Бастауыш мектепте математиканы оқытудың ерекшеліктері текесбаева Анар Молдакыновна



Дата19.02.2017
өлшемі96,99 Kb.
#10639
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Текесбаева Анар Молдакыновна – п. ғ.к., доцент

Бадилбекова Шолпан Шалхарқызы– 5В010200

Бастауыш оқыту педагогикасы мен

әдістемесі мамандығының 4 - курс студенті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Аннотация: мақалада бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың ерекшеліктері туралы сөз етіледі. Математика – бұл әрі күрделі, әрі қызықты пән болып табылады. Оның табысты және нәтижелі болуы мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен әдістемелік дайындығына байланысты болмақ.

Түйін сөздер: математика, сабақ, мақсат, міндет, нумерация, әдістеме, әдіс, оқытудың ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасы өз бағыт-бағдарын ұстанған, өзге өркениетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналған кезде білім беру мен тәрбие үдерісін жаңаша құру, өзгеше ойлау қажеттілігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында /1/: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” – деп айтылған. Білім беру мәселесі Қазақстан Республикасының Конституциясында /2/, “Қазақстан - 2050” стратегиялық бағдарламасында /3/ және де басқа да мемлекеттік құжаттарда көтерілген.

Білім беру жүйесінің приоритетті міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімін, ой-өрісін дамыту. Оның себебі егемендікке қол жеткізген уақытта заман сұранысына сай ұлттық рухани ерекшеліктерді ескере отырып ұлттық салт-дәстүрдің озық үлгілерін өсіп келе жатқан жас ұрпақ бойында қалыптастыру – бүгінгі таңның кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында /4/ : “Жан-жақты мәдениетті тұлға, ең алдымен тұтастай дүниетанымға ие болуы қажет…”- деп тұлғаның ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ерекше мән берсе, Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында /5/ білім берудің бүкіл үздіксіз білім жүйесінің негізгі мақсаты болып табылатын үш іргелі мақсатарын белгілеп, солардың ішінде ең біріншісі білім екенін айтады.

Бүгінгі таңда егеменді еліміздің білім беру саласындағы ең басты міндеті - өскелең ұрпақтың ұлттық дүниетанымын шыңдауға қызмет ететін білім беру жүйесін қалыптастыру. Өйткені, білім болашаққа қызмет етеді, білім жүйесі жоғары дәрежеде қоғамның әлеуметтік-экономикалық прогресіне ықпал етеді. Сондықтан білім беру жүйесі әрбір халықтың төл ұлттық болмысымен санасу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Қоғамның ертеңгі болашағы – бүгінгі кішкентай бүлдіршіндерді ұлттық менталитеті бар, жаңа көзқарастағы жеке тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туып отыр. Бұл міндетті іске асыруда оқушыларға оқу-тәрбие үрдісінде бүгінгі таңда әлемде қалыптасып отырған саяси, экономикалық өзгерістерді ескере отырып, өз халқының ұлттық-мәдени тарихын, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайын саналы түсінуге, олардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ерекше назар аударылуы тиіс.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына берік білімді қалыптастырудың маңызы зор. Әсіресе, мұнда бастауыш мектептің алар орны ерекше. Оның себебі, білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Баланың жеке бас қасиеттерінің, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен осы бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді бұл жастағы балалар иілгіш келеді. Осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де анағұрлым жоғары тұрмақ. Сондықтан, бастауыш мектеп –оқушы дамуының іргетасы, білім негіздері қаланатын кезең.

Мұнда бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігін ескерудің де маңызы зор. Олардың абстракты ойлау қабілетінен гөрі, нақты заттарды көріп сезіну арқылы қабылдайды. Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде математика пәнінің алатын орны орасан зор. Өйткені математика оқушылардың білімін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, таным мүмкіндіктерін, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастырып дамытады. Сол себептен түрлі математикалық жаттығулар, тапсырмалар арқылы оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттырып, сапалы білімді терең меңгертудің маңызы зор. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы математика курсының аса маңызды мәселелерін оқыту әдістемесінің жаңа тәсілдерімен таныстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, кәсіби білім, білік және дағдыларды өздіктерінен меңгеруге және жетілдіруге себепші болады.

Математика бұл қызықты әрі күрделі пәндердің бірі болып табылады. Ол үлкен қырағылықты, жауапкершілікті, іздемпаздылық пен шыдамдылықты талап етеді. Оқушылардың математикалық білімдерін қалыптастыруда теріс емес бүтін сандарды оқытудың маңызы ерекше.

Бастауыш мектепте математиканы оқытудың әдістемесін өздерінің зерттеу нысандарына айналдырған ғалымдар баршылық. Олар: қазақстандық ғалымдар Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаев, ресейлік ғалымдар П.М.Эрдниев, Б.П.Эрдниев А.А.Столыра, В.Л.Дрозда т.с.с.

Математикадан оқу барысын жоспарлау оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар және оқулықтарда көрсетілген математикадан бағдарламалық материалдардың мазмұнымен анықталады.

Оқу жоспары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалады, соған сәйкес белгілі бір тақырып бойынша математиканың әр сабағының жоспары дайындалады.

ОӘТ құрамына енетін әр түрлі оқу құралдары оқытудың қорытынды нәтижелеріне жетуге бағытталған нақты сабақтың мазмұнын анықтауда қолданылады. Осының негізінде мұғалімнің сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы мүмкін.

1. Сабақтың тақырыбы мен типіне, сондай-ақ сол сынып оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сабақтың мақсаты анықталады.



Білімділік мақсаттары: жаңа білімді меңгеру, білік және дағды қалыптастыру, бастауыш математика курсының материалдарын игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, кеңейту және тиянақтау.

Дамытушылық мақсаттары: балалардың танысдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту.

Тәрбиелік мақсаттары: оқытудың өмірмен, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тәрбиелеу; математиканы оқып үйренуге қызығушылықты арттыру, пәнге сүйіспеншілікке тәрбиелеу,; Отанына –– Қазақстан Республикасына, туған жеріне, туған өлкеге сүйіспеншілікке; біздің республикамызда тұратын халықтарды құрметтеуге және сүюге тәрбиелеу; халқымыздың салтын, дәстүрін және мәдениетін құрметтеу,; дәптермен жұмыс, практикалық жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу; әдемілікті (әдемі көрнекілік, мұғалімнің сырт көрінісі) көре және сезіне білу, жолдасытқ өзара көмек, жәрдемдесу, қиындыққа ортақтасу сезімі, шыдамдылыққа тәрбиелеу, істі аяғына дейін жеткізе білуге үйрету және т.б.

Практикалық мақсаттары: алынған теориялық білімді практикада, математика тақырыптары бойынша білімді келесі сыныптарда және басқа пәндерді оқуда қолдана алу; оқулықты, оқу құраладрын, кестелерді, өлшеу және сызба құралдары мен аспаптарын қолдана алуға үйрету; оқу және қосымша әдебиеттерден өз бетінше білім алу біліктеріне дағдыландыру.

2. Сабақтың құрылымын анықтау: әр кезеңге бөлінетін уақыт пен сабақтың барлық кезеңдері.

3. Алдыңғы және кейінгі сабақтар арасындағы байланысты ескере отырып, әр кезеңдегі жұмыс мазмұнын іріктеу.

4. Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, яғни оқушылармен жұмыс формасын ойластыру. Ұйымдастырудың негізігі формаларына: сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмыс жатады. Ұйымдастырудың қосымша формаларына: ұымдық жұмыс, жаппай жұмыс, топтық жұмыс, пармен жұмыс, жеке-дар жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық жұмыс, бақылау жұмыс жатады.

Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.

Қандай жұмыс формаларын біріктіруге болады, сабақтың тығыздығын (мысалы, бір уақытта карточка бойынша дербес жұмысты, тақтада өзіндік жұмысты және барлық сыныппен жаппай жұмысты өткізуге болады) көтеру үшін бір уақытта қандай жұмыс атқаруға болатындығы жан-жақты ойластырылуы қажет.

Әсіресе өзіндік жұмысты өткізу және оны тексеру (өзара тексеру, өзін-өзі тексеру, шапшаң тексеру және т.б.) жұмысна ерекше назар аударылады.

5. Сабақтың әрбір кезеңдердегі жұмыстың әдістемесін анықтау. Алдымен оқушының білім, білік, дағдыны өз бетімен алуына, өзін көрсете білуіне, сондай-ақ оқыту мазмұнына сай субъективті қатынастарды жүзеге асыруға себепші болатын қазіргі заман оқыту әдістерін қолдануды; кәшә жастағы оқушылардың зейіні 5-7 минут қана тұрақтанатындығын ескеріп, олардың жалығып кетпеуі үшін іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыруды жоспарлау; жаңа материалды қарастыру әдістемесін ойластыру: оны түсіндіру, оқулықпен, дәптермен, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдармен жұмыс, сондай-ақ жаңа материалды алғашқы бекіту мақсатында практикалық жұмыс жүргізу; қандай жаттығулар ауызша, ал қандай жаттығулар жазбаша орындалуы қажеттілігін шешу қажет.

6. Сабақтың көрнекілігін дайындау:

алдын ала дайындау, қажет матерниалдар өз уақытында көрсетіліп, артық зат баланың назарын аудармас үшін уақытында алынуын қадағалап, оларды тиімді орналастыруды ойластыру;

тақтаға жазуды ойластыру: қандай жазулар алдын ала жазылып, жабылады; қандай жазулар сабақ барысында жазылады және оларға арнайы орын қалдыру, тақтадағы артық жазуды өшіру;

дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесін дайындау және олардың сапасына назар аудару: әдемілігі, ұқыптылығы, көркемдігі, қолжетерлігі, әсерлілігі.



  1. Жұмысты қорытындылау: сабақтың әр кезеңінің соңында қандай қорытынды жасауға болатытынын ойластыру;

сабақтың соңында қорытынды жасау және жалпылау, мұғалімнің жетекші сұрақтарына жауап бере отырып, оқушылардың қорытынды жасауы: Жаңа не үйрендік? Есептеудің қандай тәсілімен таныстық? Нені үйрендік? Нені қайталадық? Не ұнады? Нені естеріңде сақтал қалдыңдар?

  1. Сабақтың нәтижесін хабарлау:

қандай оқушылардың жұмыстары бағалануы керектігі алдын ала ескеріледі;

мадақтау түрлерін: (мақтау, жүлде беру, т.б.) анықтау.



  1. Үй тапсырмасын ойластыру:сабақ тақырыбымен қалай байланысты (өтілетін материалды күрделілігі мен оны игеру деңгейіне байланысты) тапсырма қандай мақсатпен беріледі? балаларға қандай нұсқаулар беру қажет: Нені қайталау керек? Кейде оны орындау үлгісін де беруге болады.

Мұғалімнің тәжірибесіне байланысты сабақта жұмыстың жазбаша жоспары жасалады:

а) сабақ жоспары –– мұғалімнің сұрақтары және тапсырмалармен, оқушылардың шамамен беретін жауаптарымен жазылған толық жоспар;

ә) ашық жоспар –– оқушылардың жауаптарынсыз, әлде қайда қысқа жоспар;

б) қысқаша жоспар, мұнда мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың жауаптары жоспарланбайды.



Жоғарыда келтірілген білім беру мазмұны мен оны оқытуды ұйымдастыруға жасалған шолу математиканың бастауыш курсының барлық негізгі тараулары мен тақырыптары бойынша жұмысты мүмкіндігінше егжей-тегжейлі қарастырудың алғышарты болып табылады. Берілетін материалдың тұтастығы үшін әр тақырыптың басында оқытудың тек дидактикалық міндеттері ұсынылады, ал дамытушылық, тәрбиелік және практикалық мақсаттарын өз сыныбы оқушыларының дара ерекшеліктерін, әр сабақтың тақырыбы мен мазмұнын, сабақта қолданылатын әдістер мен оқытуды ұйымдастыру формаларын ескере отырып, мұғалімдер өздері анықтаулары мүмкін
Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы //Егемен Қазақстан, 2007.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы //Егемен Қазақстан, 1995

  1. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан 2050”. Алматы 2013

  2. Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасы /Егеменді Қазақстан, 2004.

  3. Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасы

  4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, Алматы, 2010, 7 желтоқсан

  5. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы, 2006.

  6. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (I-IV сыныптар). Алматы, 2003.

  7. Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2010

  8. Методика начального обучения математике / по редакцией А.А.Столыра, В.Л.Дрозда. Минск, 2012.

  9. Методика начального обучения математике / Под редакцией Л.Н. Скаткина. Москва, 2014



РЕЗЮМЕ
В статье говорится об особенностях обучения математики в начальной школе. Математика - предмет очень сложный и в тоже время интересный. Методически правильно организованный урок сделает педагогический процесс более успешным и результативным.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет