету – компьютерді басқаруға 
арналған программа немесе программалар жиынтығы. 
Жүйелік программалық жасақтама – компьютерлік 
жүйенің жұмыс істеуін жалпы басқаруды жəне оның 


@NURBOL_QALDYBAEV 
Информатика ҰБТ – Нұрбол Қалдыбаев 

техникалық қызмет көрсету функцияларын орындауды 
қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. 
Қолданбалы программалық жасақтама – компьютерді 
пайдаланушыларға арналған белгілі бір мəселелерді 
шешуге көмектесетін программалар жиынтығы. 
Инструменталдық программалық жасақтама 
программалау тілінде компьютерге арналған жаңа 
программаларды құруға ықпал етеді. 
Еркін қолданыстағы программалық жабдықтамалар (Open 
Source). бұл программаларды тегін пайдалануға, өзгертуге 
жəне таратуға болады. 
Тегін программалық жабдықтамалар (Freeware). Бұл 
программаларды коммерциялық мақсаттан тыс, тегін 
қолдануға болады. мысалы: 
Шектеулі (шартты) - тегін программалық жабдықтамалар 
(Shareware). бұл программаларды пайдалануда кейбір 
функциялардың қызметі орындалмайды. 
Коммерциялық лицензияланған программалық 
жабдықтамалар. бұл программаларды пайдалану үшін 
əрбір көшірмеге ақы төленеді, программа кодын өзгертуге 
жəне деректерді ауыстыруға тыйым салынады. 
Қазіргі уақыттағы программалық жасақтаманың сапа 
критерийлері: 
• функционалдық; 


@NURBOL_QALDYBAEV 
Информатика ҰБТ – Нұрбол Қалдыбаев 

• сенімділік; 
• тиімділік; 
• эргономикалық; 
• мобильділік 
1. Екілік кодтау қағидасы. Компьютердегі барлық ақпарат 
екілік код түрінде сақталады. 
2. Жадтың біркелкілік қағидасы – деректер мен 
орындаушы кодтардың бірге сақталуы. 
3. Адрестік қағидасы – компьютердің барлық жадындағы 
деректердің қолжетімділігі. 
4. Программалық басқару қағидасы. Компьютерде 
орындалатын есептер алгоритмдер көмегімен шешіледі. 
АЛҚ (арифметикалық-логикалық құрылғы) 
операндтардың (мəліметтер, командалар) арифметикалық 
жəне логикалық операцияларын орындайды.
БҚ (басқару құрылғысы немесе автоматы) компьютердің 
барлық құрылғыларының жұмысын басқарады. 
Регистрлер – процессордың ішкі жадысы. 
• сумматор – əр операцияны орындауға қатысатын 
арифметикалық-логикалық құрылғының регистрі; 
• командалар есептеуіші – мазмұны келесі орындалатын 
команданың


@NURBOL_QALDYBAEV 
Информатика ҰБТ – Нұрбол Қалдыбаев 

адресіне сəйкес келетін басқару құрылғысының регистрі; 
• командалар регистрі – команданы орындауға қажетті 
уақыт
аралығында, команданың кодын сақтап тұратын басқару
құрылғысының регистрі. 
Шина – сандық ақпаратты таратуда байланыстырушы 
ретінде пайдаланылатын өткізгіштер тобы. 
Деректер шинасы. Бұл шина арқылы түрлі құрылғылар 
арасындағы деректер таратылады. 
Адрестік шина процессор жүгінетін құрылғының немесе 
жады ұяшығының адресін жіберуге арналған. 
Басқару шинасы арқылы ақпаратпен алмасу сипаттамасын 
анықтайтын оқу, жазу, дайындық тəрізді сигналдар 
жіберіледі. 
• процессордағы ядролардың саны бір мезетте бірнеше 
қосымшаның жұмыс жасауына мүмкіндік береді. 
• процессор жиілігі – жүйелік шина мен процессор 
арасында жіберілетін деректердің жылдамдығы. 
• процессордың жылу бөлгіштігі Ватпен өлшенеді, ол 
желдеткіштің (кулердің) қандай қуатпен жұмыс 
жасайтынын көрсетеді. 


@NURBOL_QALDYBAEV 
Информатика ҰБТ – Нұрбол Қалдыбаев 

Информатикадан пайдалы материалдар салынып 
тұратын 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет