257
10-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары пәні»:
9.2.2.1 - екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді
ажырату;
9.2.2.2 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;
9.2.2.3 - екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу;
9.2.2.4 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу;
9.2.3.5 - арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n
мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу
және қолдану;
9.2.3.6 - геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n
мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу
және қолдану;
9.2.3.7 - арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға
байланысты
есептер шығару;
9.2.4.3 - бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос
бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.2.4.4 - келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.2.4.5 - бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың
анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;
9.2.4.7 - тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын
көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру
формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.2.4.8 - тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;
10-сынып «Геометрия» пәні:
9.1.1.1 - доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану;
9.1.1.2 - сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару
және қолдану;
9.1.1.3 - іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
9.1.1.4 - дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы
теоремаларды білу және қолдану;
9.1.3.6 - косинустар теоремасын білу және қолдану;
9.1.3.7 - синустар теоремасын білу және қолдану;
9.1.3.8 - іштей сызылған үшбұрыштың ауданын (
𝑆 =
𝑎𝑏𝑐
4𝑅
, мұндағы 𝑎, 𝑏, 𝑐
– үшбұрыштың қабырғалары,
𝑅
– сырттай сызылған шеңбер радиусы) және
сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының (
𝑆 = 𝑝 ∙ 𝑟,
мұндағы
𝑟
– іштей
сызылған шеңбер радиусы,
𝑝 −
көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын
білу және қолдану;
9.1.3.9 - шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың
аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және
қолдану;
10-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары пәні»:
10.3.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель
көшіру, сығу және созу);
10.1.3.5 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
258
10.1.3.6 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы
шеше алу;
10.1.3.7 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді
шеше алу;
10.1.3.8 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.9 - қарапайым тригонометриялық
теңсіздіктерді шеше алу;
10.3.1.11 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;
10.3.1.12 - функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін
құрастыру;
10.3.1.16 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерінің
анықтамаларын және экстремумының бар болу шартын білу;
10.3.1.17 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін
табу;
10.3.1.18 - туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеу және оның
графигін салу;
10.3.1.19 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу.
11-сынып, «Геометрия» пәні:
10.3.1 - үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер
шығаруда қолдану;
10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу,
кескіндей алу және оның шамасын табу;
10.3.4 - нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы
арақашықтықтарды таба білу;
10.3.5 - кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы
анықтамаларын білу.
10.4.5 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
10.4.6
-
кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың
анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;
10.4.7 - векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді
орындау;
10.4.8 - координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі
формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: