Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет13/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

 
 


17 
Білім сапасы педагогтің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. 
Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – 
мектептің жүрегі» деп атап айтқан. Педагог – кәсіби, толерантты және жоғары 
мәдениетті, парасатты болуы тиіс. Ол білім алушылармен, ата-аналармен
әріптестерімен сыпайы қарым-қатынас стилін, сөйлеу мәдениеті мен кәсіби-
іскерлік, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды. 
Білім беру ұйымы педагогтердің және білім беру процесінің басқа да 
қатысушыларының корпоративтік мәдениетін, стилін, қызметтік этикасын 
сақтау бойынша бірыңғай талаптарды әзірлейді. 
Білім беру ұйымдары педагогтің оң имиджін қалыптастыру бойынша 
кешенді жұмыс жүргізіп, мамандықтың беделін арттыруға ықпал етуі тиіс. 
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа 
қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады. 
Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға 
конкурстық комиссия құрылады. 
Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен 
бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес 
www.enbek.kz сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық 
құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алады.
 
Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бос 
лауазымына өткізіледі. 
Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және 
кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім 
алушылары мен түлектеріне «педагог» біліктілік санаты беріледі. 
Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және/немесе жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының «педагог» біліктілік санаты бар 
түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет