Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет259/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   416
Байланысты:
102 ДИЯ КЛИЧХАНОВА ЖИБЕК, Ашық с.Матем.
«Абайтану» пәні 
енгізілді.  
«Абайтану»  пәні  бойынша  оқу  процесі  ҚР  БҒМ  2020  жылғы  «27» 
қарашадағы  №  496  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің 
қазақ  тілі  мен  әдебиетін  тереңдете  оқытатын  гуманитарлық  бағыттағы 
мамандандырылған  желілік  «Абай  мектептері»  желісінің  10-11-сыныптарына 
арналған  «Абайтану»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 
бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.  
 
«Абайтану» пәні 3 бағытта оқытылады:  
1) тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау; 
2)  тұлғатанымдық:  Абай  Құнанбайұлы  туралы  естеліктер  мен  ғылыми 
еңбектерді оқыту; 
3) дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.  


228 
 
«Абайтану» 
пәнінің 
жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы 
қазақ  әдеби  тілінің  құнарын,  көркем  сөздің  қуатын,  эстетикалық  күшін, 
идеялық  мазмұнын  меңгертіп,  ұлттық  мінез-құлық,  сапалық  ерекшеліктерді, 
ұлттық  кодты  таныту,  гуманистік-көркемдік,  мәдени-тарихи,  ұлттық 
құндылықтарды  бағалай  алу  құзыретін  дамыту;  Абайдың  «Толық  адам»,  ар 
ілімі,  адамшылық  мұрат-мақсаты,  пәлсапалық  көзқарастары  арқылы  тұлғалық 
қасиеттерді  танытып,  білімгерлердің өзіндік  даму  бағытын,  сыни ой-пайымын 
қалыптастыру;  әдеби  тіл  және  әдеби  формалар  арқылы  өз  ойын  еркін  жеткізе 
алатын,  өзіндік  ұстанымы  бар,  түрлі  жағдайда  оңтайлы  шешім  қабылдауға 
қабілетті тұлға қалыптастыру. 
«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 
2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды. 
«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген: 
1) оқу және түсіну; 
2) талдау және жинақтау; 
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім). 
«Оқу  және  түсіну»  бөлімі:  көркем  шығармадағы  поэтикалық 
қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қызметін түсіну; шығарма үзінділерімен 
жұмыс;  шығармадағы  өзекті  мәселе,  идеялық  мазмұн;  көркем  шығармадағы 
форма мен мазмұн бірлігі; интерпретация (ауызша және жазбаша); 
«Талдау  және  жинақтау»  бөлімі:  әдеби  шығарманың  композициялық 
құрылымы  мен  идеялық  мазмұнын  талдау,  образдар  жүйесі  мен  типтік 
характер, көркем шығарманың тілі, стилі, көркемдік тәсілдер
«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімі: шығармадағы 
тарихи  шындық  және  көркемдік  шешім,  рухани  және  көркем-эстетикалық 
құндылық; әдеби шығармашылық; әдеби сын бөлімшелерінен тұрады. 
Оқытылатын  көркем  шығармалар  тізімінде  Абайдың  өлеңдері  мен 
қарасөздері,  ұлы  ақын  туралы  зерттеу  еңбектерімен  қатар  Қ.Жұмалиев, 
Қ.Мұхамедханов,  Р.Сыздықова  және  т.б.  ғалымдардың  еңбектері  қосымша 
оқуға ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет