Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет44/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022
Scan1, Пиза жоспар, 2021 жылғы 16 қыркүйектегі no 472 бұйрығы, 27.04.2022 ж, 27.04.2022 ж, 27.04.2022 ж, приказ лига, 1-мамыр 10-с
«Оқуға құштар мектеп»
жобасы барлық өңірде біртіндеп 
енгізіледі. 
Мектеп 
кітапханаларының 
қорын 
толықтыру 
үшін 
Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институты әзірлеген көркем әдебиеттер тізбесі ұсынылады. Бұл тізбе 
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның www.nao.kz. сайтында орналастырылған. 
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік 
әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен 
оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық 
зерттеулерге 
қатысуын 
жалғастыруды, 
оқырмандар 
қауымдастығын 
қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді. 
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған 
түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту 
бойынша 
ресурстар 
(интернет-викториналар, 
сервистік 
ұсынымдар, 
кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және 
отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында 
үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын 
құру ұсынылады. 
Кітаптарды 
электронды 
форматта, 
соның 
ішінде 
мобильді 
құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті 
таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын 
арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады. 
Қоғамда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында:

«Отан оттан да ыстық», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», 
«Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Татулық – табылмас бақыт», «Еңбек – ердің 
көркі» және т.б. назар аудартатын қазақ мақал-мәтелдері жазылған баннерлерді 
мектеп ғимаратына орналастыру – дәстүрлі құндылықтарды санада нығайтуға, 
визуалды әсер етуге көмектеседі.

Мүмкіндігіне қарай мектептің таңдауы бойынша оқушылардың 
жағымды көңіл-күйін қалыптастыру және психологиялық шиеленісті азайту 
мақсатында фондық музыкалық әуендерді (классикалық, ұлттық музыка, 
аспаптық шығармалар және т.б.) пайдалануға болады. 
3) 
Ұлттық тәрбие
аясында жаңа оқу жылында білім алушылардың 
бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында цифрлық дәуір 
ерекшеліктерімен байланыстыра отырып «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет