«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі» пәні бойынша


Лекция:28. Тақырыбы: Дінмұхамет Ахметұлы. Қонаев



бет5/8
Дата06.11.2016
өлшемі4,46 Mb.
#1149
1   2   3   4   5   6   7   8

Лекция:28. Тақырыбы: Дінмұхамет Ахметұлы. Қонаев.



Жоспар:

1.Қонаевтің түлға ретінде қалыптасуы

2.Д. А Қонаев «Өтті дәурен осылай» атты естелік еңбегі.
Пайдаланатын әдебиеттер.
а)негізгі

1. Д. А. Қонаев. Өтті дәурен осылай. Алматы „ Дәуір, 1992

2.Д. А. Қонаев. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы. „ Санат, ”1994 53 бет.

3.Д. А. Кунаев. От Сталина до Горбачова. 1995 Алматы „ Санат” 31 бет

4.Д.А. Қонаев. „ Халықтық Қытайда өткізген 30 күн ” Алматы Дәуір баспасы 1991,

б)қосымша

1.Тулепбаев. Б.А. Тулепбаева К.У. Д. А. Кунаев - Выдающийся государственный и политечиский деятель. Алматы „ Наука” 1998, 39 бет

2.Шәмшәтұлы. И. Д. А. Қонаев қызыметіне қалай кетті. „ Елу жыл ел ағасы ” кытабында Алматы. „ Санат”. 2002,
Лекция мәтіні
Қонаевтің түлға ретінде қалыптасуы сталиндік кезеңге сай келді, яғни қатаң орталықтанған әкімшілік жүие жаңатылды. Оның тағдырына ықпал еткен әлеуметтік - экономика социолизм идиалдарына деген нық сенім, ал екінші жағынан - репрессиялар, тұтас халықтың мәдениетін, этникалық мәдениетін, тарихын жайып жіберетін жүйенің қатаң шешімдерін тән болды.

Студенттің кезеңнің өзінде - ақ Д. Қонаев Республиканың ауыр жағдайда екеніне көзі жетті. Осының есінде сақтап, ол республика басшысы ретінде оның дамуына елеулі үлес қосты. Даму бағдарламасы өнеркәсіптік өндірістің, ауыл шаруашылығының, интинсивті құрлыстың қалыптасуына бағытталған еді. Қалайын әлеуметтік - экономикалық жағдай елдің демографиялық өсіне де ықпал етті. Басқару сапасын көтеру мақсатынада үш жаңа обылыс үйымдастырылды мыңдаған тұрғын пункттері, оның ішінде 43 қала құрылды. Республиканың ғылыми потенциялын қалыптастыруда ерекше көңіл бөлінді.

Жас инжинердің кәсіби жолы 1936 ж Мәскеу түсті металлдар және алтын институтын бітіргеннен, кейін Балқаш құрлысына жолдама алғаннан кейін басталды.

Жай машинистен кеннің бас инжинері не деген еңбек жолын атап, Қонаев жоғарғы кәсіби басшы болды. 1938 ж қараша айында алғашқы Балхаш мысы шықты Д. А. Қонаев “ ерен еңбегі үшін ” мемлекеттік марапатқа ие болды.

1938 ж қыркүйекте Д. Қ. Қонаев Риддер таукенінің директоры болып тағайындалды. Қысқа мерзімде жаңа директор артта қалған кен орнын өндіріс көлемін ұлғайтып алдыңғы қатарлыға айналдырды.

1942 ж сәуір айында Қонаев Республиканың халық комиссарлар кеңесінің төрағасының орынбасары етіп тағайындалды. 1949 ж ақпан айының соңында компартияның IV сьезінде ОҚ мүшесі болып сайланды.

1952 ж Дінмұхамед Ахмедұлы Ғылыми Академиясының президенті болып тағайындалды. 1955 ж наурыз айында Қонаев Республиканың Министрлер кеңесінің төрағалығына бекітілді. Ал Ғылым Акедемиясының президенті болып Қ. И. Сәтбаев сайланды. Осы кезеңде түсті металлургия, құрлыс, геология, энергетика министрліктері құрылды. Осы жылы компартияның орталық комитетінің бірінші хатшысы болып Л. Н. Брежнев сайланды. Тың жерлер эпиопиясы басталды. Тың жерлерді игеру одақтас республикалардан жаппай миграциямен қатар жүрді. Бұл Қазақстанның экономикалық дамуына үлкен ықпал етті. Экономика құрлымын, республиканың жалпы әлеуметтік дисмографиялық ахуалын да өзгертті. 1959 ж Қазақстан үшін ауыр кезеңнің бірі болды. Республика астық сату жоспарын орындай алмады. Теміртауда жұмысшылар ереуілге шығып тәртіпсіздік басталды. 1960 ж 19 қаңтар күні компартияның орталық комитетінің Пленумында Белияев сынға алынып, қызметінен босатылды.

Осы күні Қонаев бір ауыздан БКП – ң орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

1962 ж желтоқсан айында Қонаевты қызметінен босатып Министірлер кеңесінің төрағасы етіп тағайындайды, ол КОКП – ң ОҚ - ң бірінші хатшысы Н. Хрущевпен келіспеулік нәтижесінде болды.

1964 ж Д. А. Қонаев Мәскеуде КОКП – ң ОҚ – ң Пленумына қатысады, онда Хрущев қызметінен босатылып Л.И. Брежнев сайланады. 7 желтоқсан 1964 ж Алматыда ҚКП – ң ОҚ – ң Пленумы бірінші хатшы И. А. Юсуповты қызметінен босатып Қонаевті қайта сайлады. Л. Брежнев басшылығымен Қонаев 28 ж қызмет етті.

КОКП – ң Оқ – ң хатшысы Брежнев кезінде М. А. Суслов болды. Ол шығармашылық интелегенцияны бақылады. О. Сүлейменовтың “ Азия ” кітабы жарық көргеннен кейін, орталық басылымдарында қазақ жазушысы қуғындалды. Оған тарихи фактілерді бұзу, “ Слово о Полку Игореве ” таптау деген және „ қазақ ұлтшылдығы” деген кінәлар тағылды.

Д. А. Қонаев кітапты оқып О. Сүлейменовке қолдау көрсетті. Сусловпен келіспеген Қонаев Брежневке кіріп, шығарманы оқып шығуды өтінді. Мәскеудің Олжасты диссидентке және ұлтшылға айналдыру іс әрекеті жүзеге аспады.

10 қараша күні Политбюро мәжілісінде Брежневтің қайтыс болғаны жарияланды. 1985 ж Қазақстан компартиясының XVI съезі өтті, оны соңғы рет Д. А. Қонаев басқарды. 1986 ж күзде Қонаев М. Е Горбачевқа зейнетке кету туралы өтінішін тапсырды. Іс жүзінде ол Қонаевтің 1986 ж желтоқсан оқиғасынан кейінгі қуғындауына жол ашты.

11 желтоқсан 1986 ж Қонаевтың қатысуысыз оны зейнетке шығару туралы шешім қабылдаған саяси бюро отырысы өтті. 16 желтоқсан күні таңертең ҚКП Пленумі Қонаевті зейнетке шығарып салып, бірінші хатшы етіп Г. В. Колбинді сайлады.

Сол уақыттағы барлық жетекшілер сияқты Д. А. Қонаев партиялық институцианализацияның барлық кезеңдерінен өтті. Яғни алғашқыда өндірісте жұмыс істеп партиялық қызметке ауысты. Қазіргі уақытта көптеген саяси зерттеушілер Д. А. Қонаевтің ұзақ саяси ғұмыры мен қызметін Л. И. Брежневпен жеке достығымен байланыстырады. Бірақ оны мінез құлқының, ақыл-ойының психологиялық интеллектінің және терең білімділігінің ерекше қасиеті оны тоталитарлық кезеңнің саяси жетекшілер қатарында ерекше орынға ие болуына мүмкіндік берді. Өзін жоғалтпай Қонаев халық арасында қолдау мен құрметке ие болып беделін сақтады.

Ауыл шаруашылығы тың игерген жылдарда күрт көтерілді. 1954 -1979 жылдар ішінде Қазақстанда 290 млн. тоннаға жуық астық өнімдері дайындалыпты.

„ Бір жолы Алматыда өткен көкөніс өсірдушілердің кеңесі кезінде “ Алматы ” колхозының төрағасы Л. Манько қабылдауыма келіп, үй орнындай жерден қалай мол өнім алып отырғанын айтты.

Алақандай жерден алынған дүниені олжа көргеннен гөрі түгел кәдеге асырсақ мына астана халқы көкөніске қарық болмаспа еді? Кербұлақ алабын игеруге осылай қадам жасалды. Қазір Кербұлақ алқабындағы шаруашылықтар миллоннан астам тұрғыны бар астананы бау- бақшалық зақымдармен қамтамасыз етеді.”

Республикада 1936 жылы небәрі 16 жоғары және 83 арнаулы оқу орындары бар екен . 1980 жылдары жоғары оқу орны 55 ке екі университет , арнаулы оқу орны 231 жетті . 1978 жыл ұмытылмас жылдардың бірі , Алматы да бүкіл дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының халықаралық конференциясы өтті.

1973 жылдан бастап әлемнің ондаған іргелі елдері мен байлныс жүйесін жолға қойды.

„ Ширек ғасыр. Аз уақыт емес. Осынша жыл бірінші хатшы боп істеген кезде орталық Комиттетің бюро мүшелерімен бірге республикамыздың әлеуметтік- эканомикалық өсіп - өркендеуіне байланысты көптеген күрделі проблемаларды шештік.” Кадрлар қатарының нығайуына күш салдық. Саяси шыңдалу мектебінен өшкен ұйымтастыру қабілеті мол талай жастар жоғарылатуда.

Аса жауапты партия және кеңес жұмыстарындағы басшылық орындарға жүздеген азаматтар жоғарылатылды. Соладың бірі Н. Назарбаев.

1968 жылы Қарағанды облысық партия комитетінің хатшысы Н. Банников Иркутскіге қызметтке ауысты да, оның орнына қазақстан компартиясы орталық комитетінің ұсынысы бойын ша бірінші хатшылыққа жергілікті ұлттан сайлауға ұйғарым жасайды. Орталық комиттетің партия органдары бөліміне тиісті нұсқау берді. Көп кешікпей бұл орынға Теміртау қалалық партия комитетінде, сосын Қарағанды металлургиялық комбинатында партком хатшысы боп істеген Н. Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Оның анкетасында Қарағанды металлургиялық заводының жанындағы жоғары техникалық оқу орыны және КОКП орталық комитеттің жанындағы жоғары партия мектебін бітіргендігі көрсетіліпті. Дербес партия және шаруашылық жұмыстарда болмапты. Оған қалалық партия комитеті дұрыс мінездеме беріпті.

„ Мен жас комунистің бұдан былайғы тағдырына қамқор болуды ойлап, орталық комитеттің бюросында оның кандидатурасын қолдадым. Қарағандыға келген бір сапарында Акумцевпен, Досмұхамедовпен және Назарбаевпен бірге Қарқаралыға барды. Сол жолы мен Н. Назарбаевпен жақынырақ таныстым. Ол маған ұнады, уақыты келген тұста оны Қазақстан компартиясы орталық комитеттің өнеркәсіп жөніндегі хатшылығына ұсынылды”.

Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқсру ісіне арнады, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызметін атқара жүріп , республикадағы тау кен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып , елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды . Павлодар - Екібастұз отын- қуат кешені , Қарағандыдағы ГРЭС, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр станциясы , Павлодар трактор заводы, т.б. кәсіпорын дар осы кзеңде іске қосылды. Маңғыстау дың минай кен орындары игерілді, темір жол құрылысы , көлік түрлері дамыды. Республіка титан, магний, синтетик , каучук өндіре бастады. Электротехника , машина жасау , химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғыстау және

Торғай облыстары шаңырақ көтерді. конав Алматы облысының Кербұлақ алқабын игеруге , Қапшағай су қоймасын , үлкен Алматы каналын салуға ерекше көңіл бөлді.

Студенттің кезеңнің өзінде - ақ Д. Қонаев Республиканың ауыр жағдайда екеніне көзі жетті. Осының есінде сақтап, ол республика басшысы ретінде оның дамуына елеулі үлес қосты. Даму бағдарламасы өнеркәсіптік өндірістің, ауыл шаруашылығының, интинсивті құрлыстың қалыптасуына бағытталған еді. Қалайын әлеуметтік - экономикалық жағдай елдің демографиялық өсіне де ықпал етті. Басқару сапасын көтеру мақсатынада үш жаңа обылыс үйымдастырылды мыңдаған тұрғын пункттері, оның ішінде 43 қала құрылды. Республиканың ғылыми потенциялын қалыптастыруда ерекше көңіл бөлінді.

10 қараша күні Политбюро мәжілісінде Брежневтің қайтыс болғаны жарияланды. 1985 ж Қазақстан компартиясының XVI съезі өтті. - оны соңғы рет Д. А. Қонаев басқарды. 1986 ж күзде Қонаев М. Е Горбачевқа пенсияға кету туралы өтінішін тапсырды. Іс жүзінде ол Қонаевтің 1986 ж желтоқсан оқиғасынан кейінгі қуғындауына жол ашты.

11 желтоқсан 1986 ж Қонаевтың қатысуысыз оны пенсияға шығау туралы шешім қабылдаған саяси бюро отырысы өтті.

16 желтоқсан күні таңертең ҚКП Пленумі Қонаевті пенсияға шығарып салып, бірінші хатшы етіп Г. В. Колбинді сайлады.

Сол уақыттағы барлық жетекшілер сияқты Д. А. Қонаев партиялық институцианализацияның барлық кезеңдерінен өтті. Яғни алғашқыда өндірісте жұмыс істеп партиялық қызметке ауысты. Қазіргі уақытта көптеген саяси зерттеушілер Д. А. Қонаевтің ұзақ саяси ғұмыры мен қызметін Л. И. Брежнев пен жеке достығымен байланыстырады. Бірақ оны мінез құлқының, ақыл-ойының психологиялық интеллектінің және терең білімділігінің ерекше қасиеті оны тоталитарлық кезеңнің саяси жетекшілер қатарында ерекше орынға ие болуына мүмкіндік берді. Өзін жоғалтпай Қонаев халық арасында қолдау мен құрметке ие болып беделін сақтады.

Сондай – ақ Қазақстанның күллі геология қызметі біріктірілген Геология министірлігі шаңырақ көтерді. Кейінірек энергетика министірлігі өз алдына отау тікті.

1955 жылы советтік Қазақстан тарихында тұңғыш рет біздің республикамыз жоғары халықаралық деңгейде аса мәртебелі қонақты қабылдады. Есімі дүние жүзіне белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі Үндістанның премер – министрі Джавахарлал Неруді қазақ жері құшақ жая қарсы алды. Неру сол кезде – ақ саяси әлемге таныла бастаған сүйікті қызы Индираны ерте келген. 1956 астық жинау барысын радио мен мерзімде баспасөз көсіле жазып, кеңінен көрсетті. Совхоздар мен колхоздар сөзінде тұрды. Жоспар бойынша 600 миллион пұт орнына отан қамбасына 1 млрд пұт астық құйылды. Республика Ленин орденімен наградталды. 130 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1957 жылы сәуірде орталық комитеттің ақпан пленумының шешімін басшылыққа ала отырып, Қазақстанда сегіз территориялық өнеркәсік және құрылыс басқармасы ұйымдастырылды. Атап айтқанда олар Шығыс Қазақстан, Семей Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан. 1562 ж қазан қазан айының 1 – нде Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылым акедемиясы құрылды. Агро - ғалымдардың осы жылдар ішінде Республика ауыл шаруашылығын өркендетуде бірқатар ғылыми проблемаларды ойдағыдай шешкенгін атап айтқан жөн. Соның бірі - аңызды сақтай отырып, қырышуышты соқамен топырақты баптау . Қой шаруашылығын дамытуда асыл тұқымды қойтуыла мал санын көбейтуде, қазақтың бияғы жүнді арқар мериносын шығаруда ғалымдардың үлесі ерекше. 1976 жылы жылқының жаңа туымы – көшім жылқысы пайда болды. Оның орташа салмағы 480 – 495 кг жететін. Ал Қазақтың ақбас сиырынан алынатын ет республикаға қыруар пайда әкелді. Сонымен бірге сүтті мол беретін жаңа тұқым - әулеата сиыры ел арасына әрі тез, әрә кең тарады. Биязы жүнді қой Қ. А. Бальманттың басшылығымен кейін басқарған және Сулу көл қойы деп екі типке бөлінген қазақтың солтүстік мериносы есімдері елімізге танымал ғалымдар Қ. Ұ. Медеубеков, Ә. Е. Еламанов, М. Ә. Ерековтың тікелей қатынасуымен дүниеге келді. Республикада мүйізді ірі қара мен қойдың шетелдік тұқымдарын өсіру жолға қойылды. әр жылдың өз қызығы өз қиындығы бар. 1958 жылы Алматыда телестудия құрылысы аяқталып, қазақ теледидары өз хабарларын тарата бастады.

Осы жылы 12 желтоқсанда қазақ әдебиетімен өнерінің Мәскеудегі он күндігі өзінің ұлыттық өрнегімен, ішкі мазмұнымен есте

қалды. Он күндікке қатысушылар үшін үлкен театр, кіші театр акедемиялық көркем театры және Мәскеуді басқарды ғажайып залдары бөлінді. 1959 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан КП олрталық комиетінің Пленумы өтті. Оған А. Брежнев қатысты. Пленум Беляевты орнынан алды. Сол күні Д. Қонаев орталық комитеттің бірінші хатдшылығына сайланды. Қазақстан тарихында оның партия ұйымын көптеген ұлт өкілдері басқарғаны баршаға аяан. Солардың көбі сырттан келгендер , Орталық “ маңдайынан шертіп жүріп ” таңдағандар . Ал жергілікті ұлттар бірінші хатшы болған Қонаев үшінші адам.

Осы жылдар ішінде қара металлургия қарқынмен дамыды. Соколов -Сарыбай және Лисаковск кен байыту комбинаттары Урал мен Қазақстан металлургиясының аса ірі барысына айналды . Еліміздегі ең қуатты ақ қаңылтыр цехы бар . Қарағанды металлургиялық комбинатының тұтас кешенінің құрылысы аяқталды. Ермак ферросплав заводы іске қосылып, толық қуатымен істей бастады.

Машина жасау және металл өңдеу саласы нығая түсті. Павлодардың трактор , Целиноградтың ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, Өскеменнің, Қарағандының , Петропаволдың, Оралдың, Шымкенттің , Алматының заводтары пайдалануға берілді, Прибор жасайтын , энергетикалық және автломабиль өнеркәсібінің , химия мұнай, құрылыс жол төсеу машиналарын жасайтын заводттардың шығарған өнімдері кеңінен мәлім . Республика ірі отын энергетикалық өнеркәсіп орталығы ретінде танымал жүзден астам көмір және мұнай көздері ашылды. Қарағанды мен Екібастұз көмір бассейіндері жоғары қарқынмен өркен жайды. Көмір өндіру 1955 жылы бары жоғы 28 млн тонна болса, 1986 жылы 130-132 млн тоннаға жетті. 1965 жылы Маңғыстаудың бір эмалон мұнайы тұңғыш рет өңдеуге жіберілсе , 1976 жылы жүз млн тонна мұнай өндірілгені туралы айтылды.

Электр қуаты 1955 жылы 14,5 киловатт болса , 1986 жылы 85 млн . киловатт сағатқа жетті.

Қазақстан жергілікті , жеңіл тамақ , ірі өнеркәсібінің өсу деңгейінен өзінің эканомикалық қуатының қай джеңгейде екенін көрсеткен республика Алматы мақта- мата комбинаты Қостанайда костюмдік маталар Өскеменнің жібек маталары комбинатының , Көкшетауда ленталық фабрика бой көтерді. Семей, Шымкент, Алматы толық тұтынатын тауар өндіретін аса ірі орталық саналып отыр. Автомбиль , әуе қатынасы, темір жол транспорты өркен жайды. Барлық облыс орталықтарында осы күні әуе лайнерлерін қабылдайтын аэропорттар жұмыс істейді.

Қазақстан 60 жылдық торқалы тойы тойланатын жылы өнеркәсіп өнімдерін 1920 жылмен салыстырғанда 875 есе көп өндірілді.

Ауыл шаруашылығы тың игерген жылдарда күрт көтерілді. 1954 -1979 жылдар ішінде Қазақстанда 290 млн. тоннаға жуық астық өнімдері дайындалыпты.

Бір жолы Алматыда өткен көкөніс өсірдушілердің кеңесі кезінде “ Алматы ” колхозының төрағасы Л. Манько қабылдауыма келіп, үй орнындай жерден қалай мол өнім алып отырғанын айтты.

Алақандай жерден алынған дүниені олжа көргеннен гөрі түгел кәдеге асырсақ мына астана халқы көкөніске қарық болмаспа еді? Кербұлақ алабын игеруге осылай қадам жасалды. Қазір Кербұлақ алқабындағы шаруашылықтар миллоннан астам тұрғыны бар астананы бау- бақшалық зақымдармен қамтамасыз етеді.

Республикда 1936 жылы небәрі 16 жоғары және 83 арнаулы оқу орындары бар екен . 1980 жылдары жоғары оқу орны 55 ке екі университет , арнаулы оқу орны 231 жетті . 1978 жыл ұмытылмас жылдардың бірі , Алматы да бүкіл дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының халықаралық конференциясы өтті.

1973 жылдан бастап әлемнің ондаған іргелі елдері мен байлныс жүйесін жолға қойды.

Ширек ғасыр. Аз уақыт емес. Осынша жыл бірінші хатшы боп істеген кезде орталық Комиттетің бюро мериелерімен бірге республикамыздың әлеуметтік- эканомикалық өсіп - өркендеуіне байланысты көптеген күрделі проблемаларды шештік. Кадрлар қатарының нығайуына күш салдық. Саяси шыңдалу мектебінен өшкен ұйымтастыру қабілеті мол талай жастар жоғарылатуда.

Аса жауапты партия және кеңес жұмыстарындағы басшылық орындарға жүздеген азаматтар жоғарылатылды. Соладың бірі Н. Назарбаев.

1968 жылы Қарағанды облысық партия комитетінің хатшысы Н. Банн иков Иркутскіге қызметтке ауысты да, оның орнына қазақстан компартиясы орталық комитетінің ұсынысы бойын ша бірінші хатшылыққа жергілікті ұлттан сайлауға ұйғарым жасайды. Орталық комиттетің партия органдары бөліміне тиісті нұсқау берді. Көп кешікпей бұл орынға Теміртау қалалық партия комитетінде, сосын Қарағанды металлургиялық комбинатында партком хатшысы боп істеген Н. Назарбанвтың кондидатурасы ұсынылды. Оның анкетасында Қарағанды металлургиялық заводының жанындағы жоғары техникалық оқу орыны және КОКП орталық комитеттің жанындағы жоғары партия мектебін бітіргендігі көрсетіліпті. Дербес партия және шаруашылық жұмыстарда болмапты. Оған қалалық партия комитеті дұрыс мінездеме беріпті.

Мен жас комунистің бұдан былайғы тағдырына қамқор болуды ойлап, орталық комитеттің бюросында оның кондидатурасын қолдады. Қарағандыға келген бір сапарында Акумцевпен, Досмұхамедовпен және Назарбаевпен бірге Қарқаралыға барды. Сол жолы мен Н. Назарбаевпен жақынырақ таныстым. Ол маған ұнады, уақыты келген тұста оны Қазақстан компартиясы орталық комитеттің өнеркәсіп жөніндегі хатшылығына ұсынылды.

Назарбаевтың ең басты артықшылығы оның жастығы, алғырлығы мен қайрат жігері еді. Тап бүгінгідей ай сайын күрт төмендеп бара жатқан халықтың мүшкіл жағдайында , эканомиканың құлдырап, кеңес одағының

Пленум Н.С. Хрущевті КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бір інші хатшысы етіп КСРО Жоғарғы Кеңесі А. Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, кеңесі және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік қағида бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп. бағаланып, олардың террториялық - өндірістік қағида бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзітіле бастады. Дегенмен осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықал жасады.

1964 – 1965 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтың – республикалық министірліктер мен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды.

Қарастырылып отырған кезеңде Оталық партия комітеті 1965 ж. Наурыз Пленумы шешімдері егізінде аул селолық әлеуметтік мәселлерін дұрыс шешу, аул шаруашылық өніміне сатып Алу бағаларын арттыру жөнінде шаралар белгілнді. Бұл реформаның маңызды элементі аул шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдестерге көшудің қажеттігін, сон дай – ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу еді. Жеке, қосалқы шаруашылықты жоюға байланысты өткен жылдарғы асыра сілтеушілік айыпталды. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өндірісін едәуір жақсартуға игі әскрін тигізді.

КОКП Орталық Комитетінің 1965 ж қыркүйек айында өткекн Пленумының шшімдері бойынша өнеркәсіп салаларында жоспарлады жетілдіру, сондай – ақ, жаңа техниканы енгізу, материалдық ынталандыру бағдарламасын іске асуруға айырықша көңіл бөлінді. Жаңа техниканы енгізу үшін әрбір кәсіпорында жоспар жасалды. Ірі кәсіорындары мен құрлыстарыда техникалық прогреске жәрдемдесу жөніндегі арнаулы комиссиялар құрылды. Олар өндрістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының іске Асуана ықпалын тигізді.

КОКП Орталық комитетінің 1965 ж қыркүйек айында өткен Пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салаларында жоспарларды жетілдіру, сон дай – ақ жаңа техниканы енгізу, материалдық ынталандыру бағдарламасын іске асыруға айырықша көңіл бөлінді. Жаңа техниканы енгізу үшін енгізу үшін әрбір кәсіпорындар жоспар жасалды. Ірі кәсіпорындары мен құрлыстарда техникалық прогреске жәрдемдесу жөніндегі арнаулы комиссиялар құрылды. Олар өндірістің процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының іске Асуана ықпалын тгізді. Соның нәтижесінде көптеген кәсіпорындар, оның ішінде Қарағандының 2 – ГРЭС – і мен Бұхтырма ГЭС – і техникалық - экономикалық көрсеткіштері жоғары станцияларға айналды. Екібастұз көмір разрезі өнімділігі жоғары механизмдермен жарақталған көмір өндіретін өркендеген кәсіпорын қатарына қосылды.

Сегізінші бесжылдықты жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа тіртібі бойынша Қазақстанда ондаған өнеркәсіп орындары, соның ішінде Өскемен қорғасын мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматының Жетісу аяқ киім фабрикасы, Семей шұға комбинаты және басқалары жұмыс істрй бастады. 1966 жылы бұл кәсіпорындар өнім өткізу жоспарларын асыра орындап, жоспардан тыс көп пайда тапты, өндірістің тиімділігін күрт артырды. 1966 – 1967 жылдарда жаңа жүйе бойына жұмыс істеуге республикада, негізінен неғұрлым ірі және табысы көп кәсіпорындар көшірілді. 1967 жылдың аяғына таман 193 кәсіпорын, яғыни респулика ірі – ірі кәсіпорындарының жалпы санының 10 пайызы жаңа жүйе бойынша жұмыс істеді. Мунда барлық қызметкерлрдің төрттен бір бөлігі істеп, олар жалпы өнеркәсіп өнімінің үштен біріне жуығын өндірді. 1968 – 1969 жылдары 13 министрлік пен ведомстволар өз кәсіпорындарын шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесіне көшіруді аяқтады. Жаңа жүйе бойынша жұмыс ұйымдастыру өнеркәсіпте ғана емес, сон дай – ақ құрлыс пен транспортна да енгізілді. Бұған қоса реформа коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын, “ Казсльхозтехника ” бірлестіктерінің шаруашылықтарын, Байланыс министрлігіндегі басқармалардың жартысына жуығын, Шығыс Қазақстан геология басқармасын, 323 совхозды, Республиканың сауда министрлігі мен Қазақ республикалық тұтынушылар одағының сауда жасайтын ұйымдарын қамтыды. Шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесіне көшкен кәсіпорындар мемлекетке өткізілетін өнімнің бестер төрт бөлігінен астамын өндірді. 1970 жылы көмір өнеркәсібінде олар өнімнің 98 пайызын және Қазақстан көмір өнеркәсібінің барлық кәсіпорынарының түсірген пайдасының 17 пайызын берді. Түсті металургия кәсіпорындары мұның алдындағы бесджылдыпен салыстырғанда өздерінің қызмет көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 60 пайыздан сты, пайда 100 пайыз, еңбек өнімділігі 45 пайыз артты.

Бесжылдықтың аяғында республикада жоспарлау мен матралдық ынталандырдың жаңа жүйесі бойынша 1467 кәсіпорын жүмыс істеді. Олардың үлесіне өткізілген өнімнің 90 пайызға жуығы және табыстың 95 пайызынан астамы тиді. Жаңаша жүмыс істеген кәсіпорындар материалдық ынталандыру қорына қаржы аударуды арттырып, осы арқылы әрбір қызметкердің өз кәсіпорнының сапалық көрсеткіштерін жақстртуға деген мүдделілгін күшейтті. Шаруашылық реформасы өнеркәсітің, құрлыс пен көліктің тез қарқынмен дамуына жағдай жаса, бесжылдықтың тапсырмаларын орындауда елеулі рөл атқарды.

Сөйтіп, сегізінші бесжылдық Қазақстанның өндіріш күштерінің қауырт дамыған кезеңі болды. Республиканың халық шаруашылығына мұның алдындағы бесжылдықтағы 17,9 мляр. смның орнына бес жыл ішінде 23, 8 млрд. Сом жұмсалды. Ұлыттық табыс 41 пайыз, өнеркәсі өндірісінің көлемі 55 пайыз артты. Тұтас есептегенде бес жыл ішінде осының алдындағы он жыл ішінде өндірілген мөлшерде өнім алынды. 1970 жылы қазақстан 18 , 2 млн. тонна темір рудасын, 1,8 млн. тонна шойын, 2,2 млн. Тонна болат, 2,5 млн. тонна қара металл прокатын, 61, 5 млн. тонна көмір, 13,1 тонна мұнай 2093 млн. теше метр газ, 34, 5 миллиард киловат - сағат электр қуатын өндірді. Еліміздің халық шаруашылығында көмір, темір рудасын өндіруде, болат пен қара метал дар прокатын қорытуда Қазақстанның үлесі салмағы артты. Республіка қорғасын, мыс пен титанның жалпы одақтық өндірісінің едәуір бөлігін берді. Қазақстанның мұнай және химия өнеркәсібі жалпы одақтық маңызға ие болды. Өндіріс құралдары мен тұтыну бұйымдарын өндірудің арсындағы қатынастар едәуір жақсарды.

Өнеркәсіптің салалық құрлымында және территориялық орналастырылуында сапалық өзгерістер байқалды. Жаңа өнеркәсіп аудандары одан ары нығайып дамыды. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындары игеріліп, шаруашылық айналымға тартылды, өндірістік қорлар жоспарлы түрде ұлғайтылып, жаартылып отыды.

Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех қатарға қосылып, жүздеген зауыттар мен фарикалар қайта құрылды және құрлыс материалдары өнеркәсібі секілді салаларында ілгері басты.

Бұл арада айта кететін бір жайт осы ірі жетістіктер жұмысшылардың үлкен шабыты мен жанқиярлық жасампаз ынта - ықыласын жете пайдалану есебінен іске асырылады. Алайда, өнеркәсіп орындарын салуға, олардың іске қосуға одақтың түкпір – түкпірінен келген маман жұмысшыларға, комсомол шақыруына үн қосып, жаңа жерлерге аттанған жастарға жергілікті жерде тұрмыстық жағдай туғызылмады, олар азық – түлікпен жете қамтамасыз етілген жоқ. 1959 жылы Теміртауда Қарағанды металлургя комбинатын салуға жер – жерден келген жастардың бүліншілік жасауы осы жағдайға байланысты еді. Көтерліс басылды, кәсіпорындарда жүмысшылардың жағдайын жақсарту үшін шаралар алынды. Бірақ бұл оқиға әміршіл - әкімшіл жүйенің іріп – шіріп келе жатқан бір көрнісі еді.

Қазақстанда астық және мал. Шаруашылығы бағытындағы совхоздардың саны сегізінші бесжылдықта 1521 – ден 125 – ке дейін көбейді. Бұған қоса республикада 1970 жылдық аяғында ғылыми – зерттеу инститтары жанында 88 тәжірибелік, эксперименттік оқу және басқа совхоздар, сон дай – ақ мал семіртетін 104 совхоз бар – тын. Олардың шаруашылық есепке көшуі етек алды. 1967 – 1970 жылдар ішінде Қазақстанның 586 совхозы толық шаруашылық есепке көшті. Бұл жағдай совхоздардың рентабельдік деңгейін едәуір көтерді. Республиканың совхоздарында ауыл шаруашылық өнімдерін, әсіресе астық өндіру мол әрі рентабельді салака айналды.

Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы , оның салт- дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 - желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А. Қонаев қызметінен алынып, олның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.

Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының , соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар , т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында “ Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек” деген ұран болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне осындай күрделі жағдайда Г.В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып , оған С.М. Мұқашев, Н.Ә. Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин, М.С Меңдібаев, А.П. Рыбников, Л.Е. Даулетова , В.Н. Лобов, т.б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арсында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрект , ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар жоқтығы кейін қанша тексерседе анықталамды. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып , алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті “ Қазақ республикалық ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы” арнайы қаулы қабылдады Онда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақстандағы ұлтщылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрінген емес еді.

Қазақ жастарының 1986 жылғы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық - бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстримистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны “ Қазақ ұлтшылдығы” деп айыптауға дейін барды . Осыған байланысты 1987 жылғы 14 - наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда , өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау , номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке комунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет орындарында , тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орнынан алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай –ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан , 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 адам партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.

Жерілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, Олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г.В. Колбин Халықтың бақылау комитетінің төр ағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінң бірінші хатшысы болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған, Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей - тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.

Бір ерекше айтып кететін жәйт , қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе республикада, орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде қатаң жан- жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана - сезімі едәуір өсті[18]. Халық арасында орын алған жұмыссыздық , балалар өлімі, халықтың мәдени - тұрмыстық , үй -жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті.

Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму , ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын жоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

КСРО –ң халық шаруашылығын саяси - әкімшілік жағынан аудандастырудағы Хрущевтың жоспары бойынша әр республиканың тарихи қалыптасқан негізгі өндірісі болуы тиіс еді, мәселен Ресей астық өндіруі керек, Қазақстан қой шаруашылығын өркендетіп , Өзбекстан мақта өсірумен айналысуы қажет. Осындай аудандастыруға орай географиялық карта қайта қаралып Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін үш ауданын ( Киров, Ильичовка, Жетісай) Өзбекстанға берілді. Мұндай шешімге қарсы шыққан Қонаев Бірінші хатшылық қызметінен босатылды

Бұл 1962 жылы 16 желтоқсаны еді. Желтоқсанның осы бір күні кейін Д.А. Қонаев тағдырындағы қатерлі күнге айналып, 1986 жылы 16 желтоқсанында екінші рет қызметінен босатылды.

Ал 1964 жылы өз орнына қайта оралып , үш ауданды 1971 жылы қайтарып алады.

Алматыны заман талабына сай көркейту іске асырылды. Оны ойдағыдай жүзеге асырылғанын білеміз. Кез – келген одақтас республикамен салыстырып көріңіз, бір сүйем болса да бұл жағынан биік тұрмыз . Қайталап айтатын, шалғай ауылдар, аудандардың бұл саладағы өкпесі болса, ол орынды , бір “әттеген - айымыз” болса, содан кетті ме деген ой мазалайды . Сонда да болса назардан тыс қалдыр мауға тырыстық. Оған Ырғыз, Қорғалжын, Балқаш, Абай, күрті басқа да аудан орталықтарының келбеті куә. Облыс орталықтары түбірімен өзгерді.

Республика астанасы - Алматы бұрын қалай еді , қазір ше, дегенді қаланың байырғы тұрғындарынан иә елуінші жылдардан кейін сексенінші жылдардың жуан ортасында келіп көрген кісіден сұраған жөн шығар. Десе де, бұған дейін солардың айтқанындай астана Қызылордадан көшірілген тұста Алматыда 48 (кейбір деректер бойынша 45 ) мыңның үстінде адам тұрыпт. Бірлі - жарым екі қабатты үйлер болмаса, дені жер үйлер екен. Патшалық Ресей үшін жер сілкініп тұратын ( сейсмикалық) аудан ретінде ғана мәлім болған . Сөйтіп , көзден таса көңілден жырақ қалған . Шынында да 1887 және 1910 жылғы екі апат алып келген қасіретті бастан кешірген кісі түгілі, естіген жанның аза бойы қаза тұрады. Табиғат дүлейі дүрлктіріп кана коймай, қаланы жермен жексен етіпті. Сонғысында 600 үй, 120 - дам астам оқу, сауда орындарын, қоғамдық ғимараттарды түгел қиратыпты. Тек ағаш үйлер ғана шыдас беріпті. Жалпы, Алматыда шамалы дүмпулер жиі болып тұрады шамамен жылына 200 рет жер сілкінеді екен. Оған етіміз үйреніп кеткені сонша, жер сілкінеді – ау дегенді елең қыла бермейміз. Оның бер жағында ертеректе Кіші және Үлкен Алматы өзенінің арнасымен төмен қарай топан су жйі ағып, елдің апшысын қуратын қатер және бар еді. Мәселен, 1887, 1921 (бұл жайында жет жағалап жоғарыда жасылады ), 1956 және 1963 жылдары осындай тасқындар халықты қатты састырған. Бұл қауып –қатерден алматылықтар Медеу шатқалында жасалған тосқауыл бөгеттен кейін барып кұтылдық. Ол жайында кеңірек тоқталатың түс келеді[20].

Қырық жыл қырғын болсада ажалды өлер дегендей, соншама тілсіз жаулардан аман қалған бірқатар қалған ғймараттар бар. Сонын бірі талантты архитектор А.П. Зенковтын көзі – көп күмбезді собор, оның биіктігі 54 метр. Қалада бес мешіт бар еді, олар – ұйғыр, дүнған, өзбек, қазақ және шала қазақ, бесеуі бес түрлі, біріне – бірі ұқсамайтың, архитектуралық ерекшеліктерімен оқшауланып тұратын. Содан осы күнгі мешіт қана қалды. Құдай қаласа, жаңадан үлкен мешіт салынғалы талап жасалып жатыр. Дін мұсылман баласының зият тұтар қасиетті ғибадатқанасының ел рухын котеруген зол үлес болары анық.

Алматыда Кафедральды Собордан баска Покров, Никольск, Троицк, София және Архиерей шіркеулерінің, осы күнгі Фурманов көшесінін бойына орналаскан шағын шіркеудің қоныраулары жарысы соғылған кезде айнала түгел күңіреніп тұрғандай тұла бойың тітіркенетін.

Кіші Алматы өзенінің екі жақ жағалауы, Бас арықтан жоғарырақ қалың арасы түгел қаланың ығай мен сығайларының саяжайы еді. Түкті төбеге қарсы бетте, өзеннің он жақ бетінде генерал – губернатор Колпаковскийдің о шеті мен бұ жеті ат шаптырым келетін саяжайын көрген кісі тандай қақпай өтпейтін. Жер сілкінісі кезінде күр орыны ғана калды. Кейін оған елдін тілін, жердің бабын тапкан, жаналыққа жаны құштар, барды үқсата білген Медеу Пусырмановтың жаз жайлауына айналды. Қазыр бүл жерде әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдыны – спорт кешенімен мұндалайды. Оған төменірек осы күнгі қалалық кеңестің демалыс ұйлері тұрған жерде сол кезде де қала басшылары мен би – манатарының игілігінде болатын.

1854 жылы негізін қалаған қалада кейінірек байланыс бөлімшесі ашылды, ал 1868 жылдан Жетісу губерниясының облыстық басқармасы мен басқа да әкімшілік мекемелері жайғаса бастады. 1921 жылы қалаға өзінің Алматы деген байырғы аты кайтып берілді Қызылордадан Республика астанасының көшірілуіне орай қалада тұрғын үй және түрмыс қажетін өтеу объектілірің, оқу орындарының ғимараттарын, аурухана, өнеркәсіп өнеркәсіпөрындарын, әкімшілік үйлерін салу кен қанат жайды. Осы күнгі Үкімет үйі мен Орталық телеграф тұрған жер Әскери алаң деп аталатын, қақ ортасында Әскери собор бар еді.

Жасырып жабары жоқ, біздің қоғамдық құрылыстың әуелгі тұсында жақсы мен жаманды айыра алмай, әр кыйлы асыра сілтеулерге ұрынып қөп білместіктерді жіберіп алдық қой. Әсіресе, атеистер мен жоғары шенді басшылар көненің көзін, жақсының сөзін, тіпті өздірін түп – тамырымен жойып жіберуден шімірікпеді. Ата – баба өнегесіне тосқауыл қойды. Салт санамызды, әдет – ғұрыпымызды қастерлі дәстірімізді ескінің сарқыншағы деп, тамырына балта шапты. Ұлыттық киім, ою - өрнек ісмерлік, еәсіптік қолөнерге тыйым салынды. Ең қасиетті орын – мешіттер қиратылды. Дін адамдары қудаланды. Соның салдарынан кейін ұйғыр театрына берілген татар мешітінен басқасы түгелдей, оның ішінде Пішпек және Гостинодворский көшелеріндегі еврйлердің ғибадатханасы қас пен көздің арасында тып – тйпыл болды. Сөйтіп ел кәдесіне әлі де аса беретін әдемі ғимараттар яғни саулет өнерінің тамаша үлгілері көзден бұл – бұл ұшты. Кафедральды соборды, Никольск және Троицк шіркеулеріне көз алартып, күл – талқанын шығарғысы кеп кіжінгендер аз болмаса керек.

Алматы шаһарында не көп – жайма базар коп еді олар бұрыш сайын кезігетін. Бірінде жоғың екіншісінен табылатын, ел ит арқасы қияннан сабылып жүрмейтін, өздеріне үйреншікті жерден іздегенін тайып, қалғанын алатын. Оны да құдай қос көрмеді, түгелге жуық жаптырып тастады, Ал, бүткіл бір көше демей, бірақ көше сайын көзге оқшау көрінетін, еңсесі биік, етек - жеңі кең дербес үйлері, қала көркіне сән, ажарына әр беретін көпестердің талай кірсе шыққысыз дүкендерін төбе - төбе үйіндіге айналдырып жіберді. Әрине, кезіндегі келте саясаттың кесірінен кейін талай рет бармақ тістеп, санамызды соқтық қой. Соны ендігі ұрпақ қайталамаса, өткеннің өкініштерінен сабақ ала жұрсе, одан ұтылмас, сірә.

Қазақстанның 20 жылдығына Алматыда Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Торқалы тойға арналған салтанатты жиналысты жүртшылық Пролетар көшесіндегі осынау әсем ғимараттта өткізді, осылай жаңа өмірдің жақсы нышандары елді қуанышқа бөлей бастады. Соғыс өрті әлемді шарпып, жанымызды шүберекке түйіп отырған жылдары біз Алматыға біржола көшіп келген едік. Араға қаншама уақыт салып оралған адамға қандай өзгеріс болмасын, бірден көзге түседі. Сәулетші Простаковтың жобасы бойынша салынған опера және балет театры пайдалануға беріліпті. Ф.Э. Дзержинский атындағы клубта эвакуациямен келген Мәскеу кеңесінің театры орналасыпты. А. Корнейчуктың “ Майдан ” спектаклі тұңғыш рет осында қойылды. Мәдениет үйінде “ Мосфильм ” мен “ Ленфильмнің ” біріккен киностудиясы “ Иван Грозный ” ( 1- сериясы), “ Котовский ”, “ Біздің қаланың жігіті ”, “ Шапқыншылар”, “Аутком хатшысы”, “ Актриса ”, “ Күт мені ”, “Ол Отанын қорғайды ” көркем ленталарын көрсете бастаған - ды. “Ленфильмде ” 1938 жылы “ Амангелді” , 1940 жылы “ Райхан ” фильмдері қойылып, оған қазақтың тамаша өнер шеберлері Қанабек Бейсейітов , Құрманбек Жандарбеков, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров қатысты. Қызмет бабымен соғыс жылдарында Алматыда талай еңбектенген Кеңес мәдениетінің белгілі қайраткерлері Заводский, Мордвинов, Марецкая, Черкасов, Блинов, Андреев және киностудия дирокторы Кивомен жиі кездесіп, сұхбаттасудың талай сәті түсіп еді. Соғыстан кейінгі жылдары да арамыздағы силастық үзілген емес.

1985 жылғы сәуір айында Кеңестер О дағы Комуни стік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия комитетінің Бас хатшысы М.С. Горбачев баяандама жасап , қоғамды демократиялық баағытта байта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қ алды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Он Қазақстанның партия , кеңес органдары қызметін байқауға болады.

Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында , оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық , парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген ке леңсіз құбылыстар орын а лғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында , әлеуметтік эканомикалық жэне кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық ке ңес қоғамында бұл кезде қоғамық ойдың мәні өзгеріп, сөз Бен істің арасын да алшақтық , қайшылық кең өрәіс алды. Кадр мәселелерін шешу пар тия комитеттрінің тек бірінші басшыларының айтуымен , солардың атңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық , жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңыз ды рөл атқарды. Бұл комуни стік партияның , соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы пртия қызметкерлері мен пар тия комитеттері ескіше қызмет етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комітеті құрамында сапалық өзгрістер аз болды. Осыдан келіп , аса маңызды мәселелерді шешуде принципіздік , тұрақсыздық, Қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға , аздаған жақсы іс терді ерекше мадақтап , жоғары көтермелеп тек жақсы жағын көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Ә. Назарбаәв 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяандамаында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегат тар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәслелерді партия комитеттерінің дер кензінде шешпейтінін , олар дың қызметі ауқымнан тыс қалатынын, күрделі мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

Д. А Қонаев «Өтті дәурен осылай» атты естелік еңбегінде өзінің өмірі туралы мынадай түйін мен қорытындылайды:

Біріншісі -сталиндік заман,бесжылдықтардың, индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары.

Екіншісі- бұл Сталиннның жеке басқа табыну зардаптарын әшкерлеген КОКП XXсъезінен кейінгі кезең.

Үшінші- тоқырау кезеңі.

Төртінші- Андропов және Черненко басқарған жылдар.

Бесінші- Горбачевтың қайта құру кезеңі. Д. Қонаевтың арманы барынша демократияландырылған елдің ұлттық - мемлекеттік құрлымын көру еді. Еліміз тәуелсіздік алып ұлыттық мемлекет құрылып Қонаевтың арманы орындалды. Және ол осы ұлы оқйғаның куәсі болып өз көзімен көрді. Біз Дінмұхамед Қонаевты тек қана Қазақстан қалқына емес, Орта Азия республикалары халықтарына бірдей ұлы, қасиетті азамат екендігін ұмытпаумыз қажет. Қонаевтың атын есте сакқтау үшін Алматы қаласында өзі өмір сүрген үйде 2002 жылы 12 қаңтарда 90 - жылдығына орай мұражай үйі ашылды.

Мұражайда Дінмұхаммед Ахметұлына шетелдік қайраткерлердің сыйлаған заттары, жеке мүліктері қойылыпты. Әсіресе, сомбреро ерекше көз тартады. Бұл затты 1976 жыл Мексикаға сапарға барған Нұрсұлтан Назарбаев тарту еткен екен. Мұражай жанынан ашылған кітапханадағы Қонаевтың сүйікті кітаптары қойылған. Оңтүстік Қасақстан обылыстық Д.А.Қонаев атындағы қордың президенті Б. Әжібековтың бастамасы мен 2002 жылы 90 оқу озатына 500 теңгеден стипендия тағайындалды үлгілі оқушылардың тізімін аудандық оқу бөлімдері әр тоқсан сайын қоғамдық қорға қабарлап отырған. Қонаев атындағы стипендия Қазақ - Өзбек гуманитарлық университетінде тағайындалған. Оңтүстік Қазақстан обылысында Д.А. Қонаевтың есімі өрнектелген бірқатар орындар бар: Ол Шымкент қаласындағы гулзар, Кентау қаласындағы орталық алаң, Арыс қаласындағы саябақ. Бірақ соңғы жылдары Шығыстағы Ленинагорскиге, Қапшағай қалаларына Қонаев есімін беру сөз жүзінде қалып отыр.

Лекция №29 Тақырыбы: НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН

(1940)

Жоспар:


  1. Өмірі мен қызметі

  2. Қоғадық қызметі.

  3. Мұрасы



Пайдаланғая әдебиеттер тізімі:

а)негізгі

1. Н.Назарбаев - Тәуелсіздігімізге 10 жыл. Алматы «2001 жыл.

2. Елбасы. Алматы «Анатілі» 1996 жыл

3. Қайнар Олжай Президент пырағы Алматы 2001 жыл.

4. Н.Назарбаев Ғасырлар тоғысында Алматы «Өнер» 1998 жыл.

5. «Егемен Қазақстан» 27 сәуір 1998 жыл.



  1. «Жас алаш» 19 қыркүйек 2001 жыл.

7. Назарбаев Н.Ә.Әділеттің ақ жолы.Алматы 1991ж.

8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен даму стратегиясы.Алматы 1992ж.

9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы199ж.
б)қосымша

1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.Алматы 1996ж.

2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Алматы199ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Қалың елім,қазағым.Алматы1998ж.

4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.Алматы 1999ж.

5. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.Алматы 2003ж.

6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан.Демократия.Руханижаңару.Алматы1999ж.

7. Өзбекұлы С.Арыстары Алаштың.Алматы 1998ж.

8. Шаймерденүлы Е.Елтану әліппесі.Алматы1998ж.
Лекция мәтіні
Назарбаев Нұрсүлтан Әбішұлы (1940) - тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті.

Туып өскен жері - Алматы облысының Қарасай ауданына карасты Шамалған ауылы.

Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне карасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымынын докторы, академик.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау каласындағы Қарағанды металлургия комбинатында катардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінін аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетіндегі өнеркәсіп - көлік бөлімінің менгерушілігіне тағайындалды. Теміртау калалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы (1969-1973), Қазақстан Коммунистік партиясы Теміртау қалалық комитетінің екінші хатшысы (1971-1973), Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы (1973-1977), Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы (1977-1979) болып кызмет атқарды.

Жоғары мемлекеттік және партиялық кызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі - Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталык Комитеті Саяси бюросынын мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдын ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасынын ең алғашқы Президенті етіп сайлады.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі кызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтык сайлау одан әрі орнықтыра түсті.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен кызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақстан Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы.

КСРО Жоғарғы кеңесінің Х-ХІ шақырылымынын депутаты, КСРО халық депутаты (1989-1992), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі X-XII шақырылымының депутаты.

Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлерінің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру - Нұрсүлтан Әбішүлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты касиеті.

Н. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік тарихи манызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласана от бүркіп, апат қаупін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

Кенестер Одағынан Қазақстанға “мұра” болып жойқын күш ядролық қару қалған еді. Олардың ішінде 1400 ядролық ок дәрісімен СС-18 деп аталатын 104 ракета, 240 қанатты ядролық ракета кондырылған ТУ-95 40 стратегиялық бомбардировщиктері бар болатын. Әлемдік саясаттың тізгінін ұстағысы келетін кейбір мемлекеттер мен саясаткерлер үшін осыншама ядролық әлеуетке ие болу - күндіз есінен, түнде түсінен шықпайтын арман десе болғандай. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың кауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық каруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстаннын тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсізідігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш колданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.

1992 жылы БҰҮ-ның биік мінберінен Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті даярлауға шақырған ұсынысы айтылды. Жаңа бастама әлемдік ахуалды егжей-тегжейлі зерттелуден туындаған еді. Біріншіден, Азия құрлығында перманенттік жанжалдың ошағына айналған Ауғанстан, Тәжікстан тәрізді мемлекеттер орналасса, екіншіден, ядролық державаға айналған Пакистан мен Индия арасындағы әскери қақтығыстар жиі ұшыраса берді. Үшіншеден, Азиядағы кауіпсіздікті камтамасыз ететін халықаралық пәрменді тетік әлі калыптаспаған еді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы Шығыста да, Батыста да қолдау тапты. Сөйтіп, 2002 жылдың алғашқы айларының бірінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті Алматыда өткізу көзделіп отыр.

Президент Н.Назарбаевтын көптен бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы - Еуразиялык одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одак қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашкы нәтижеге де кол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын косқан еуразиялық экономикалық одақ өмір сүріп келеді.

Қазақстан басшысының халықаралық аренада батыл да соны кадамдарға баруы ішкі саясаттағы оң нәтижелерден туындап отыр. Тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде Н.Назарбаевтың тікелей әрі көреген басшылығымен мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік, мәдени құрылыстарды реформалау жүзеге асты. Қазақстанның нарықтық ел екенін әлем мойындап отыр. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтпаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж мен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаң көзденбей, барынша еркін, куанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ, олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі -1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған “Қазақстан –2030” даму стратегиясы, екіншісі -елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. 33 жылға бағытталған құжатта Елбасы әлемдік тәжірибені ой елегінен өткізіп, Қазақстанның сан ғасырлық тарихы мен тағдырын ескере отырып, оның геосаяси, территориялық, демографиялык ерекшеліктерін назардан тыс калдырмай, ұзақ мерзімді басымдылықтарды анықтады, таяу болашақта алатын межелерді белгіледі. Ал жаңа Астана еліміздің болашағының символына айналғанына енді ешкім күмәнданбайды. Бас-аяғы 2-3 жыл ішінде Сарыарқаның нақ ортасында Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шаһар пайда болды.

Елордадағы әрбір құрылыс, әрбір жаңа көше, ғимарат азаттықпен өскен өркеннің куәсіндей. Н.Назарбаевтың колға алуымен сәулет өнерінің әлемдік дүлдүлі Куракава Елорданың бас жоспарын жасауға тартылды. Есілдің сол жағалауында жаңа әкімшілік орталық бой көтеріп келеді. Кезінде біреу білсе, біреу білмеген Ақмола - Целиноград атаулары тарих еншісіне айналып, бүгінгі Астанада Елбасымыз Н.Назарбаев Американың, Еуропаның, Азия мен Африканың бірінші басшыларымен салиқалы да емін-жарқын келіссөздер, кездесулер өткізіп, Қазақстанды әлемге танытуда, Қазақстан әлемді тануда.

Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен казақ халқын ел етіп,ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жызылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен кадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

Ұлт мүддесін бәрінен жоғары коятын патриот және ұлт тағдырының жалпы адамзаттық дамумен шендесіп жатқанын терең түсінетін көреген саясаткер ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халық алдында сіңірген тарихи еңбегі уақыт еткен сайын парықталып, бағасы арта түсетін болады.


Лекция: 30. Тақырыбы: НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН

(1940)

Жоспар:
1 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты.

2 «Қазақстан-2030»-Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бағдарламасы.


Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

а)негізгі

1. Назарбаев Н.Ә.Әділеттің ақ жолы.Алматы 1991ж.

2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуын стратегиясын.Алматы 1992ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялқ бірлігінде. Алматы199ж.



б)қосымша
1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.Алматы 1996ж.

2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Алматы199ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Қалың елім,қазағым.Алматы1998ж.

4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.Алматы 1999ж.

5. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.Алматы 2003ж.

6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан.Демократия.Рухани жаңару.Алматы1999ж.

7. Өзбекұлы С.Арыстары Алаштың.Алматы 1998ж.

8. Шаймерденүлы Е.Елтану әліппесі.Алматы1998ж.



Лекция мәтіні

Нұрсұлтан Назарбаев - қазақ мемлекетінің халық қалаған тұңғыш Президенті жасынан атқа мініп, Қазақстан секілді көпұлтты, қазақ қауымның өз ішінде де күрмеуі көп елді басқаруға белсене қатысқан. 1 басына ақыл, сабыры әбден жеткілікті тәжірибелі, кәнігі саясатшы. Саясаттың талай иірімдеріне түсіп жүрген түңғыш Президентіміз осы уақытқа дейін ұлттық мүддемізге қайшы келетін бір де бір қадам жасаған жоқ. Н. Назарбаевтың саясаттану ретінде алыс жақынды түгел мойындаған даусыз 1 жеңісі - Қазақстан ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық. Тәуелсіз мемлекеттің Президенті болғалы бері ол әр жылы ғасырға татитын аз уақыт ішінде көшімізді қанаттыға қайтармай, тұмсықтыға шоқтырмай, ор-оқпандарға апарып жыкпай, аман бастап алып келеді. Лайым ұзағынан болғай! Бұдан былай да оның өзі таңдап алған осы сара жолынан бұрылмайтынына сеніміміз кәміл. Өйткені Қазақстан жағдайында бұдан басқа саясат болуы мүмкін емес. Осындай сара жолды іздеп таппай соғыс өртіне тұншығып жатқан жас мемлекеттер сабабғын ұмытпайык. Біздің Президентіміз халықтар достығы жайында көп айтады. Ол дұрыс, өйткені халықтардың өзара бірлігі тату көршілігі бірін-бірі байытуда бірнен-бірі үйренуі туралы ұғым кешегі кеңес идеологиядан қалған сүйкімсіз мұра ғана емес. Бұл ежелден-ақ әр тілде сөйлейтін. Әр дінді ұстанатын нәсілдердің ұрыс жанжалсыз бейбіт өмір сүруінің жалғыз тура жолы. Бұл жалпақ шешей саясат емес, адамшылық ізгі мұраттардың 1. Осыны әншейін үрей сөзге, саясат құралына ғана айналдырмай, іс жүзіне асырып отырған Президенттің қайсарлығы мен қайратына сүйенуіміз керек. Тұтастығымыздың талапайға түспей «Еліміздің бұзылмай отырған бір себебі де осы. Назарбаевтың соңғы Евразиялық одақ туралы бастамасы да түптің түбінде Қазақстанның тәуелсіздігінде, оның экономикасының өсіп өркендеуіне қызмет етеді деп үгіттеуіміз қажет. Жалпы айтсақ президент Назарбаев бастаған басшылықтың сыртқы саясаты барынша өрісті, икемшіл, мүддешіл екені анық. Сол себепті де Қазақстан халықаралық беделі күн санап өсіп келе жатқанын естіп біліп жүрміз. Оның үстіне біздің байқауымызша, шетелдердегі кәдімгі саясаткерлер Қазақстанның бүгінгі әлуетін келешектегі мүмкіндіктерін анық болжайтын болуы керек. Олардың көбінің пікірінше, Казақстан бұрынғы кеңестік орталық Азиядағы Республикалардың біріншісінде болашақта ең бай, ең ауқатты мемлекеттер қатарына қосылмақ. Қазақстан президентін ТМД елдеріндегі ең көрнекті саясы жеткіншілерінің бір екендігіне ешқандай күман жок;. Ол Евразия одағын кұруды әрі Ресеймен интерация жасауды қолдайды. Оны, статистика деректері көрсетіп отырғандай. Назарбаев бір жағынан, Ресей мен және Белоруссиямен бірге кеден одағын кұру жөніндегі келісімге қол қояды. Ал әні жағынан, міне бірнеше жыл болды, Батыс елдерімен, түркі мемлекеттерімен және Қытаймен жан-жақты байланысты дамытып келеді. Н.Назарбаев өзінің ойына алған ісін жүзеге асыру, жүйегерлік пен тәсілгерлік танытады. Оның астананы шенеуніктердін, бөжелерін «қыздырып» отырған Алматыдан салқын самал соғып тұратын солтүстік тыңындағы Ақмолаға - бұрынғы Целиноградқа көшіру жөніндегі шешімнің өзі неге тұрады? Бұл Ресейге жақындай түсу ме әлде Қытайдан қашық тарту ма? Қалай дегенде оның геосаяси бастамалары барынша терең ойластырылған әрі мейлінше дәл. Қандай да болсын идеяға, айталық. Евразия одағы идеясына берілген бойда ол өз сөзін жерге тастамайды, қайта ол идеяны дүниежүзілік саясаттың құбылмалы шындықтарына орай өте-мөте сәтті әрі жұрттың көзін жеткізе бейімдей түсуге кірісіп кетеді.

Оның идеялары уақыттың түпсіз тереңіне «батып кетпейді». Мұның өзі оның идеяларының тереңдігі мен кемелдігін көрсетеді. Нарықтық реформалардың қажеттігіне кәміл сенген ол Қазақстан халқының алдында реформаларды жүзеге асырудың бүкіл жауапкершілігін өз мойнына алды. Өзінің президенттік өкілеттігін 2000 жылдың аяғына дейін ұзарту мен парламенттің тарап кетуі оның қолы да сөз арасында айта кетейік бұған дейінде әбден жеткілікті болып келген өкімет билігін барынша толық шоғырландыра түсті. Ал мұның бәріде оның өз басын өзі таңдаған экономикалық бағыттың кепілді аманатына айналдырды. Реформаларды жүзеге асыруда кейбір бағыттары бойынша айталық. Мемлекеттің өнеркәсіп орындарын шетелдің компаниялардың басқаруына беру, салық жөніндегі заң кабылдау, құқық қорғау жүйесін қайта кұру, қылмысқа қарсы күресті күшейту сияқты батыл шараларға баруда Қазақстан Ресейден әлде кайда ілгері озып кстті. Шешім қабылдау механизмін «тазартып» болып ондай міндетті өзіне «артқан» президент Назарбаев ескі парламенттің тарауы мен жаңа парламенттің сайлауы арлығындағы үзіліс негізінде 70 не жуық «нарықтың» жарлық пен ережені жалпы жұртқа жария етті. Ол заңдардың парламент арқылы өтуі үшін бірнеше жыл қажет болар еді. Ал Қазақстан үкіметінің «Біздің үйіміз-Ресей» блогының туы астында мемлекеттің ел сайлауына қатысу қажет деп бас қатырып, өз берекесін өзі қашырып алған. Ресей өкіметінен ерекшелігі сол ол казір шын мәнінде саясаттан іргесін аулақ, салып өзінің «жұмыс істеуіне ешкім де кедергі келтіре алмайтындай: ТМД елдерінің кез келген үкіметі үшін мүмкін болмай отырған бірден бір қолайлы жағдайда жұмыс жүргізіп келеді».

1997жыл еліміздің Президнетінің қазақстан халқына «Қазақстан 2030»бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы Үндеуі жарияланды. Онда республиканың қазіргі жағдайына жан-жақты талдау жасады, «Қазақстанның миссиясы »ашылып көрсетіледі, ұлттық қауіпсіздік ішкі саяси тұрақтылқ және қоғамның бірігуі, жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялары бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өрлеу,Қазақстан азаматтарының денсаулығы білімі және игілігі, энегетикалық ресурстары, инфра құрылым әсіресе транспорт және байланыс, негізгі қызметтеріне дейін шектелген кәсіптік мемлекет құру сияқты «ұзақ мерзімді басым мақсаттары» айтылған.Олар елдің толық көлемді, кешенді және жүйелі дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Олардың ереукшелігі сонда,яғни әрбір басымдылық нақты және ерекшелік міндеттерді шеше отырып басқарылады іске асыруды қамтамассыз етеді.Негізге алынған көз-қарастардың кешенділігімен жүйелілігі осында болып табылады. «Стратегия2030»- бұл күрделі және көп деңгейлі жұмыстың,дүниежүзілік экономикасының теорисының іс-тәжрибесіне терең талдау жасаудың, тақырыптық салалық және индикативтік жоспардардың, математикалық және экономикалық есептердің, көптеген елдер бойынша қаншама сапарлардың және танымал эксперименттердің пікір таластардың нәтижесі.Стратегиялар жасауға халықарлық ұйымдар,бәрінен бұрын БҰҰ үлкен көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасының үкметінің әрекеттері Бағдарламасында алға қойған мақсаттар басты міндеттерді іске асыруға бағытталған негізгі шаралардың кешені көрсетілген.

1.Ұлттық қауіпсіздік.Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері мемлекеттің егемендікпен территориялық тұтастығын нығайту.Орталық Азия аймақтағы тұрақтылықты сақталып және алмасымды, көп тармақты сыртқы саяси курсты жүргізу арқылы Қазақстанның айналасындағы ұлттық бейбітшілік белдеуін кеңейте түсуі болып табылды.Үкметтің саясаты ұлттық мүдделерді сақтауға және қорғауға бағытталады.Ұлттық нығайту қауіпсіздігінің геосаяси, экономикалық, әскер және ақпараттық аспектілерін нығайту жөніндегі шаралар қазіргі әлемнің өмір шындығына аса жақын болады.

2.Ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамды жұмылдыру.Ішкі саяси тұрақтылықты сақтап тұру кез-келген мемлекеттің стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады, бұл біздің еліміздеде ішкі саяси тұрақтылықты қамтамассыз етуге бағытталған шаралар кешенін жасап, жүзеге асырудың қажеттілігін талап етеді.

3.Эконмикалық өрлеу.Тұрақты экономикалық өрлеу үшін жағымды макро экономиткалық жағдайларға қол жеткізу үшін Үкметпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі экономиканың ақшалай - несиелік,бюджеттік және салықтық реттеудің әдістерін күшейтпек.Осы жағдайлардан үкметтің енегізгі міндеті аса маңызды макро экономикалық параметрлерінің тепе-теңдігін сақтау – теңдігінің айырбас курсын, инфлиатцияны,мемлекеттік бюджет тапшылығы мен елдің төлемдік тепе-теңдігі тапшылығының деңгейін сақтап қалу болады.

4.Әлеуметтік даму стратегиясы.Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты халықтың тұрмыс деңгейімен төмендеуіне жол бермеу және адрестік әлеуметтік көмекті көтеру болып табылады.Үкмет халыққа адрестік әлеуметтік көмек көрсету механизмдерін одан әрі жетілдіруге бағытталған әлеуметтік саясатты белсендіруді,кедейшілікпен жұмысыздықпен күресуді,еңбекпен қамтамассыз ету жүйесін реформалайды және әңбек заңымен еңбекті қорғаудағы заң бұзушылықтармен күресті күшейтуді,салалапта өмір салтын қалыптастырып және бастапқы медициналық- стратегиялық көмекті күшейтуді,білім жүйесін нығайтуды, миграциялық және демографиялық үрдістерді реттеуді алға қойып отыр.

5.Инфро құрылым, транспорт және байланыс.Экономиканың қоғамның транспорттық және ақпараттық қажеттіліктерін қанғаттандыруды отандық өнімді өзіндік құнның транспорттық құрамдас бөлігін төмендету арқылы жүзег асыру.Жұмыстың аса маңызды бағыииарының бірі елдің транспорттық – коммуникатциялық нарығында өткізушілер операторлары үшін заңдық базаны дамыту және жетілдіруболып табылады.Бұл салада табиғи монополистердің қызмет салаласын тарылтуды және жекеленгкен саясатты жалғастырылады.

6.Энергетикалық ресурстар : Ішкі нарықтың сұраныстарын қамтамасыз ету және экспортқа бағытталған, техналогиялық кешенін қалыптастыру.Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және энергоқорларды әлемдік сұраныс нарықтарына жеткізуге бағытталған елдің отын-энергетикалық кешенін дамыту белсенді қимылдар жүргізіледі. Үкімет түбегеилі түрде экспортталатын газ мұнай құбырларының сүлбісін анықтап, олардың жекеленген бөліктері жобалауға және құруға кіріспекші.

7.Кәсіби үкмет. Мемлекетті басқару жүйесі органдарының жұмысының тиімділігі жетілдіру және арттыру, мемлекеттік басқару жүйесінің стратегиялық және бюджеттік бағдарламалау принціптері негізінде қызмет етуіне көшу.Кәсібилікке , мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігімен сіңірген еңбегіне негізделген жүйені құру мақсатында мемлекеттік қызмет реформасын жалғастыру.

Қазақстан Республикасы Үкметі 1998жылы бастап Қазақстан Республикасының Президентінің ұзақ мерзімді стратегиясын- «Қазақстан 2030.Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі,қауіпсіздігі және жағдайы жақсартуды »жүзеге асыруға кірісті.Осы жұмыстағы бірінші саты үш жылдық стартегиялық жоспарларды жасау және жүзеге асыру болады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағдарламасы Қазақстанның дамуымен статегиялық жоспарында қарастырылған мақсаттармен басымдылықтарға қол жеткізуге бағытталған.Қазақстан Республикасының үкметі өздері ұсынған Қазақстан Республикасының Президнетінің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру шаралары өтпелі үрдістердің аяқталуына және тұрақты дамуына межесіне шығуға ықпал етеді деп сенеді.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті

“Гуманитарлық білім” факулътеті



«Тарих» кафедрасы

«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі» пәні бойынша


«Тарих» мамандықтарының студенттері үшін



Семинар сабақтары


Жетісай – 2007 ж.
10. Семинар сабақтары.



Семинар тақырыбы, жоспары


Сағат

саны

Әдебиеттер №



Тақырып: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық- саяси қызметі.

Алаш қозғалысының басталуы.

Жоспар:


  1. Алаш қозғалысының шығу себептері .

  2. Қарқалыдағы метингі қазақ зиялыларының алға қойған мақсаты.

  3. Ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси көзқарасы.




1

№1 8-18 бет

№2 12-16 бет







Тақырып : Алаш партиясы.

Жоспар


1.Бүкіл қазақ съезі, Алаш партиясының құрылуы.

2.Алаш партиясының бағдарламасы.

3.Алаш партиясының “Большевиктер”, “Кадеттер”, “Үш жүз ” партияларымен арақатынасы мен айырмашылығы


1

№3 39-45 бет

№4,5 37-62, 42-56 бет




3.

Тақырып : Алихан Бөкейханов .(1870-1937)

Жоспар:

1. Өмірі .

2. Қызметі.

3.Мұрасы.



1

№8 13-28 бет

№9 85-98 бет



4.

Тақырып: Ахмет Байтұрсынұлы. (1873-1937)

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№10 16-24 бет

№11 14-20 бет



5.

Тақырып: Мұхамеджан Тынышпаев. (1879-1937)

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№1(14-15)

№3(19-22)



6.

Тақырып: МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885-1935)

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№1(30-33)

№3(36-38)



7.

Тақырыбы: МҰСТАФА ШОҚАЙ .(1886-1941)

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№2(38-41)

№4(36-40)



8.

Тақырыбы: Тұрар Рысқұлов. (1894-1938)

Жоспар:

1. Өмірі


2.Қызметі

3.Мұрасы



1

№10(29-34)

№11(41-43)



9.

Тақырыбы: Сұлтанбек Қожанов.

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№11(47-51)

№12(40-45)



10.

Тақырыбы: Смаѓ±л Садуаќас±лы (1900-1938).

Жоспар:

1. Өмірі


2. Қызметі

3. Мұрасы



1

№17(49-51)

№18(42-45



11.

Тақырып: Жұмабай Шаяхметов (1902 - 1996).

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№17(52-57)

№18(46-49)




12.

Тақырып: Нұртас Оңдасынов. (1904 - 1989).

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№18(52-55)

№19(101-107)




13.

Тақырып: Төлеген Тәжібаев (1910 - 1964).

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№17(71-76)

№18(75-81)



14.

Тақырыбы: Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев (1912 – 1993).


Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№17(77-82)

№18(101-107)



15.

Тақырыбы: Назарбаев Нұрсұлтан(1940 – 6 шілде).

Жоспар:

1. Өмірі.

2. Қызметі.

3 Мұрасы.



1

№20(6-12)

№21(7-15)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет