ОҚО Түркістан қаласы, Оранғай ауылы
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нилуфар Дадашова Абдумажитқызы.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сыныбы: 4 «Ә»
Сабақтың тақырыбы:
|
Суретпен жұмыс.
|
Сабақтың мақсаты;
|
Сурет бойынша жұмыс жасау және сан есімнің құрамын ажырату барысында оқушылардың сөздік қорын молайту,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Сурет бойынша жұмыс жасау және сан есімнің құрамын ажырату барысында оқушылардың сөздік қоры,сыни тұрғыдан ойлау қабілеті, танымдық, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.
|
Негізгі идея:
|
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау барысында сурет бойынша мәтін құрауға дағдыланады.
|
Қолданыла-тын әдіс-тәсілдер:
|
Миға шабуыл, диалог, "Кубизм"стратегиясы, "Шаттық" шеңбері,"Сәйкестендіру әдісі, кері байланыс: "Автордың орындығы,"Сандарды сөйлет" ойыны, "Жемістер салаты" ойыны.
|
|
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Дереккөздер
|
I. Ұйымдасты-
рушы кезең
(2 мин)
|
Кіріспе
Б)Оқушылардың психологиялық ахуалын анықтау мақсатында "Шаттық" шеңбер әдісінен пайдаландым.
|
2.Оқушылар шеңбер құрап отырып, бір-бірлеріне өзара жақсы тілектер айтады.
|
|
2 мин
|
Карточкалар арқылы оқушыларды үш орталыққа бөлемін
|
3 топқа бөліну:
I топ "Бейнелеу" орталығы
ІІ топ "Проза"орталығы
ІІІ топ "Диалог"орталығы
Оқушылар топтық жұмыстағы рөлдерді сайлайды.
|
Кеспе қағаздар
|
Бағалау
|
Оқушыларды сабақ барысында
, ,
арқылы формативті бағалап барамын.
|
Сабаққа белсенді қатысуына қарай әр топ өздерінің жинаған жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрышты фишкаларын есептеп парақшаға қойып отырады, сабақ соңында жиынтық бағалары қойылады.
|
Жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш қима қағаздар.
|
IІ.Қызығушылықты ояту:
(5 мин)
|
"Кубизм" стратегиясын пайдалана отырып,оқушыларға өтілген тақырыпты қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын.
|
Оқушылар интерактив тақтадағы ұяшықтарда жасырынған сұрақтарға жауап береді.
|
Сұрақтар жазылған қима қағаздар
|
ІIІ. Мағынаны ашу
(7 мин)
|
Оқулықпен жұмыс.
427-жаттығу
Сурет бойынша жұмыс.
3 топқа үш түрлі тапсырма беремін.
|
I–топ Оқушылар ватманға оқулықта берілген суретті бейнелейді.
ІІ-топ Сурет бойынша мәтін құрастырады.
ІІІ-топ Сурет бойынша диалог құрастырады.
Әр топқа берілген тапсырма топта талқыланады.Әр топ өз шешімдерін қабылдап, қорғайды.
|
Ватман, маркер, оқулық.
|
Сөздікпен жұмыс
(2 мин)
|
Оқушыларға жаңа сөздерді дәптерлеріне жаздырамын.
Сан есім-сон
Дара-содда
Күрделі-қушма
|
Оқушылар жаңа сөздерді интерактив тақтадан көріп,дәптерлеріне жазып алады.
|
Интерактив тақта, сөздік дәптер.
|
Сергіту сәті.
(2мин)
|
Оқушыларға "Жемістер салаты" ойынын ойнатамын.
|
Оқушылар "Жемістер салаты" ойынын ойнап, бой сергітіп алады.
|
|
ІV. Ой қозғау
3 мин
|
1-тапсырма.
Топтық тапсырмалар
Оқулықпен жұмыс.
|
Оқушылар топ болып жұмыс істейді.Берілген тапсырмаларды топта орындайды.Бір-біріне көмек көрсетеді
1-топ 428-жаттығу
2-топ 431-жаттығу
3-топ 432-жаттығу
|
Оқулық
|
2-мин
|
"Сәйкестендіру"әдісінен пайдалана отырып,
"Араларды гүлдерге дұрыс қондыру" ойынын ойнаттым.
|
Оқушылар реттік сан есімнің (-ыншы,-інші,-ншы,-нші) жұрнақтарына сандарды сәйкес орнатады.
|
Интерактив тақта.
|
3 мин
|
«Сандарды сөйлет» ойыны.
Жеке жұмыс.
Әр оқушыға бір санды қима қағаздарға жазып таратып шығамын.
|
Оқушылар көрсетілген санды қатыстырып, сөйлем құрайды.
|
Қима қағаздар
|
10 мин
|
Оқулықпен жұмыс.
"Постер" әдісі.
430-жаттығу.
Оқушыларға "Қаһарлы күндерде"мәтінін оқытамын және мәтіннен түсінгендері бойынша постер жасатамын.
|
Оқушылар мәтіннен түсінгендері бойынша сыни тұрғыдан ойлай отырып,
постер жасайды.Жасаған постерлерін топта талқылайды.Әр топтан бір оқушы шығып, постерді қорғайды.
|
|
V. Қорытындылау:
(3 мин)
|
Кері байланыс
"Автордың орындығы " стратегиясын пайдалана отырып, сабақты қорытындылаймын.
|
Тақтаның алдына орындық қойып,әр топтан бір оқушы шығып,орындыққа отырып,бүгінгі сабақтан алған түсінігін айтып береді.Осы кезде әр топтан оқушылар авторға сұрақ қоя алады.
|
|
2 мин
|
Үйге тапсырма:
Деңгейлік тапсырмалар беремін.
I деңгей.Ұлы кісілер туралы материал жинап келу.
II деңгей. Сан есімдерге -ыншы, інші, -ншы, -нші жұрнақтарын жалғап, сөйлем құрап келу.
III деңгей. Бірден онға дейін сандарды әріппен жазып келу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
|
VI.Бағалау:
(2 мин)
|
Оқушылардың сабақ барысында жинаған жұлдызша, төртбұрыш және үшбұрышты фишкаларына қарап жиынтық баға шығарамын.Оқыту үшін бағалаудан жиынтық бағаға көшемін.Күнделіктеріне алған бағаларын қойып беремін.
|
Оқушылар өздерінің неше фишка жинағандарын есептеп мұғалімге айтады.Алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |