УДК: 372.8:373
Шағын жинақты мектептегі оқыту әдістемесінің психологиялық ерекшелігі
Исмагулова Жанар Сансызбаевна
Педагогика және психология магистрі
Мемлекеттік 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында: «2020 жылға қарай шағын жинақты мектептер бастауыш мектеп (1- 4 сыныптар) деңгейінде ғана болады. 5-12 сынып оқушылары үшін интернаттарда, ресурстық орталықтарда немесе ұйымдастырылған жеткізумен немесе оқытудың интерактивті құралдарымен қамтамасыз етілген мектептерде оқыту ұйымдастырылады» деп көрсетілген [1].
Қазақстанның 7576 жалпы орта білім беретін ұйымының 4288-і ШЖМ, бұл жалпы санның 56,5%-ын құрайды. Ауылдық жерде - 4139 (68,6%) ШЖМ. Соңғы 15 жылда негізгі ШЖМ-ның саны 2 есеге көбейді. Әрбір төртінші мұғалім ШЖМ жағдайында жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында білім алады. Бұл мұғалімдерге, осы аймақта арнаулы даярлығы жоқ маманға бірқатар әдістемелік қиындықтар келтіреді.
Шағын жинақты мектеп өз ерекшелігіне байланысты бірқатар артықшылыққа ие: мұғалімнің әр оқушының жеке-дара ерекшеліктерін және тұрмыс жағдайын терең білуі, жанұямен бірлескен жұмыстың мол мүмкіндігі, аз санды оқу класындағы даралық жұмыс т.б. Алайда осы артықшылықтар жүзеге аспай отыр. Көп жағдайда ШЖМ оқу қызметіне өз теріс әсерін жабық социум, оқушылардың қары-қатынасының жетіспеуі, халықтың мәдениет пен білім деңгейінің төмендігі т.б. Параллель сыныптардың болмауы педагогтарға мектепті жинақтауға мүмкіндік бермейді. ШЖМ кластарда жалпы оқыту әдістемесін қолдану оқушылар мен мұғалімдердің шамадан тыс эмоциялық пен оқу-тәрбие әдістерінің төмен тиімділігіне алып келеді. ШЖМ қамтамасыз етудің танымал кемшіліктері мен жоғары экономикалық шығынына қарамастан олардың білім беру жүйесінде болуы міндетті, өйткені олар маңызды әлеуметтік фактор.
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі.
Осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.
Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.
- ШКМ сыныбына «топтық изоляция» тән. ШЖМ жағдайында жай мектеппен салыстырғанда кез келген кластағы балалардың жеке дара психологиялық ерекшеліктері (қабылдау, ес, қиял т.б.) өзгеше болады. Ол көлемі бойынша біршама шағын, бірақ әртүрлі сипаттары бойынша тығыз, бұл мұғалімге оқыту үрдісін дараландыруға мүмкіндік береді. Нақты мүмкіндіктерге сәйкес оқушыларды топтауға болады: аса жоғары, жоғары, орта және төмен оқу мүмкіндіктері бар оқушылар. ШЖМ бірінші топтар өте сирек болса, негізінен орта және төмен оқу мүмкіндікті оқушылар басым болады. Оқушылар санының аз болуы балалардың жеке дара ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге және ескеруге мүмкіндік береді, үй жағдайын жақсы білуге, сабақ сайын әр оқушыны тыңдауға, осы арқылы БІД деңгейін уақытында анықтауға мүмкіндік береді.
ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
- Фетискина Н.П. зерттеуінде ШЖМ оқыту үрдісі біршама байқалатын теріс психо-эмоциональдық жағдай фоны жүзеге асады. Мәнбермеушілік ( 35% зерттелушіде), ерігу (30%), жылаңқылық формасындағы аффект (18%), мазасыздану (14%), психологиялық тойыну (6%), монотондық (10%).
Олардың кейбіреуіне сипаттама бергеніміз дұрыс шығар. Оның ішінде монотондық – тұлғаның психофизиологиялық және еңбектік белсенділігінде негативті бейнеленетін түрткілік-мақсаттық деңгейде теріс өзгерістерімен байланысты және біртүрл жағдаймен байланысты арнай емес психикалық жағдай.
Психологиялық тойыну - әрекетке деген шекті негативті қатынастың фонында туындайтын психологиялық жағдай, ол осы жағдайды үзу ұмтылысымен, жоғары психофизиологиялық мазасыздық пен жұмыстың тиімділігінің төмендеуімен байқалады.
Фетинскин Н.П. оқу үрдісіндегі төмен эмоциональдық фонның дидактикалық, ұйымдастырушы-әдістемелік және психологиялық детирминаннты себептерін көрсетеді. Мұндағы психологиялық детерминанттар:
Оқуға деген қызығушылықтың болмауы;
Танымдық қызығушылықтың төмендеуі – психологиялық тойыну мен эмоциональдық және физикалық жүктеменің артуы салдарынан;
өзін тыңдай, ұйымдастыра білмеу;
толыққанды сынып ұжымының болмауы.
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады:
- егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ сабақтарды ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- сабақта мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.
ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Шағын кластарда оқушылардың жүктемесі еселеніп артатындығына байланысты интенсивті сұрауды шамадан тыс қолдануға болмайды, өйткені ол оқушының ойлау әрекетіне қысым келтіреді, оқушыға әр төрт-бес сабақ бойы бірнеше рет жауап беру оңай емес. Сонымен қатар үздіксіз бақылау ұсақ өбектеуге, алып келіп, баларды өзбеттіліктен айырып, артық эмоциялыққа, шаршауға алып келеді.
Оқушылардың шаршауының алдын-алу тәсілдері:
Дидактикалық (әдістерді түрлендіріп отыру);
Психологиялық (зейіннің әртүрлі түрлері мен ойлау амалдарын белсендендіру, класта қолайлы психологиялық климатты жасау);
Техникалық (сергіту сәті, сабақтың уақытын 35-40 минутқа дейін азайту, сұрақты қоярға дейі және кейін үзіліс, маңызды ойларды қайталау, эмоциялық әсерді күшейту үшін материалды түсіндіру кезінде дауысты төмендету немесе жоғарылаты.
Қазіргі сабақ құрылымын құруда қызықты мәліметтер П.Урбетис пен В.Валентинович сабақ кезіндегі оқушылардың жұмыстану қабілетінің өзгерісін зерттеу мәліметтері қызықты: сабақтың 1 мен 4 минутында балалар 60% ақпартатты игереді, 5 пен 23 де 80%, 24 пен 34 де 45-5-% және 35 ден сабақтың аяғына дейін - 6% дейін.
ШЖМ жағдайында мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс жеңіл орнайды, оқыту әдістемесін, оқу материалын түсіндіру темпін, оқу тапсырмаларының күрделілігі мен көлемін тез өзгертуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай диалогтық байданысты күнделікті баға қоюға қолданып қажеті жоқ, өйткені бұл жағдайда баға өз рөлінен айырылып қалады.
Суворова Г.Ф., Зайкин М.И., Фетискин Н.П. т.б. зерттеулерінде сабақтағы оқу-танымдық қызметті басқару ерекшелігі анықталды. Авторлар мұғалім тарапынан оқушылардың әрекетін гиперқамқорлық пен жоғары бақылау феноменын анықтаған.
Мұғалімнің оқушыларға зейіні сабақ барысындағы тікелей байланыстың еселенуінен артады. Сабақ барысында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасынан үлкен кластарға тән болмайтын мазасыздық артады.
ШКМ оқу-танымдық әрекеті барысын бақылау кейде негативті жайларға: балалардың жауапқа даярлық жағдайында ұзақ уақыт болуы; күту стресінің туындауы, нәтижесінде қорқу сезімі, эмоциональдық және физикалық жүктеменің артуына алып келеді.
ШЖМ баға «престижінің» төмендеуі тән. Оның себептерін М.И.Зайкин төмендегілерге байланысты деп көрсетеді:
Оқушы үшін бағаның маңызды болғанымен, оның өте көп болуы оған деген қызығушылықты төмендетеді;
Бағаның көп болуы әр бағаның тоқсандық қорытндыға әсерін төмендетеді;
Бағаның сыныптастар арасындағы өзін-өзі бекіту құралы ретінде рөлі аз санды сыныпта төмендейді, өйткені мұндай сыныптарда әр оқушының орны анықталған;
Егер үлкен сыныпта баға алу эмоционалдық мазасыздануды төмендетсе (көпке дейін сұрамайды), шағын кластарда бұл мүмкін емес, өйткені оны осы сабақта бірнеше рет және осыдан кейінгі сабақта тағы да сұрауы мүмкін.
Бағаның көп болуы балалар мен оладың ата-аналарының эмоциялық реакцияларын басады.
Әдебиеттер:
Мемлекеттік 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы.
Мұханбетжанова Ә.М. Шағын комплектілі мектептің оқу-тәрбие жүйесі. Оқу-әдістемелік құрал. Атырау қ., Атырау университеті, 1997.
Мамырова Л.К., Нүрсейітова С. Шағын жинақтаған мектеп – білім беру. Алматы. Ғылым. 2002.
Лебедева Л.А., Акпаева А.Б. Теория и технология педагогического процесса в малокомплектной начальной школе: Оқу құралы – Алматы: Абай ат.ҚҰУ, 2010.
Оспанов Т, Құрманалина Ш. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. II бөлім. – А.: Республикалық баспа кабинеті, 1996. .
Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: А., 2010.
Фролов П.Т., Соловецкий И.С. Особенности педагогического
процесса в малокомплектной школе (Сборник). – М., «Просвещение», 1991.
Достарыңызбен бөлісу: |