2022-2023 оқу жылындағы «Химия», «Биология» пәндерін оқытудың ерекшеліктері
Джомартова Сауле Абдразаковна,
Жамбыл ауданы №3 Қарғалы орта мектебінің химия, биология пәндерінің мұғалімі
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы
№ 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық
жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және
оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының
үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге
назар аудару керек:
✓ білім алушылардың білімін толықтыру;
✓ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
✓ білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
✓ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
✓ инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
✓ Мектепалды даярлық сыныптарына арналған Үлгілік оқу жоспарларымен Үлгілік оқу бағдарламаларын өзгерту
✓ Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды
Анықтама:
Бір күнтізбелік жылда: демалыс күндері-117;демалыс және мереке күндері - 75 күн; оқу күндері-173
Мектептерде білім алушылар үшін демалыс күндерінің жиыны-192 күн
✓ 1 сыныптар үшін Үлгілік оқу жоспарындағы өзгерістер:- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері, - қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде – «Букварь», «Обучение грамоте» және «Қазақ тілі» пәндері оқытылады
✓ «Өзін-өзі тану» пәні Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінен шығарылды
✓ «Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»
✓ Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру
✓ Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру
✓ Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу
✓ Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
✓ Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (4, 9 сыныптар)
✓ «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер үшін білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу
✓ Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздары мен олардың педагогтеріне бір реттік ақшалай сыйақы беріледі
✓ 5-11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттер» таңдау курсын оқытуды жалғастыру
✓ Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру
✓ Балалар жылына арналған іс-шараларды өткізу
✓ «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалыстары», «Мектеп парламенті», «Балалар және театр» «Жылыжайлар» және т.б. жобаларын іске асыру
✓ «Мектеп-ата-ана консилиумы» мектеп-ата-ана қарым-қатынасының жаңа форматын енгізу
✓ Ертеден кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу
✓ «Кәсіби бағдарлаушы педагогі» лауазымын енгізу
✓ Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жүзеге асыру
✓ Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу
✓ Аймақтарға үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасын енгізу
✓ «Тірек мектебі – магнитті мектептер» кешені», «Виртуалды мектеп», «Цифрлық мұғалім» пилоттық жобаларын енгізу
Достарыңызбен бөлісу: |