оқу пәнінен әр тоқсан сайын
өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 42-кестеде
көрсетілген.
42-кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
3
1
3
3
6-сынып
2
2
3
3
2.
7-9-сыныптар, «Алгебра» оқу пәні. Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
7-9-сыныптарда «Алгебра» оқу пәнінің әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында
(жаңартылған
мазмұндағы)
қарастырылатын
бөлімдер
толығымен
қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер
енгізілген. Мысалы, 8-сыныпта айнымалысы модуль таңбасының ішінде
берілген квадрат теңдеулерді шешу; квадраттық функцияны қолданып,
қолданбалы есептерді шығару; 9-сыныпта геометриялық ықтималдыққа есептер
шығару және т.б.
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта
білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау,
оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының»
14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен
артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.
Сондықтан, 9-сыныпта қарастырылатын «Тізбектер», «Тригонометрия»
бөлімдерінің көлемінің үлкендігіне қарай екінші және үшінші тоқсанда бөлім
бойынша екі жиынтық бағалау ұсынылған. 7-9-сыныптарда оқытылатын
«Алгебра» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық
бағалау рәсімінің нақты саны 43-кестеде көрсетілген.