Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай ауылы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10 “ В“ сынып оқушысы Мамбетов Харунның “Жергілікті өсімдіктердің экологиясы” тақырыбында орындаған ғылыми- ізденіс бағытындағы жұмысына пікір



Дата18.05.2022
өлшемі7,87 Kb.
#143715
Байланысты:
pikir


Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай ауылы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10 “ В“ сынып оқушысы Мамбетов Харунның “Жергілікті өсімдіктердің экологиясы” тақырыбында орындаған ғылыми- ізденіс бағытындағы жұмысына
ПІКІР
Қазақ елі өзінің егемендігін қабылдаған алғашқы жылдардан бастап-ақ білім беру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауда. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға, ана тілін жетік меңгеруіне, ұлттық құндылықтарын бағалай білуіне ерекше назар аударуда. Жалпы білім беретін мектепте биология пәнінен білім берудің жаңа технологияларымен, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерімен оқыту ісі, ғылыми жоба жазуға бағыттау күн тәртібінің басты мәселелеріне айналған. Осы мәселеге байланысты Мамбетов Харунның “Жергілікті өсімдіктердің экологиясы” тақырыбында орындаған ғылыми- ізденіс бағытындағы жұмысы жергілікті жерде кездесетін өсімдіктердің тығыздығын анықтаудың К.Друде әдісі, өсімдіктердің фитоценозының тығыздығын зерттеу әдістерін зерттеуге арналған. Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері зерттеу нәтижесі көрсеткендей Түркістан аумағы өсімдіктерінің фитоценозының тығыздық көрсеткіші едәуір төмен екендігін байқатты. Сонымен қатар, Түркістан аймағының экологиялық ерекшеліктеріне баға бере отырып, алдағы уақытта өсімдіктер түрлерінің санын көбейтіп, олардың таралымы мен тығыздық көлемін аймақтар бойынша айтарлықтай жоғарылату қажеттігі туындады. Яғни, Түркістан аймағының климатына тән ағаш ағаш тектес өсімдіктер түрлері мен санын жоғарылатуды ұсынды. Бақылау нысаны ретінде алынған ботаникалық бақта кездесетін ағаш өсімдіктерін Түркістан аймағының басқа да объектілеріне отырғызу қажет. Төменде келтірілген ағаш өсімдіктері тек қаланы көгалдандырумен қатар, бірқатар қолайсыз экологиялық факторларға да оң әсер етеді.
Қорыта айтқанда, тақырып мазмұны толық ашылған. Оқушының өз жұмысын жазу барысында ғылыми әдебиеттерді тиімді пайдаланып, көп еңбектенгені, ізденгені, өзіндік талдаулар жасағаны анық көрінеді. Жұмыс толық талап деңгейіне сай жазылған деп есептеймін.

Пікір білдіруші,


Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің РһD, аға оқытушы М.Т.Сарбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет