13
Мектепішілік бақылау
Оқу жылына арналған
мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарының педагогтері
жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту
туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының
17-қосымшасына сәйкес дайындалады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317.
Оқыту процесінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда
кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды
күшейту қажет.
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге
асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне
келесі нормативтер
ұсынылады (1-кесте).
1-кесте.
Білім беру ұйымдарының әкімшілігі үшін мектепішілік бақылау
нормативтері
№
Бақылау нысандары
Нормалар
1
Сабаққа қатысу, бақылау және
талдау
- директордың орынбасарлары үшін
айына кемінде 8 сабақ;
- білім беру ұйымының директоры үшін
айына кемінде 4 сабақ;
- 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут.
2
Қысқа мерзімді және орта
мерзімді жоспарларды
тексеру
мектепшілік бақылау жоспарына
сәйкес
3
Электронды сынып
журналдарын тексеру
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
4
БЖБ және ТЖБ-ның
жүргізілуін тексеру
мектептің бекітілген кестесі бойынша
5
Оқыту процесінде
педагогтердің қашықтан оқыту
технологиялары мен ЦБР
қолдануы
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
Сабақтарға
қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының
басшысы бекіткен
Достарыңызбен бөлісу: