Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


 Жалпы орта білім беру деңгейі



Pdf көрінісі
бет235/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   416
 
3.4 Жалпы орта білім беру деңгейі  
 
Жалпы  орта  білім  берудің  мақсаты:  кең  ауқымды  дағдыларды  дамыту 
негізінде  білім  алушылардың  жоғары  оқу  орындарында  білімін  жалғастыруы 
және  кәсіби  өзін-өзі  анықтауы  үшін  академиялық  дайындығын  қамтамасыз 
етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады: 
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану; 
2) сын тұрғысынан ойлау; 
3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; 
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; 
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану; 
6) топта және жеке жұмыс жасау білігі; 
7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау. 
Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері: 
1)  міндетті  оқу  пәндері  мен  элективті  бейіндік  оқу  пәндерін  үйлестіру 
негізінде  жаратылыстану-математикалық  және  қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру; 


207 
 
2) оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін 
үйлестіру  негізінде  жоғары  оқу  орындарына  түсуге  білім  алушылардың 
академиялық дайындығын қамтамасыз ету; 
3)  рухани-адамгершілік  қасиеттерін,  коммуникативтік,  әлеуметтік, 
зерттеушілік  дағдыларын  және  проблемаларды  сын  тұрғысынан  және 
шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктілігін мақсатты дамыту; 
4)  мектеп  бітірушілерге  олардың  мүдделері  мен  қабілеттеріне  сәйкес 
кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу; 
5)  мектеп  бітірушілерге  өмір  бойы  білім  алуын  жалғастыруға  оң 
көзқарасының,  өмірде  мансаптық  өсуі  мен  танымдық  процесін  реттеуге 
даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады. 
Қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны 24 
және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық 
болғанда: 
1)  оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптарда  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті; 
2)  оқыту  орыс  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптарда  орыс  тілі  мен 
әдебиеті; 
3) шетел тілі;  
4) информатика;  
5)  дене  шынықтыру  сабақтарын  жүргізу  кезінде  с
ыныпты  екі  топқа 
бөлуге
 болады.  
Сыныптарды  топтарға  бөлу
  жоғарыда  көрсетілген  пәндерден  басқа 
инварианттық  компонент  пәндері  бойынша  сабақтар  өткізу  кезінде  білім 
алушылар  санына  қарамастан,  қалалық,  ауылдық  білім  беру  ұйымдарында, 
шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет