62
- коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі – білім
алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы. Тілді меңгерудің бастапқы
кезеңінде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан,
қателерді түзету барысында педагогке білім алушының сабаққа деген ынтасын
түсіріп алмауды көздеу ұсынылады;
- сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздер мен
сөйлемдерді және нұсқауларды жиі қолдану қажет. Бұл білім алушыларға
сөздер мен сөйлемдерді тиімді есте сақтауға, тапсырмаларды орындау
барысында оларды тануына мүмкіндік береді;
- мұғалімнің интонациясы дұрыс, дауысы айқын және ым - ишаралары
нақты, сөздер мен сөйлемдері баяу және
анық болуы керек;
- түрлі-түсті көрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер)
пайдалану арқылы педагог білім алушылардың ойын жинақтап, жаңа сөздерді
тез меңгеруіне ықпал етеді.
Нұсқаулықта (технологиялық карта) сабақ барысында педагогтің, ата-
ананың, білім алушының орындайтын іс- қимылдары анық жазылуы керек (15-
кесте). Нұсқаулықты әзірлеу барысында «Ағылшын тілі» оқыту пәнінің
мұғалімдері білім алушылардың қабілетін, отбасының әлеуетін және
мүмкіншіліктерін ескеруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: