297
сенім білдіруге үйренеді. Сондай-ақ олар кімнің көшбасшы рөлін атқара
алатынын түсінеді және көшбасшылық қасиеттерге ие болуды үйренеді.
• Жауапкершілік. Әр команда мүшесінің өз жауапкершілік аймағы
болғандықтан, өз міндеттерін орындамау команданың барлық жұмысына теріс
әсер етуі мүмкін. Жұмыстың бағасы командалық болғандықтан, жұмыстың өз
бөлігін жақсы жасау әр адамның мүддесі.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, PBL әдістемесін енгізгеннен кейін
оқушылардың оқу процесіне қатысуы ұлғайып, сабаққа қатысуы артады.
Мұғалім оқушыларға тек қана көмектеседі, тәлім мен кері байланыс береді, бұл
ретте оқушылардың шешім қабылдау процесіне араласпау, олардың өздері
қандай шешім дұрыс болатынын анықтауға ынталандырады, яғни білім беру
процесіне жауапкершілік оқушылардың өзіне жүктеледі.
PBL әдісі қандай да бір қосымша құралдарды немесе техникалық
жабдықтарды талап етпейді. Бірақ мұғалімнен ынта-ықыласты, шығармашылық
көзқарасты, стандартты емес ойлауды және оқушыларға қатысты кеңесші-
тәлімгер позициясын алуды талап етеді.
Нәтижесінде оқушылар нақты міндеттерді, өмір мен бизнестен алынған
кейстерді шешуді үйренеді. PBL оқушыларға олардың әлеуетін ашуға
мүмкіндік береді және оқушыларға өзінің шынайы жобаларымен командада
нақты жұмыс жасау туралы түсінік береді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:
- пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі тәжірибесі мен ерекшеліктерінің, даму
тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;
- өмірлік саналы ұстанымдарды және өз әрекеті бойынша жасаған
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік
тәсілдемелерді қолдану;
- Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер
тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту
міндеттері
:
оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін
қалыптастыру;
оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын
меңгеруі;
оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты
жауапкершілік
сезімін қалыптастыру;
оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге
асыру
мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;
бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды
кәсіпкерлік
әрекет деңгейіне дейін дамыту;
бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін
арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;
зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық
технологияларды қолдану.
Оқу пәнінің мазмұнындағы 10-сыныптың 4 бөлімі тоқсанға сәйкес бөлінген.
299
және оны бизнес-акселератор принципі бойынша нақты бизнеске айналдыру
үшін қажетті құралдарды меңгереді.
«Кәсіпкердің өзін-өзі жетілдіруі» атты 3-бөлімі оқушыларда қаржылық
сауаттылық негіздерін қалыптастыратын әлеуметтік дағдыларды дамытуды
жалғастырып, отбасының жеке қаржылық жоспарын тиімді үйлестіре білу
жолдарын үйретеді, банк жүйесімен және халықаралық нарықпен таныстырады.
Бөлімнің негізгі ерекшелігі — оқушылар демо-шотты пайдалана отырып,
Қазақстанның қор биржасының (KASE) нақты мәліметтері негізінде ойын
платформасы арқылы инвестициялау дағдыларын меңгереді. Сол арқылы
талдай білу қабілеті артып, оқиғалардың мәнін, олардың экономикалық
көрсеткіштерге ықпалын түсінеді.
«Даму стратегиясы» атты 4-бөлімі білім алушылардың назарын нарықтың
даму болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, бизнестің
ауқымымен, халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді.
Қазақстан өнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке
пайымын қалыптастырады. Бұл бөлім тұтынушылар мен кәсіпкерлердің
құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекет және қоғамдық ұйымдар жүзеге
асыратын шаралар кешенімен таныстырады.
10-11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі әр бағыт бойынша аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68
сағатты құрайды.
Тоқсандағы бөлімдер бойынша және бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау
жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың
оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау
көрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында
«есептелді» («есептелген жоқ») қойылады.
10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша
сынақ қою талаптары «Дене шынықтыру», «Музыка», «Көркем еңбек», «Өзін-
өзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу
пәндері бойынша сынақ қою талаптары әдістемелік ұсынымдарында
келтірілген. Әдістемелік ұсыныстар www.nao.kz сайтта қолжетімді.
«
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні әртүрлі мамандық дипломы бар
мұғалімдер бере алатындай жасалған, бірақ берілген пәнді оқыту үшін «Атамекен»
ҚР ҰКП-ның ұйымдастырған арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп,
қатысты сертификаты бар болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: