«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер. М. Жұмабаев «Қазақ тілі»



бет1/4
Дата11.02.2023
өлшемі21,45 Kb.
#168365
  1   2   3   4
Байланысты:
7м3 сор №1 мұғалім


Сынып: 7м2
Күні: 20.09.2022ж.
Мұғалімнің аты-жөні: Малаева Б.М.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып үйренеміз.
Үш тілді білу – үлкен өнер. М.Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі», бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым


Оқу мақсаты 7.1.2.1 тыңдалған мәтіннен ақпараттың өзектілігін анықтау
7.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем
ішінде орынды қолданып айту.
Бағалау критерийі Білім алушы

  • тыңдалған мәтіннен ақпараттың өзектілігін анықтайды

  • ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтады



Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Орындау уақыты 20 минут


Тыңдалым
(мәтін оқушыға бейімделген)
Полиглот қыз
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі.
Ұлыбританияда тұратын Соня Янг есімді 10 жасар қыз қазақ тілін меңгерген. Жақында Соня өз еліндегі жас лингвистер байқауында жеңімпаз атанды. Соня он тілде, соның ішінде біздің ана тілімізде еркін сөйлейді. Соняның отбасы Англияға Тайвань аралынан қоныс аударыпты. Тайваньда тұрған кезінде Соня қытай, ағылшын және жапон тілдерінде сөйлеген екен. Кейін неміс, француз, испан, португал тілдерін үйренген. Ал былтырдан бері қазақ және ганда тілдерін үйрене бастапты. «Көп тіл білу – заман талабы, сондықтан тіл білгім келеді. Тілдерді үйрену маған қызық. Түк қиындығы жоқ. Ынта-ықыласың болса, кез келген тілді меңгеруге болады,» - дейді полиглот қыз.
(109 сөз)
«Ұлан» газеті»
1-тапсырма.
1. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз.
А) шет тілін үйрену
B) мемлекеттік тілді үйрену
С) тілдерді үйрену
D) қоныс аудару
Е) жапон тілін үйрену



  1. Соня тіл үйренушілерге қандай кеңес берді?

А) лингвистер байқауына қатысу
B) ынта-ықыласпен тілдерді меңгеру
С) ағылшын және жапон тілдерінде сөйлеу
D) қоныс аудару
Е) мемлекеттік тілді білу

  1. Мәтінде көтерілген мәселенің өзектілігін көрсететін сөйлемді табыңыз.

А) Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі.
B) Көп тіл білу – заман талабы, сондықтан тілдерді үйрену қажет.
C) Ұлыбританияда тұратын Соня Янг есімді 10 жасар қыз қазақ тілін меңгерген.
D) «Ынта-ықыласың болса, кез келген тілді меңгеруге болады,» - дейді полиглот қыз.
E) Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет