Глобальді компьютерлік желі 1. Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі.
2. Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық торап, бұлттар, активті және пассивті коммуникациялық құрылғылар.
3. Физикалық және логикалық топология.
4. Бірлік ортасына қатынас құру әдістері.
Желіде құрылғылар арасында өзара әрекеттерді ұйымдастыру күрделі есеп болып табылады. Күрделі есептерді шешуге декомпозиция деп аталатын әмбебап тәсіл қолданылады. Яғни бір күрделі есепті бірнеше қарапайым есеп модульдерге бөлу. Декомпозиция процедурасы жекелеме есептерді шешетін әрбір модулінің функциясын дәл анықталуын және олардың арасындағы интерфейсті қамтиды. Яғни декомпозиция нәтижесінде есепті логикалық ықшамдау болады және жүйенің қалған бөліктерін өзгеріссіз жекелеме модульдерін модификациялау мүмкнідігі пайда болады. Мысалы: Сурет. Декомпозицияда көп жүйелі модульдердің барлық жиынын деңгейлерге бөледі. Ал деңгейлер өз кезегінде иерархияны құрайды. Деңгейлер жоғарғы және төмен болып бөлінеді. Әрбір деңгейді қарастыратын модульдер жиыны өз есептерін шығару үшін олар өзінен төмен орналасқан модульге сұраныс жасайды. Ал барлық модульдің жұмыс нәтижесі өзінен жоғары тұрған модульге беріледі. Осындай есептін иерархиялық декомпозициясы әрбір деңгейдің қызметін және деңгейлер арасындағы интерфейстерді нақтылауды көздейді. Мұндағы интерфейс төмен жатқан деңғгейдің жоғарғы деңгейге ұсынатын қызметтер жиынтығын анықтайды. Мысалы: Сурет. Бір деңгейде бірақ әртүрлі түйіндерде жататын желілік компоненттердің алмасатын хабарламасының тізбегін және форматын анықтайтын фломалданған ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады. Көрші деңгейдің протоколын жүзеге асыратын және бір түйінде болатын модульдер бірбірімен нақты анықталған ережелерге сәйкес және хабарламаның стандартталған форматтар көмегімен өзара әрекеттеседі. Осы ережелер интерфейс деп аталады. Яғни интерфейс берілген деңгейдің көрші деңгейге көрсететін қызметтің жиынын анықтайды. Қорытынды. Протоколдар әртүрлі түйіндердің бір деңгейдегі әрекеттесу ережелерін, ал интерфейстер бір түйінде көрші деңгейдегі модульдерді әрекеттесу ережелерін қарастырады. Сурет. Әрбір деңгейдегі құралдары біріншісі өзінің меншікті протоколын, ал екіншісі көрші деңгейлер мен интерфейсті өңдеуі қажет. Желідегі түйіндердің әрекетін ұйымдастыру үшін жеткілікті болатын иерархиялық түрде ұйымдасқан протоколдың жиыны коммуникациялық протоколдың стегі деп аталады. Стэк дегеніміз – ЭЕМ-нің «дүкен» тәрізді жадысы. Адрестелетін жадыға соңынан келдік бірінші шықтық тәртібі бойынша жұмыс істейді. Коммуникациялық протоколдар бағдарламалық және аппараттық болып жүзеге асады. Ал жоғарғы деңгейлер протоколы таза бағдарламалық құралдармен жүзеге асады.