Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет342/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   416
Коммуникативтік  дағдылар
.  Оқушылар  бірге  жұмыс  істейді,  сондықтан 
оларға командада тиімді қарым-қатынас жасау өте маңызды. 
Сөздік қоры
. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар өз тілдік қорын 
айтарлықтай толықтырып үлгереді, сонымен қатар жобамен тығыз жұмыс істеу 
кезінде  зерделенген  сөздер  қарапайым  оқып  жаттағанға  қарағанда  жақсы 
меңгеріледі. 
Нәтижеге  бағдарлану.
  Көптеген  түлектерге  жұмыс  процесіне  бейімделу 
қиын,  өйткені  онда  жұмыстарды  орындау  мерзімі  қатаң  есепке  алынады. 
Оқушылар  күйзеліске,  толқуға  ұшырап,  асыққаннан  жұмыс  сапасы  зардап 
шегеді,  ал  жұмыс  мерзімінде  орындалмай  қалуы  мүмкін.  PBL  әдісі  бойынша 
жұмыс  уақытпен  қатаң  шектеледі,  ал  жұмысты  бағалау  кезінде  командалық 
орындау есепке алынады. Сондықтан жобамен жұмыс кезінде оқушылар қатаң 
дедлайндарға  үйреніп,  жұмыс  сәттерін  еңсеріп,  орындалатын  жұмыстың 
сапасына нұқсан келтірмей, нәтижеге шоғырлануға үйренеді. 
Міндеттерді  бөле  білу,  тапсырмаларды  беру  (делегирлеу)  және  сенім 
білдіру,  көшбасшылық  қасиеттер.  Жобаны  орындау  кезінде  оқушыларға 
команда  мүшелері  арасында  міндеттерді  дұрыс  бөлу  қажет,  өйткені  олардың 
әрқайсысында әр түрлі күшті және әлсіз жақтары, түрлі интеллект, мотивация 
және темпераменттері бар. Біреулерге сандарға немесе ұсақ-түйек бөлшектерге 
мән  берілетін  жұмысты  сеніп  тапсырған  жақсы  болады,  біреулері  монотонды 
жұмыспен айналыса алмайтын шығармашылық тұлға, кейбіреулері бір мезгілде 
бірнеше  міндеттерді  орындай  алады,  бірақ  бір  мәселеге  шоғырлану  кезінде 
қиындықтарға тап болады. Команда мүшелері рөлдерді өзара бөлуге, бір-біріне 


297 
 
сенім  білдіруге  үйренеді.  Сондай-ақ  олар  кімнің  көшбасшы  рөлін  атқара 
алатынын түсінеді және көшбасшылық қасиеттерге ие болуды үйренеді. 
•  Жауапкершілік.  Әр  команда  мүшесінің  өз  жауапкершілік  аймағы 
болғандықтан, өз міндеттерін орындамау команданың барлық жұмысына теріс 
әсер  етуі  мүмкін.  Жұмыстың  бағасы  командалық  болғандықтан,  жұмыстың  өз 
бөлігін жақсы жасау әр адамның мүддесі. 
Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  PBL  әдістемесін  енгізгеннен  кейін 
оқушылардың  оқу  процесіне  қатысуы  ұлғайып,  сабаққа  қатысуы  артады. 
Мұғалім оқушыларға тек қана көмектеседі, тәлім мен кері байланыс береді, бұл 
ретте  оқушылардың  шешім  қабылдау  процесіне  араласпау,  олардың  өздері 
қандай  шешім  дұрыс  болатынын  анықтауға  ынталандырады,  яғни  білім  беру 
процесіне жауапкершілік оқушылардың өзіне жүктеледі. 
PBL  әдісі  қандай  да  бір  қосымша  құралдарды  немесе  техникалық 
жабдықтарды талап етпейді. Бірақ мұғалімнен ынта-ықыласты, шығармашылық 
көзқарасты,  стандартты  емес  ойлауды  және  оқушыларға  қатысты  кеңесші-
тәлімгер позициясын алуды талап етеді. 
Нәтижесінде  оқушылар  нақты  міндеттерді,  өмір  мен  бизнестен  алынған 
кейстерді  шешуді  үйренеді.  PBL  оқушыларға  олардың  әлеуетін  ашуға 
мүмкіндік  береді  және  оқушыларға  өзінің  шынайы  жобаларымен  командада 
нақты жұмыс жасау туралы түсінік береді. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері: 
- пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі тәжірибесі мен ерекшеліктерінің, даму 
тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру; 
-  өмірлік  саналы  ұстанымдарды  және  өз  әрекеті  бойынша  жасаған 
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік 
тәсілдемелерді қолдану; 
-  Қазақстандық  және  әлемдік  нарық  жағдайларындағы  кадрлық  үрдістер 
тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 
Оқыту 
міндеттері


 
оқушылардың  кәсіпкерлік  пен  бизнестің  теориялық  негіздерін 
қалыптастыру; 

 
оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын 
меңгеруі; 

 
оқушыларда  өз  жетістіктері  мен  өмірлік  ұстанымдарына  қатысты 
жауапкершілік сезімін қалыптастыру

 
оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру  
мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру; 

 
бизнес-идеяларды ойлап  табу  дағдыларын қалыптастыру  және оларды 
кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту

 
бизнес-модельдеу  дағдыларын  дамыту  және  бизнестің  өміршеңдігін 
арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу; 

 
зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру  және  заманауи  ақпараттық 
технологияларды қолдану. 
Оқу пәнінің  мазмұнындағы 10-сыныптың 4 бөлімі тоқсанға сәйкес бөлінген. 


298 
 
«Экономикалық  құбылыс  ретіндегі  кәсіпкерлік»  атты  1-бөлім  білім 
алушыларды  «Кәсіпкерлік  және  бизнес»  пәнімен,  қажетті  терминологиямен 
таныстырады,  экономика  және  тұлға  құзыреттілігі  призмасы  арқылы 
кәсіпкерлік  мәнін  қарастырады,  кәсіпкерлікті  бизнес  терминінен    ажыратуды 
үйретеді. 
«Замануи  жағдайлардағы  кәсіпкерлік»  атты  2-бөлім  білім  алушыларды 
кәсіпкерліктің  әр  түрлі  формаларымен  таныстырып,  заманауи  кәсіпкерлікте 
қандай  инновациялар  мен  трендтер  бар  екенін  және  өз  ісін  ашу  үшін  қандай 
қадамдар жасау керектігін біледі, стартап ұғымдарымен, бизнес-модельдерімен 
және  стартап  идеологиясымен  танысады.  Бұл  бөлімде  білім  алушылар 
бәсекелестіктің  не  екенін  және  бәсекелестік  стратегияларының  түрлерін,  баға 
қалыптастыру  құрылымын  сипаттауды,  баға    саясатының  мәнін  түсінуді  және 
баға стратегияларын ажыратуды үйренеді. 
«Әрекеттегі  маркетинг»  атты  3-бөлім  FMCG  секторының  нақты    жұмыс 
істеп  тұрған  отандық  тауар  өндірушілері  негізінде  тауарларды  жылжыту 
маркетингін  зерделеуді  қарастырады.  Оқушылардың  біріккен  топтары  нақты 
өндірушіні  және  оның  ұсынатын  өнімдері  ішінен  біреуін  таңдайды.  Алынған 
білім  мен  дағдыларды  қолдана  отырып,  оқушылар  жаңа  тауарларды  игеру 
немесе  көлемін  арттыру  мақсатында  өнімді  баламалы  жылжыту  бойынша 
креативті идеяларды қалыптастырады. 
«Ойлау  дизайны»  атты  4-бөлім  бизнес-шешімдерді  іздеуге  клиентке 
бағытталған  дизайн-ойлау  сияқты  тәсілдің  ерекшеліктерін  қарастырады. 
Тоқсанның  басында  мұғалім  ұсынған  тізімнен  бизнес-мәселені  таңдап,  оқушы 
дизайн-ойлау  әдіснамасын:  эмпатияны,  талдау  мен  синтезді,  идеяларды  ойлап 
табуды,  прототип  жасау  мен  тестілеуді  қолдана  отырып    бүкіл  тоқсан  бойы 
жұмыс  жасайды.  Оқушылар  өндірушілермен  өзара  іс-әрекет  жасауда  және 
жобалау  жұмыстарын  орындауда  нақты  тәжірибе  алады.  Өндіруші  үшін  бұл 
тиімді,  себебі  көктемнің  үш  айында  компаниясы  туралы  ақпараттың 
жариялануы және өнімдерінің бүкіл Қазақстан бойынша тегін жарнамалануына 
мүмкіндік  алады.  Ал  мемлекет  экономикасы  үшін  –  бұл  отандық  өндірушіні 
қолдау. 
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  11-сыныбына  арналған  «Кәсіпкерлік 
және  бизнес  негіздері»  оқу  пәні  басқа  бағыттарға  басымдықтар  бере  отырып, 
оқыту  процесіне  арналған  әдіс-тәсілдерімен  ерекшеленеді.  Академиялық 
білімнің орнына  практикалық дағдыларды  алуға  үлкен  назар  аударылады,  бұл 
оқушылармен  өзара  іс-әрекеттің  белсенді  түрлерінің  басым  екенін  көрсетеді. 
Оқыту  процесінің  өзі  Life-long  learning  (өмір  бойы  үздіксіз  оқыту) 
тұжырымдамасына  жауап  беретін  тұрақты  және  тиімді  мінез-құлық  үлгісін 
қалыптастыра алатын табиғи және үздіксіз құбылыс болып табылады. 
Оқу пәнінің 11-сыныптағы білім мазмұны 4 бөлімді құрайды: 
«Стартап акселератор-1» және «Стартап акселератор-2» атты алғашқы екі 
бөлімі бизнес-моделдеумен таныстырады, сондай-ақ стартап жобаның құрылуы 
кезінде қажетті болатын әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Білім алушы 
белгілі  бір  білімдерге  ие  бола  отырып,  өз  бизнес-идеясын  қалыптастырады 


299 
 
және  оны  бизнес-акселератор  принципі  бойынша  нақты  бизнеске  айналдыру 
үшін қажетті құралдарды меңгереді. 
«Кәсіпкердің  өзін-өзі  жетілдіруі»  атты  3-бөлімі  оқушыларда  қаржылық 
сауаттылық  негіздерін  қалыптастыратын  әлеуметтік  дағдыларды  дамытуды 
жалғастырып,  отбасының  жеке  қаржылық  жоспарын  тиімді  үйлестіре  білу 
жолдарын үйретеді, банк жүйесімен және халықаралық нарықпен таныстырады. 
Бөлімнің  негізгі  ерекшелігі  —  оқушылар  демо-шотты  пайдалана  отырып, 
Қазақстанның  қор  биржасының  (KASE)  нақты  мәліметтері  негізінде  ойын 
платформасы  арқылы  инвестициялау  дағдыларын  меңгереді.  Сол  арқылы 
талдай  білу  қабілеті  артып,  оқиғалардың  мәнін,  олардың  экономикалық 
көрсеткіштерге ықпалын түсінеді. 
«Даму стратегиясы» атты 4-бөлімі білім алушылардың назарын нарықтың 
даму  болжамдарына  аударады.  Мақсат  қою  дағдыларын,    бизнестің 
ауқымымен,  халықаралық  бизнеспен,  жеке  стратегиямен  танысуды  үйретеді. 
Қазақстан  өнімінің  халықаралық  нарықтарға  шығу  стратегиясының  жеке 
пайымын  қалыптастырады.  Бұл  бөлім  тұтынушылар  мен  кәсіпкерлердің 
құқықтарын  қорғауға  бағытталған  мемлекет  және  қоғамдық  ұйымдар  жүзеге 
асыратын шаралар кешенімен таныстырады. 
10-11-сыныпта  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  бойынша  оқу 
жүктемесінің  көлемі  әр  бағыт  бойынша  аптасына  2  сағатты,  оқу  жылында  68 
сағатты құрайды. 
Тоқсандағы  бөлімдер  бойынша  және  бөлімдер  ішінде  сағаттарды  бөлуді 
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.  
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау 
жүргізілмейді.  Формативті  бағалау  пәнді  оқу  барысында  білім  алушылардың 
оқу  жетістіктеріне  мониторинг  жүргізу  және  оқу  үдерісінде  оларға  қолдау 
көрсету  мақсатында  жүргізіледі.  Тоқсан  мен  оқу  жылының  соңында 
«есептелді» («есептелген жоқ») қойылады. 
10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша 
сынақ қою талаптары «Дене шынықтыру», «Музыка», «Көркем еңбек», «Өзін-
өзі  тану»,  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»,  «Графика  және  жобалау»  оқу 
пәндері  бойынша  сынақ  қою  талаптары  әдістемелік  ұсынымдарында 
келтірілген. Әдістемелік ұсыныстар www.nao.kz сайтта қолжетімді.  
 
  
«
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні әртүрлі мамандық дипломы бар 
мұғалімдер бере алатындай жасалған, бірақ берілген пәнді оқыту үшін «Атамекен» 
ҚР  ҰКП-ның  ұйымдастырған  арнайы  біліктілікті  арттыру  курстарынан  өтіп, 
қатысты сертификаты бар болуы тиіс.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет