Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет113/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   416
Бастауыш 
сыныптарда 
инклюзивті 
білім 
беру 
ортасын 
қалыптастыру  
Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  білім  алушылардың  жеке 
мүмкіндіктері  мен  ерекше  білім  берілуіне  қажеттіліктерін  ескере  отырып, 
барлық білім алушыларға сапалы білім алу құқығына кепілдік берілген. Ерекше 
білім  беруді  қажет  ететін  балалардың  сапалы  білім  алуына  тең  жағдай  жасау 
олардың  келешек  өмірі  үшін  маңызды.  Бұл,  ең  алдымен,  табысты  әлеуметтік 
бейімделуге және өз қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді.  
Инклюзивті  ортада  білім  ала  отырып,  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін 
балалар  ашық  болуға  үйренеді,  қажетті  коммуникация  дағдыларын  меңгереді, 
айналасындағы  адамдармен  қарым-қатынасқа  түсуге  дағдыланады.  Ерте 
әлеуметтік инклюзия – баланың келешектегі өмірге бейімделуіне сенімділіктің 
кепілі.  Қазақстан  Республикасының  саясаты  барлық  азаматтардың  әлеуметтік, 
экономикалық, мәдени мәртебесіне қарамастан тең дәрежеде сапалы білім алу 
құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. 
Әр  баланың  табысқа  жетуін  қамтамасыз  ету  педагогтен  баланың 
ерекшеліктерін білуді, ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін іске асыру үшін 
мықты жақтарын және мүмкіндіктерін анықтай білуді талап етеді. 
Бастауыш  мектеп  –  бала  өміріндегі  маңызды  кезең,  себебі  баланың 
психологиялық дамуы өзгереді, жетекші қызмет ойыннан оқуға ауысады, бала 
жаңа әлеуметтік рөл – білім алушы мәртебесін иеленеді.   
Бала мектепке келген сәттен бастап білім алу ол үшін жетекші іс-әрекетке 
айналады. Біріншіден, оқу іс-әрекеті арқылы баланың қоғаммен негізгі қарым-
қатынасы іске асады, екіншіден, оқу іс-әрекетінде мектеп жасындағы баланың 
тұлғалық  негізгі  қасиеттері,  сондай-ақ  жекелеген  психикалық  процестері  
қалыптасады.  
Инклюзивті  білім  беруде  маңызды  рөл  педагогке  тиесілі,  себебі  ерекше 
білім  беруді  қажет  ететін  білім  алушының  белгіленген  білім  беру 
траекториясын  ұстануын  педагог  бақылайды.  Педагог  бұл  траекторияны білім 
алушының  оқу  процесінде  көрінетін  жетістіктері  мен  қиындықтарына  сүйене 
отырып, үнемі түзетіп отырады. Ерекше білім беруді қажет ететін баланың оқу 
процесін іске асыру үшін білім алушы мен педагог арасындағы қарым-қатынас 
байсалды, позитивті және сенімді болуы керек. 
Оқытуды саралау оқу процесін тұлғаның жеке ерекшеліктерін есепке алу 
негізінде  ұйымдастыруға,  барлық  білім  алушылардың  білім  беру  мазмұнын 
меңгеруін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  ретте  саралау  әрбір  білім 
алушы  үшін  әртүрлі  болуы  мүмкін,  десе  де,  барлық  білім  алушыға  ортақ 
инварианттық
 
бөлім  сақталады.  Саралау  жағдайында  оқыту  процесі  білім 


83 
 
алушылардың  танымдық  қажеттіліктерін,  олардың  жеке  ерекшеліктерін 
барынша ескереді.  
Білім  алушылардың  бағдарламалық  материалды  игеру  деңгейі  оқытуда 
деңгейлік  саралау  технологиясын  қолданумен  байланысты.  Бұл  технологияда 
танымдық  іс-әрекетті  басқару  әрбір  білім  алушыны  шағын  топтар  жүйесі 
арқылы  өзінің  жеке  мүмкіндіктері  мен  қабілеттері  деңгейінде  оқыту 
мақсатында  жүзеге  асырылады.  Педагогтің  әлсіз  білім  алушыға  сараланған 
тәсілмен  көмектесуіне,  күшті  білім  алушыға  көңіл  бөлуіне,  қиын  балалармен 
тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндігі болады.  
Инклюзивті білім берудің табысты практикасында білім алушы – нені, не 
үшін  және  қалай  істеп  жатқаны,  ненің  қолынан  келіп-келмейтіні,  не  себепті 
қолынан  келмейтіні  жөнінде  өз-өзіне  есеп  беретін,  сондай-ақ  нені  оқып 
жатқанын  және  оқытудың  нәтижесі  қандай  болатынын  түсінетін  білім  беру 
субъектісі.  Осылайша,  барлық  білім  алушылар,  оның  ішінде  ерекше  білім 
беруді  қажет  ететін  балалар  педагогпен  бірге  өз  қызметтерінің  рефлексиясын 
жүзеге асырады.  
Жеке  тәсілмен  оқытудың  мақсаты  –  білім  алушылардың  білімдерінде 
кемшіліктердің  пайда  болуына  жол  бермеу.  Мұндайда  білім  алушылардың 
ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға басты назар аударылады. Жекелеген білім 
алушыларда  пайда  болуы  мүмкін  қиындықтарды  педагог  алдын  ала  болжауы 
керек.  Сондықтан  мұндай  білім  алушыларға  педагог  оқулықтан  материалды 
алдын  ала  оқуға,  кестеге  жүгінуге,  осыған  ұқсас  жаттығуларды  тағы  да 
орындауға кеңес береді, білім алушының ойын бағыттайтын жетекші сұрақтар 
қояды.  
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда жеке әдіспен жұмыс 
жасау  әр  пәннің  ерекшелігін  ескеруді  талап  етеді.  Педагог  сыныпта  білім 
алушы  кез  келген  уақытта  кез  келген  сұрақ  қоя  алатындай  жағдай  жасауы 
керек.  Ерекше  қажеттіліктері  бар  балалармен  жұмыс  жасау  әдістерін  меңгеру 
олардың  психикалық  белсенділігінің  ерекшелігін  құрайтын  көрсеткіштердің 
тұтастай  кешенін  зерттеу  тереңдігіне  тәуелді.  Әр  білім  алушының  жеке 
ерекшеліктерін  білу  арқылы  педагог  сол  білім  алушымен  жұмыс  істеу  үшін 
ыңғайлы тәсілдерді анықтай алады. Сонымен қатар келесі жеке сипаттамаларды 
ескеру маңызды: 
-  баланың  дене  және  психикалық  дамуына  әсер  ететін  негізгі 
ерекшеліктер; 
- сөйлеу, интеллект, эмоциялық-ерік аясының жағдайы
- балалардың жас және жеке ерекшеліктері
-  олардың  қалауын,  мүдделерін,  бейімділіктерін,  мүмкіндіктерін  көрсету 
және дамыту үшін жағдай жасау; 
-  психикалық  процестердің  ерекшеліктері  (қабылдау,  зейін,  есте  сақтау, 
ойлау); 
- темперамент түрі. 
Жеке көзқарас бұл ерекшеліктерді ескеріп қана қоймай, сонымен қатар әр 
білім  алушымен  жеке  дәйекті  жұмыс  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Кейбір 
балалар  үшін  жеке  сабақтар  дамудың  негізгі  шарттарының  бірі  екенін  есте 
сақтаған жөн. 


84 
 
Инклюзивті ортада оқу жетістіктерін бағалау кезінде білім алушылардың 
психикасына ұқыпты қарау, оған ауыр тиетін жағдайлардан аулақ болу, ерекше 
білім  беруді  қажет  ететін  балалардың  психофизиологиялық  даму 
ерекшеліктерін  ескеру  қажет.  Әр  кезеңге  педагог  өз  сыныбындағы  білім 
алушылармен жұмыс алгоритмін дайындайды және өткен күннің рефлексиясын 
құрайды.
 
Осылайша,  жеке  тәсіл  және  жеке  ерекшеліктерді  есепке  алу  білім 
алушының қоршаған ортаға барынша бейімделуінің шарты болып табылады. 
Педагогикалық  саралауға  сәйкес  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  білім 
алушыларды  оқытудағы  сараланған,  деңгейлік  тәсіл  білім  алушылардың 
жетістіктерін бағалау кезеңін қоса алғанда, тұтас білім беру процесінің барлық 
кезеңдерінде іске асырылуы тиіс.    
«Орта,  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру 
ұйымдары  үшін  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдағы  бақылауды,  оларды 
аралық  және  қорытынды  аттестаттауды  өткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту 
туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес  ерекше 
білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған 
және/немесе  жеке  тапсырмаларды  қолданады,  сондай-ақ  білім  алушының 
ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске 
асыру кезінде бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.  
Үлгерімді  бағалау  жалпы  бағалау  нормаларына  негізделе  алмайды,  ол 
білім  алушының  алға  даму  дәрежесін  ескеруі,  оның  оқу  процесін 
ынталандыруы  және  тәрбие  қызметін  орындауы  тиіс.  Білім  алушының  даму 
нәтижелерін басқа балалардың табыстарымен емес, баланың өз жетістіктерімен 
салыстыру өте маңызды. 
Табысқа  жетудің  кез  келген  нәтижесі  бағалануы  тиіс,  ол  оқытудағы 
мотивацияны  арттырады  және  іс-әрекетте  тұрақты,  оң  көзқарасты 
қалыптастырады.  
Педагог  сараланған  және  жеке  тәсілдерді  пайдаланғанда  білім 
алушыларға  шыдамдылық,  табандылық,  жақсы  қарым-қатынас  танытуы, 
уақытында  көмек  көрсетуі,  ұжымдық  жұмысқа  белсене  тартуы,  жетістіктері 
үшін ынталандыруы тиіс. 
Ерекше  білім  беру  қажеттіліктерін  бағалау  негізінде  білім  алушыларға 
қолдау  көрсететін  мектептің  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметі 
білім алушылар үшін жайлы білім беру ортасын құруда маңызды рөл атқарады. 
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – анықталған оқу қиындықтары мен 
олардың  пайда  болу  себептеріне  негізделген  оқу  процесінде  білім  алушыны 
қолдаудың түрлерін, формалары мен көлемін анықтау.   
Білім алушының (ПМПК ұсынымы бар) қажеттіліктерін бағалау және оны 
психологиялық-педагогикалық  қолдаумен  қамтамасыз  ету  алгоритмі  жалпы 
білім  беретін  мектепте  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  балаларды 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  бойынша  әдістемелік  ұсынымдарда 
ұсынылған.  Олар  Ы.  Алтынсарин  атындағы  ҰБА  https://nao.kz/,  сондай-ақ  ҚР 
БҒМ  «Арнайы  және  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың  ұлттық  ғылыми-
практикалық 
орталығы» 
РММ 
http://special-edu.kz/ 
сайттарында 
орналастырылған. 


85 
 
Бағалау  қызметінде  психологиялық  және  педагогикалық  қолдау 
көрсетудің екі бағытын ескеру қажет:   
-  өзекті  –  балада  осыған  дейін  пайда  болған  қиындықтарды  шешуге 
бағытталған;  
-  келешекті  –  оқуда  болуы  мүмкін  қиындықтарды  ескеруге  және  алдын 
алуға бағытталған. 
Екі  бағыт  та  педагогикалық  процесте  қолдау  қызметінің  барлық 
мамандарының  және  педагогтердің  бірлескен  күш-жігерінің  арқасында  іске 
асырылуы мүмкін.  
Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  мамандарымен  бірге 
педагог  барлық  сыныптармен  жұмыс  істеу  стратегиясын  ойластырады,  оған 
сәйкес  балалар  нәтижені,  оқу  өнімінің  сапасын  ғана  емес,  сонымен  қатар 
процесті – қосымша күш-жігер деңгейін, белсенділікті, топтық жұмысқа қатысу 
шараларын, өзінің өсуін бағалайды. 
Жеке-топтық  және  ұжымдық  жұмыстың  үйлесімділігі  жағдайында  әрбір 
білім  алушының  өзіне  тән  қарқынмен  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету  қажет. 
Күшті  білім  алушылармен  жұмыс  істеу  негізінде  мазмұны  үнемі  артып 
отыратын  жүктеме  болуы  тиіс.  Әлсіз  білім  алушылармен  жеке  жұмысты 
жүргізу  қиындықтарды  жүйелі  түрде  зерделеуге  негізделуі  тиіс.  Ұжымдық 
жұмыс  формаларын  жеке  тәсілмен  біріктірудің  бір  тәсілі  –  әртүрлі  деңгейдегі 
сараланған тапсырмаларды қолдану. Тапсырмаларды 2 бөлікке бөлуге болады: 
міндетті  және  қажетті.
 
Бұл  әлсіз  білім  алушыларға  асықпай,  міндетті 
тапсырмаларды 
орындауға, 
ал  күшті  білім 
алушыларға 
қосымша 
тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. 
Бағалау  процесінде  жиынтық  жұмыстарды  әзірлеуде  бастауыш  сынып 
педагогтері балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген, бірақ міндетті түрде оқу 
мақсаттарына  сәйкес  келетін  әртүрлі  деңгейлер  мен  типтегі  тапсырмаларды 
қолданады.  Мұндай  тапсырмаларды  таңдау  білім  алушының  өзінің  «жақын 
даму  аймағындағы»  мүмкіндіктерімен  анықталады.  Мұндайда  педагог 
тапсырмаларды  орындау  формасын,  амалдарын,  тәсілдерін  әр  кез  өзгерту 
мүмкіндігіне ие. 
Мұндай дараландыру процесі ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін 
де,  оның  қалыпты  дамып  келе  жатқан  құрдастары  үшін  де  маңызды. 
Дараландыру  принципі  сыныптың  барлық  білім  алушылары  үшін  тең 
мүмкіндіктер  жасауға  жағдай  туғызады,  осылайша  практикада  инклюзивті 
көзқарас іске асады.  
Инклюзия дәстүрлі мектеп жүйесінің өлшемдеріне сәйкес болу дәрежесіне 
қарамастан  әрбір  адамға  білім  алуға  құқық  береді.  Білім  алушылардың 
әрқайсысының  даралығын  құрметтеу  және  қабылдау  арқылы  жеке  тұлға 
қалыптасады. Сонымен қатар балалар ұжымда болып, бір-бірімен өзара қарым-
қатынас  жасауға,  педагогпен  бірге  білім  беру  мәселелерін  шығармашылық 
тұрғыда шешуге үйренеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет