38
3. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Мектепалды даярлық сыныптары
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында,
мектепке дейiнгi ұйымдардың
мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм
беретiн
мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды
сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң)
30-бап).
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31-бабы).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (жауапкершілік,
зейінділік, дербестік, ынталылық);
- ұжымдық қызметтегі бірлескен әрекет
дағдыларына тәрбиелеу
(құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі
ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты
және табысты бейімделуді
қамтамасыз ету;
- баланың мектепке эмоционалды оң көзқарасын,
оқуға деген ынтасын
дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: