1 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау Тапсырма



Дата08.02.2022
өлшемі20,25 Kb.
#121433
түріСабақ
Байланысты:
семинар 1
шеберлікке шек жоқ 3кл.көркем еңбек, шеберлікке шек жоқ 3кл.көркем еңбек, Портфолионы бағалау парағы Айткожина

1 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау
Тапсырма:

  1. Индивид және қоғам.

Тұлғаның мәнін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымды оған маңызы жағынан жақын «адам» және «индивид» ұғымдарынан ажырата білу керек. «Адам» ұғымы адам баласына тән жалпы белгілерді білдіретін тектік ұғым болып табылады. Адам биоәлеуметтік жаратылыс болғандықтан, бұл ұғымға оның жалпы әлеуметтік, сондай-ақ биологиялық белгілері де кіреді, өйткені оның әлеуметтік мәнінің тасымалдауышы тірі адам ағзасы болып табылады. Индивид жеке, нақты адам, оған Homo Sapiens-тің тектік белгілерімен қатар жекеше белгілер де тән. Бұл оның табиғи тума қабілеттеріне, психикалық қасиеттеріне (жады, қиялы, темпераменті, мінезі) және оның ойлау (көқарастары, пайымдаулары, пікірлері) ерекшеліктеріне, қажеттіктері мен сұраныстарына қатысты. Жекедаралық – бұл индивидті басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.

  1. Әлеуметтік орта мен мінез-құлық.

Әлеуметтікорта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуытіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).
әлеуметтік мінез-құлық дегеніміз - жеке тұлғаның жалпы қоғамға немесе бір түрдің мүшелеріне бағытталған әрекеттерінің жиынтығы. Олардың шығу тегі туралы әр түрлі теориялар бар, бірақ зерттеушілер әдетте олардың генетикалық және әлеуметтік компоненттері бар екендігімен келіседі.
Әлеуметтік мінез-құлық іс жүзінде өркениеттің басталуынан бастап қызығушылық пен өзектілік тақырыбы болды. Аристотель сияқты ойшылдар әлеуметтік мінез-құлықты түсіну және жетілдіру үйлесімділікте өмір сүру үшін маңызды деп санады. Осы себепті алғашқы философтар адамдардың мінез-құлқын және қатар өмір сүруін жақсартуға арналған пәндерден басқа ештеңе емес этика және саясат сияқты аспектілерді ой елегінен өткізді.
Әлеуметтік мінез-құлықтың нені білдіретіні туралы әмбебап анықтама жоқ. Алайда, көп жағдайда басқа адамдарға әсер ететін немесе қоғамның әсерінен болатын кез-келген мінез-құлық осы санатқа жатуы мүмкін деп саналады.



  1. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар.

«Әлеуметтік институт» ұғымы қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу, заңдастыруды сипаттайды. Ал сол стандарттау, реттеу, заңдастыру процесін «институттану» дейді. Ол заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ережелер, принциптер, нормалар мен бағдарларды құрайды. Бұлар адамдардың әрқилы қызметтерін, әркелкі іс-әрекеттерін бір әлеуметтік рольдер мен статустар жүйесіне, іс-әрекеттер жүйесіне ұйымдастыру үшін керек.
Батыс социологтарының тұжырымдауынша (Липсет, Блау, Ланберг т.б.), әлеуметтік институттар адамдардың, бұқараның тіршілікте қайталанып тұратын іс-әрекеті мен қызметін, дәстүрі мен дағдыларын, мінез-қылық нормаларын саналы түрде реттеп, тұрақтандырады, жаңартып отырады.
Қоғам — әлеуметтік институттардың біртұтас жүйесі. Әлеуметтік институттардың әрқайсысы өзінің функцияларын, міндеттерін атқара отырып, қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Қоғамдағы орнына, атқаратын міндеттеріне, қызметінің сипатына қарай оларды ғалымдар бірнеше топқа біріктіре отырып қарастырады. Айталық, бірінші топта — экономикалық институттар. Олар ұлттық және трансұлттық корпорациялар, қоғамдық өндірісті, шикізат өнімдерін өңдеуші барлық зауыт, фабрикалар, экономикалық бірлестіктер, шағын және орта кәсіпорындар мен шаруашылықтар, индустрия және ауыл шаруашылығында қызмет көрсетуші субъектілер, шару шаруашылықтары, экономика институттарын өзара байланыстырушы жүйелер, банктер т.б. Әлеуметтік қызметтері — өндіріс жиынтығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық байлықты жасау және оны бөлу, экономиканы қоғамның басқа салаларымен үйлестіру. Сонымен қатар заң талаптарымен санаспай, табысы үкімет назарынан тыс қалып жатқан көлеңкелі экономиканың да қоғамда орын алып келе жатқанын ескеру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет