Зайырлылық және дінтану негіздері
» курсын оқу құқықтық және діни
сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық
келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
«
Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін
» оқи отырып, білім алушылар
кәсіпкерлік негіздерін, қаржылық сауаттылықты үйренеді, экономика,
менеджмент, маркетинг бойынша базалық білім алады, қазіргі нарықтық
жағдайларда дербес қызмет ету үшін қажетті кәсіпкерлік ойлау дағдыларын
меңгереді.
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсын «Биология», «Қазақстан тарихы»,
«Дүниежүзі тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» пәндерінің
мұғалімдері мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен, сертификаттары бар
басқа да мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер, психологтар жүргізе алады.
2021-2022 оқу жылында ресурстар болған жағдайда педагогикалық
кеңестің шешімімен 6-сыныпта «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде домбыра
тартуды үйретуге болады
(аптасына 1 сағат). Домбыра тартуды үйрету
мүмкіндігі болмаған жағдайда «Музыка» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
толық жүзеге асырылады. Мектептің даярлығына қарай және білім
алушылардың қалауы бойынша домбыра тартуды үйретуге оқыту тіліне
қарамастан барлық мектептер ауыса алады.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар
оркестрінің
,
«Отырар сазы»
мемлекеттік академиялық фольклорлық-
этнографиялық
оркестрлерінің
тұрақты
шетелдік
турлары,
Димаш
Құдайбергеннің, басқа да кәсіби ұжымдар мен орындаушылардың әлемнің
әйгілі сахналарында жиі өнер көрсетуі бүкіл әлемде домбыраға деген жоғары
қызығушылық тудырды.
Білім алушылар тек домбыра тартуды ғана үйреніп қоймай, сонымен
қатар халық композиторларының шығармашылығымен, қазақ музыкасының
тарихымен, Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова
және басқа да қазақ халқының ұлттық өнері тұлғалары салған дәстүрлермен
танысады. «Домбыра» курсын жүргізу үшін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-
ның
Достарыңызбен бөлісу: |