Нартаева Нилуфар Абдувахабовна



Дата25.12.2016
өлшемі76,67 Kb.
#4708
Нартаева Нилуфар Абдувахабовна
ОҚО Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы,

92 «Ақсу» жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Білім берудегі сындарлы оқытудың оң нәтижелері
Педагогика жаңалықтарының бірі-оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілді енгізу. Бұл курстың да мақсаты – мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де,оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс.

Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға құрылып келеді. Дегенмен, дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелу басым болды. Бүгінгі таңдағы оқыту оқушы қабілетін жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Біздің міндетіміз–баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау,қабілетімен еркін атқара алатын ісі,соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу.

Мектептегі тәжірибе кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да шамалы болса да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз – сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, балаларға өз бетінше еркін білім алу мүмкіндіктерін беру.

Мектептегі іс-тәжірибемнің алғашқы кезінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында алғашқы сабағымды өткіздім.Топқа бөлу әдісін мен бұрын сабақтарымда қолданып жүргенмін, бірақ дәл осы үйренген әдіс -тәсілдерді пайдалану арқылы емес. Көбіне топқа бөліп, жарыс ұйымдастыратынмын. Мұнда оқушылар сондықтан болар, бір-бірімен келіспейтін жағдайлар болып, ренжісіп те қалатын жағдайлар болған. Ал, мына топпен жұмыс түрінде ондай келеңсіздік кездескен жоқ.Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл стратегия сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға, ойын еркін ортаға салуға, бастысы, балалар арасында достық қарым-қатынас орнатуға септігін тигізді.



Мен оқушыларды топқа бөлуде дыбыстарды, өлеңдер, сурет қиындыларын пайдаландым. Сыныпта топ ережесін оқушылармен бірлесе отырып құрдық. "Бұқар жырау. Ай,Абылай, Абылай" тақырыбындағы алғашқы сабағымда " Миға шабуыл" ретінде "Өрмекші торы" стратегиясын пайдалана отырып оқушыларды шеңбер құрып бір-бірлеріне сұрақ қоюларын айттым. Бұл жерде оқушылардың ережені өздері пайдаланғанын байқадым. Оқушылар топта бір-бірін тыңдап, сыйлап, бірге жұмыс жасап үйренді.Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.(МАН 6-тезис) "Бүгін топқа қалай бөлінеміз?",-деген сұрақтарды оқушылар аузынан есту маған жақсы көңіл-күй сыйлап, өз жұмысыма деген сенімімді арттыра түсті. Сабақ соңында топтар арасындағы бәсекелестік емес, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйді байқадым. Сырттай бақылап тұрған адамға сыныпта орнаған жақсы психологиялық ахуал сезіліп тұрды. Әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, топтарды өзгертіп отырдым. Сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, кері байланыс жаздырып отырдым. Бұл – менің тәжірибеме енгізген ең басты жаңалық болды. Сыныптағы өзгерістер:топ ережесі, кері байланыс жаздыру, парталардың орналасуы, постермен жұмыс жасау оқушылардың өзгеруіне көп әсерін тигізді.

Сыныпта диалогтік модулдің маңыздылығы өте зор екендігін сабағымда аңғардым.Александер(2004) оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес,керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. (Нұсқаулық 36-бет). Мен осыған дейін баланың ойын еркін, ашық жеткізуіне мүмкіндік бермейді екенмін. Орташа оқитын оқушыға сұрақ қойып, кідірсе, "басқа айтатындар бар ма?"деп жақсы оқитын оқушылардан сұрап, орташа оқитын оқушыға ойлануға да мүмкіндік бермеген кездерім болды. Осыған дейін диалогтік әдіс 2,3 адамның арасындағы сұхбат әңгіме деп ойлап келдім. Алайда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы сұрақ жауаптардың өзі де диалогтік оқуға жатады.Сыныпта қолданған оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушыларға жаңа сабақты меңгертуде де оң өзгерістер болды. Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырдым. Бұрынғы сабақтарымда оқушыларға сабақтың мақсатын айтпайтынмын, мен мектепте тәжірибеде жүрген кезімдегі өзгерістің бірі сабағымның мақсатының оқушыларға таныстырылуы. Сабақтың мақсаты таныстырылғаннан кейін оқушылар мақсатқа жету үшін әрекеттенеді. Бұл әдіс оқушыларға көп көмегін тигізді, себебі оқушылар сол мақсатқа жетсем екен деп, талпынды. Сонымен қатар жаңа сабақты меңгертуде тек өзім түсіндіріп, өзім сөйлейтінмін, оқушылар тек сабақты тыңдаумен және айтумен ғана шектелетін. Ал кешегі іс -тәжірибемде оқушыларға жаңа сабақты өз беттерінше меңгеруіне бағыт беріп отырдым.

Сын тұрғыдан ойлау- бақылау, тәжірибе,толғану, және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады.(МАН,46 бет).Сабақтарда оқушылардың тілін дамытуға байланысты суретке(көктем,жаз,күз,қыс) қарап сөйлем құрастыру, суретке қарап әңгіме құрастыру бойынша тапсырмалар берілді. Сыни тұрғыдан ойлану стратегиясын қолдану нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің біршама артқаны байқалды.

Бұл стратегиялар оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік берді,ақыл-ойын дамытты, шығармашылық белсенділігі аса артып кетпесе де, ұжымдық іс-әрекетке бейімделді,тіл байлығы артты, жан-жақты ізденді,өз ойын жеткізді.

Мектептегі тәжірибеден өту кезінде өткізген әр сабағымнан өзімнің де, оқушылардың да өзгергенін сездім. Дәстүрлі сабақ кезінде тапсырманы беріп, оны рет бойынша сұрайтынмын. Ол тапсырмаларды орындау кезінде оқушы жан-жақты ойланды ма, талдай алды ма, оған көңіл бөлмейтінмін. Дәстүрлі сабақтарда оқушы ойын тежейтін едім, жаңаша тәсілмен оқыту кезінде еркіндік бердім, бұның көп пайдасы болды.

Көшбасшы ретінде мұғалімнің сыныпта атқаратын қызметім өте үлкен. Себебі менің дұрыс бағыт-бағдар беруінің өзі оқушыларымда өзіне деген сенімділікті арттырып отырды. Сабақтарымда оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әр түрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім және тиімділігін оқушылардың тапсырмаларды қызығушылықпен орындауынан байқадым.

Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады (МАН, 2012ж ). Яғни оқушы білімді өзі оқып-үйренеді, өзінің оқуы үшін өзі жауапты. Дегенмен, оқушы әр сабақта мұғалімнен оқулықта жоқ бір ақпарат алу керек.

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – заман талабы. Әр сабағымда оқулықтан тыс мәліметтерді, фотосуреттерді ғаламтор арқылы алып, көрсетіп отырдым. АКТ оқушы қызығушылығын арттырады және есте сақтауға көмектеседі. Өйткені естігеннен, оқығаннан гөрі көзімен көрген есте жақсы қалады. Қайта қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады.

Жалпы, мен қолданбаған бағалау формасының бірі – критерий бойынша бағалау. Мектептегі тәжірибемнің алғашқы күндерінде топтық жұмысты бағалау қиындық тудырды. Топтағы оқушылардың бәрі бірдей белсенділік танытып отырады, бірақ кейбіреуінің жауабы нақты емес немесе қате, ия толық емес болады. Сол кезде топ мүшелерін бағалай алмай қиналғаным болды. Соңғы сабақтарыма "бағалау парағын"және критериалды бағалауды қолдандым. Бұл тәсілдің тиімдісі – оқушы не үшін және қалай оқу керектігін біледі. Дегенмен, әлі де оқушыларыма бағалау туралы көбірек мәлімет беру керек екенін ұқтым. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер, 2001) (Нұсқаулық 52-бет) Мен мектептегі тәжірибе сабақтарымда өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, "Бағдаршам","Басбармақ","Смайликтер" әдісі арқылы бағалау тәсілдерін қолдандым. Бұл бағалау топтағы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырды.Мектепте жүрген кезімде әріптестерім сабағыма қатысты. Сабаққа қатысқаннан кейін қолдау көрсетіп, сенің сабағыңдағы жаңа сабақты меңгерту стратегияң өте жақсы, болашақта мұғалімдер аз сөйлеп көп тыңдауымыз керек екен, мұғалім бағыт беру арқылы оқушыларға айтуға мүмкіндік берілсе, оқушылар өз іс-әрекетіне сенімді болады деген пікірлер айтты. Бағдарлама модулдері аясында сабақ өту арқылы жақсы нәтижеге жететініме, ендігі сабақтарымда мұғалімге де,оқушыға да ыңғайлы болған модульдерді кіріктіре отырып сабақ өтүді жоспарладым.

Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Өзім жоспарлаған стратегияларды сабақтарымда қолдана алдым, оқушылармен қарым-қатынас достыққа ұласты,оқушыларда ой еркіндігі дамыды, ал білім сапасының оң нәтижесін оқушылардың жауаптарынан байқадым . Оқушылар сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып белсенділік пен жауап бергені пікірімдің дәлелі болса керек деп ойлаймын.

Қазіргі таңда балаға сапалы білім беруде бұл әдіс-тәсілдердің тиімді пайдалана білу қажет екендігін ұқтым. Сабақтағы негізгі көшбасшы-мұғалім, бірақ топ мүшелерін толықтырып, алға жетелеп отырған топ басшылары да болды. Мектептегі тәжірибемде оқушылардың барлығы бірдей өзгерді деп айта алмаймын ,бірақ оқушылардың бойынан әр түрлі қабілетттерді байқадым. Бұл байқағандарым алдағы жұмыс жоспарына негіз болады. Өйткені, мен тәжірибеде кеткен кемшіліктерді алдағы уақытта жоюға тырысамын. Өзімдегі өзгеріс қандай? Оқушылардың стикерге жазған сабақ туралы пікірлеріне қарап отырып, сабақты қалай жалғастыруға болатындығын немесе қандай тапсырма арқылы сабақты түрлендіруге болатындығын түсіндім. Әуелі, сабақтарыма талдау жасамайтынмын.

Енді келешекте әр сабағыма талдау жасау арқылы сабақтарымдағы кемшіліктерге баса назар аударатын боламын. Тапсырмаларды ойластырып құрастыратын боламын. Күндегі әр өткен сабақ, одан туындайтын әр алуан проблемалар, әркімнің әр түрлі көзқарастары көп ойларға жетеледі.

"Мінсіз мұғалім қандай бөлу керек?" деген сұрақ қойылғанда да көп ойландым.Тек өз пәнімді терең білсем болды , осы пәнге деген оқушы қызығушылығын арттыру ғана менің басты мақсатым болды.Көп жағдайда оқушы пікірімен санаспайтынмын ,тіптен оқушы не қалайтынына назар да аудармайтынмын. Менің мінсіз мұғалім болуым өзімді осы курстан алған әсерім мен білімімді толықтыра отырып , алға қарай жылжуыма байланысты. Бұл курсқа келгеннен кейін жеткен табысым – сабақтарда бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып түрлендіру.Курстың бірінші айында алған білімімнен соң, тәжірибе кезінде өткізген әр сабағымда жеті модульді пайдалана отырып,сабақта оқушылардың жаппай сөйлеуіне, өз ойын еркін айтуға,топпен пікір алмасу арқылы өз пікірлерін дәлелдей алауына ерекше көңіл бөлдім. Бұл оқыту тәсілі оқушыны өзіндік баға беруге, өзін-өзі бағалауға,сенімді болуға үйретеді.

Өз бетімен білім ала алатын, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, ойын еркін жеткізе алатын, ойлағанын іске асыра алатын,Отан келешегі үшін өз үлесін қосуға, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, білімді де білікті,болашақ маман қалыптастыруға қажетті білім алуды және тәжірибе жүзінде дәлелдеуді мақсат еттім.



Қолданылған әдебиеттер:

Мұғалімдерге aрналған нұсқаулық. (Үшінші басылым,2012ж).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет