Орындаған: Қаспақбай Д. С қабылдаған: Альмуратов Б. Т. Тараз 2023



Дата22.11.2023
өлшемі22,49 Kb.
#192903
Байланысты:
спз гло3


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


Глоссарий

Пән аты: ӘСБ1 (Әлеуметтану Психалогиясы)
Тақырыбы: Әлеуметтену және бірегейлік
Орындаған: Қаспақбай Д.С
Қабылдаған: Альмуратов Б.Т.


Тараз 2023
Тұлға - әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып
саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам»,
«индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық
айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының
жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін
сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана
тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал,
«тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары
тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде
қалыптасқан адамдардың мәні. Тұлға ұғымы жеке адамның даму нәтижесін, адамның бүкіл
сапаларының толық жүзеге асуын білдіреді. Тұлғаның дүниеге көзқарас, әлеуметтік
құндылықтар, идеялары негізінде іс-әрекетке дайындығын көрсететін мінез-құлық
принциптері- өмірлік ұстаным бағыты. Тұлға әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды сипаттайды.
Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға
дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді
жақтарын сипаттайтын сапасы.
Қоғамның негізгі іргетасы - мәртебе. Ол - адамның басқа топ мүшелеріне қатысты
қоғамнан алатын орны. Мәртебе «қол жеткізген» және «туабітті» болып екі санатқа
бөлінеді. Қол жеткізген мәртебе - адамның ғұмырында қол жеткізе алатын қоғамдағы
орны
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар
келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты.
Психологияда бірегейлік – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі.
Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде бірегейлік мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып
қарастырылады


Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.
Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген
Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.
Диалектика ұғымы ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды
Импринтинг – рецепторлық және санадан тыс деңгейлерде ақпаратты басып шығару. Көбінесе нәрестелік кезеңге тән
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы (менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын.
Примордиалистердің әлеуметтік – биологиялық бағыты ұлттық және этностық бірегейлікті өткеннің тілі мен дәстүрімен, биологиялық факторлар арқылы зерттесе, екінші бағыты нақты тарихи – мәдени жағдайлардың әсерімен тығыз байланысты деп пайымдайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет