88
8
Қазақ тілі
2
68
2
68
9
Қазақ тілі
2
68
2
68
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін
түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс
қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
–
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне
коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)
сауаттылықпен қолдану;
–
тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын,
басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
–
аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын
білдіру;
–
мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ
жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар
Оқу жылдамдығы – оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін
маңызды факторлардың бірі. Оқытудың екінші негізгі кезеңінде де
оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады, алайда 5-9-
сыныптарда түсініп оқуға емес шапшаң оқу мен мәнерлеп оқуға басты назар
аударылады.
5-сыныпта бастауыш сыныптардағыдай оқу жылдамдығын тексеруді
бақылап отыру қажет. Бақылау мақсаты тез, жылдам оқу емес, түсініп оқу
болатынын ескерген жөн.
5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар
Мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу. Оқу
барысында сөз бұзылмай, автордың айтатын ойы дұрыс жеткізіледі.
28-кесте
. 5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығының нормасы
Сыныптар
Міндетті деңгей
Мүмкіндік деңгейі
5-сынып
105 – 115 сөз
110 – 120 сөз
6-сынып
115 – 125 сөз
120 – 130 сөз
7-сынып
125 – 135 сөз
130 – 140 сөз
8-сынып
135 – 145 сөз
150 – 160 сөз
9-сынып
145 – 155 сөз
170 – 180 сөз
Жаңартылған білім мазмұнына орай оқу дағдыларына қойылатын
талаптар біршама өзгерді (29-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: