Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604)Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Биология» оқу пәні бойынша екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылардың санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол беріледі.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілген) сәйкес жүргізіледі. «Биология» пәнінен үлгілік оқу жоспары бойынша оқу жүктемесінің көлемі 16.1-кестеде берілген.
16.1-кесте. «Биология» пәнінен үлгілік оқу жоспары бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
«Көбею» бөлімшесіне өзгерістер енгізілді:
1. «Контрацепция түрлері және олардың қолданылуы мен маңызы. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары» тақырыптары жаңа редакцияда:
«Контрацепция түрлері. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары» деп берілген.
2. «Аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу» оқу мақсаты алынып тасталды.
3. «Аталық және аналық гаметалардың құрылысын зерттеу» зертханалық
жұмысы алынып тасталды.
Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады. (9-тармақпен толықтырылды. Жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022ж №193 бұйрығы) БЖБ үшін максималды балл 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек. (14-2-тармақпен толықтырылды. Жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022ж №193бұйрығы)
Зертханалық және практикалық жұмыстардың саны төмендегі кестеде берілген.
16.4-кесте. 7-11 – сыныптарға «Биология» пәні бойынша модельдеу және зертханалық жұмыстар саны
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын бүгінгі күнде өзекті әдістемелік тақырыптар «Биология» пәні бойынша әдістемелік бірлестікте қарастыру үшін ұсынылатын өзекті мәселелер мен тақырыптар:
• Медициналық оқу орнына даярлау сапасын арттыру тәсілдері;
• Биологияны оқытудың отандық әдістемелері;
• Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
• «Биология» пәнін оқыту процесінде тәрбие аспектілерін қамту әдістері;
• Шығармашылықты талап ететін тапсырмалар арқылы жеке қабілеттерін дамыту.
Пән мазмұнының және оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру «Биология» пәнінің мазмұны тірі табиғат туралы білім берумен қатар, бойында адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбие аспектілерін де қамтиды. Биологиялық білім беру білім алушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
«Биология» пәнінің мазмұны қамтитын тәрбие элементтері: адамгершілік тәрбие,экологиялық тәрбие, дене тәрбиесі, гигиеналық тәрбие, патриоттық тәрбие.
Экологиялық тәрбиенің жаңа құндылықтар жүйесі:
✓ табиғаттың моральдық-этикалық бағалауының өзгеруі;
✓ экологиялық білім мен дағдыларды қалыптастыру;
✓ экологиялық білімді, экологиялық ойлауды қалыптастыру;
✓ табиғатты тұрақты құндылық ретінде түсіну;
✓ адамды табиғаттың органикалық бөлігі ретінде түсіну.
Экологиялық білім мен тәрбие беру «Биосфера, экожүйе, популяция», «Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімшелерінде қарастырылған. Экожүйеге жағымсыз әсер ететін адамзаттың іс-әркеттері, биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңызы, озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру арқылы білім алушының табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятып, қоршаған ортаны қорғауға баулу басты міндеттердің бірі болып есептеледі.
Дене тәрбиесіне қатысты оқу мақсаттары «Тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері» бөлімінде берілген.
Мысалы, «Қоректену»бөлімшесінде ас қорыту жолы ауруларының алдын алуға, «Заттардың тасымалдануы» бөлімшесінде дене жаттығуларының денсаулыққа әсері, аурулардың алдын алуындағы вакцинаның ролі қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың айырмашылығы туралы, тыныс алу мүшелері ауруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын түсіндіру арқылы зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелейді. «Қозғалыс» бөлімшесінде сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алуда спортпен айналысудың пайдасы зор екенін саналарына сіңіру қажет.
Патриоттық тәрбие «Биология» пәнінде «Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімшесінің Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктері, Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру тақырыптарында көрініс табады. «Микробиология және биотехнология» бөлімшесіндегі ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу тақырыптары арқылы құрт, ірімшік, айран секілді қазақтың ұлттық тағамдарын дәріптеп, ұлтқа деген сүйіспеншілікті арттыруға көңіл бөлген дұрыс болады.
Гигиеналық тәрбие мәселесі де пән мазмұнында оқу мақсаттарымен берілген.
Мысалы, бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу, жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, гонорея сияқты жыныстық жолмен берілетін аурулардың алу үшін салауатты өмір салтын ұстануға баулумен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарын дарытуды мақсат ету керек.
Назарларыңызға рахмет!