Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


-кесте. Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері  Дағдылар



Pdf көрінісі
бет275/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

102-кесте.
Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері 
Дағдылар 
Сипаттамасы 
Білу 
Нақты фактілерді, ақпараттарды білу мен жаңғырту, олардың 
сипаттамасы. 
Түсіну 
Ақпаратты дұрыс ұсыну, болжау немесе түсіндіру арқылы түсінуді 
көрсету. 
Қолдану 
Жаңа немесе таныс емес контексте немесе жағдайларда ақпаратты 
және бұрын алған білімді пайдалану және қолдану. 
Талдау 
Жалпы ережелерді негіздеу үшін дәлелдерді немесе себептерді 
анықтау, ақыл-ой және/немесе дәлелдерді табу арқылы әр түрлі 
тұжырымдар алу үшін ақпаратты зерттеу үшін ақпараттық 
материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету. 
Синтез 
Жаңа контекстте бұрын алған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру 
қабілетін көрсету. 
Бағалау 
Белгілі бір критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің 
маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру. 
Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру саласының 
ерекшелігін ескере отырып, жобаланған оқытудың күтілетін нәтижелері 
арқылы анықталады. 
Төменде берілген ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту 
бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін қолданылатын етістіктердің 
кестесі мұғалімге бағалау критерийлерін құрастыруда көмектеседі (103-кесте). 
103-кесте.
Блум бойынша ойлау дағдылары деңгейінің таксономиясы 
Педагог білім алушылармен бірге бағалау өлшемдерін талқылап, қажет 
болған жағдайда оларды толықтыра алады. 
№ 
р/п 
Ойлау 
дағдысыны
ң деңгейі 
Ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес етістіктердің тізімі
1 Білу 
Аудару, есте сақтау, айту, көрсету, аяқтау, қайталау, ойнату, әңгімелеу, 
еске түсіру және т. б. 
2 Түсіну 
Талқылау, анықтау, айту, сұрау, түсіндіру, тұжырымдау, түрлендіру, 
көрсету және т. б. 
3 Қолдану 
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, анықтау, 
сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент жүргізу, кескіндеу, түсіндіру, 
сүйену, салыстыру, жоспарлау, көрсету, жобасын жасау, шешу, 
пайдалану және т. б. 
4 Талдау 
Талдау, топтастыру, есептеу, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, 
талқылау, ажырату, зерттеу, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу, 
күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т.б. 
5 Синтез 
Топтастыру, жинау, қосу, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, 
біріктіру, ойлап табу, өзгерту, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, 
ұсыну, топтастыру, жазу, орнату, ауыстыру және т. б. 
6 Бағалау 
Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, шешу, 
негіздеу, түсіндіру, өлшеу, алдын ала саралау, ұсыну, бөлу, жинақтау, 
қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, сараптау, пікір білдіру, зерттеу, 
шығару. 


366 
Егер педагог кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдыларды дамыту 
үшін көп уақыт қажет екенін байқаса, оқытудың осы мақсатын басқаша 
бағалауға шешім қабылдау және білім алушылардың жетістіктерін бағалау 
критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет