4 Практикалық сабақ. Шжм оқушылардың тұлғалық даму ерекшеліктері мен әлеуметтік даму ерекшеліктері туралы ғылыми-теориялық ұстанымдар мен Шжм оқытудың тиімді формалары туралы түсініктерді талдау



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі25,04 Kb.
#82791
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ШЖМ Шаймерден Елдана
11.12.2020 ж. Шаңғы спорты және оны оқыту әдістемесі тапсырма

4-5.Практикалық сабақ.
ШЖМ оқушылардың тұлғалық даму ерекшеліктері мен әлеуметтік даму ерекшеліктері туралы ғылыми-теориялық ұстанымдар мен ШЖМ оқытудың тиімді формалары туралы түсініктерді талдау
1. ШЖМ оқушылардың тұлғалық даму ерекшеліктері;
2. ШЖМ оқушылардың әлеуметтік даму ерекшеліктері;
3. ШЖМ оқытудың тиімді формалары;
4. ШЖМ оқытудың және оларды ШЖМ жағдайында жүзеге асырудың дидактикалық нормалары мен бағыттарын айқындау, талқылау


1. ШЖМ оқушылардың тұлғалық даму ерекшеліктері
Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас). Алты жастағы баланы өмірдегі үлкен өзгеріс күтеді. Мектеп жасына өту оның іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, басқа адамдармен қатынасындағы өзгерістермен байланысты. Жетекші іс-әрекет – оқу болады, жаңа міндеттер пайда болады, айналадағылармен қатынас- та жаңа деңгейге көтеріледі.
Биологиялық жағынан алғанда кіші мектеп жасындағылардың бой өсуінің жылдамдығы азаяды, салмақ қосу көбейеді; қаңқасы сүйектенеді, бірақ бұл процесс әлі де болса аяқталмайды. Бұлшық ет жүйесі қарқынды дамиды, білектің ұсақ бұлшық еттерінің дамуына байланысты бала жазу, сызу сияқты қимылдарды бекем орындауға мүмкіндік алады.
Осы жаста нерв жүйесі жетіле түседі, мидың үлкен жарты шарларының қызметтері қарқынды дамиды, ми қабының талдау және синтездеу қызметі күшейеді. Ми салмағы үлкен адамдікіне жақындайды, орташа алғанда 1400 г. құрайды. Баланың психикасы жылдам дамиды. Сезім мүшелері жұмысының дәлдігі артады.
Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық іс-әрекеті негізінен оқу процесінде жүреді. Қарым-қатынас сферасының кеңеюі де маңызды роль атқарады. Осы жастағы оқушыларда қалыптастыру және дамыту қажет болатын жылдам жүретін даму, жаңа сапалардың көптігі педагогтарға барлық оқу-тәрбие іс-әрекетін қатаң түрде мақсатты жүргізуді міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет