Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


)   9-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды



Pdf көрінісі
бет233/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   416
 
5)
 
9-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
 
Бұл  бағдарламада  мектепте  дененің  шынығуы  мен  адамгершілікке 
тәрбиелеудің  кешенді  жүйесін  құрайтын  дене  шынықтырудың  барлық  негізгі 
нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 
біртіндеп  шешуге  мүмкіндік  береді.  Бағдарламаның  үшінші  сағаты 
оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
 
«Дене  шынықтыру»  пәнінің  оқу  бағдарламасының  мазмұны  оқытудың 
бөлімдері  арқылы  ұйымдастырылады.  Бөлімдер  сыныптар  бойынша  күтілетін 
нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. 
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:  
1.  «Қозғалыс  қызметі»  бөлімі:  әртүрлі  спорттық-ерекше  қимыл 
әрекеттерін  орындау  кезінде  дәлдікті,  бақылауды  және  маневрлікті  дамыту; 
дене  жаттығуларының  әр  түрлерінде  қозғалыс  комбинацияларын,  олардың 
реттілігін жасау және қолдану; спорттық-ерекше техникаларды орындау кезінде 
қозғалыс  дағдылары  мен  реттілігін  біріктіру;  қозғалыс  іс-әрекеттерін 
орындауды жақсарту үшін басқалардың өз біліктері мен іскерліктерін бағалау; 
бірқатар  дене  жаттығуларында  тактиканы,  стратегияны,  құрылымдық 
идеяларды  қолдану  және  бағалау;  қозғалыс  белсенділігімен  байланысты 
қиындықтарды еңсеру және тәуекелдерге ден қою дағдыларын дамыту. 
2.  «Қозғалыс  дағдылары  арқылы  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту 
мен  сыни  ойлау»  бөлімі:  өзгермелі  жағдайларға  жауап  беру  үшін  қозғалысқа 


202 
 
байланысты алған білімдерін бейімдеу; көшбасшылық дағдылар мен командада 
жұмыс  істеу  дағдыларын  дамыту  және  қолдану;  қолайлы  оқу  ортасын  құру 
бойынша бірлескен және тиімді жұмыс дағдыларын көрсету; дене жаттығулары 
шеңберінде  қызметті  оңтайландыру  және  баламаларды  әзірлеу  үшін  ережелер 
мен  құрылымдық  тәсілдерді  бағалау;  жеке  шығармашылық  қабілеттері  мен 
басқалардың  қабілеттерін  сыни  бағалау,  балама  шешімдер;  жарыс  қызметі 
ережелері  мен  төрешілік  ережелерін  білу;  жарыс  кезінде  адал  ойын,  олардың 
айырмашылықтары. 
3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі: жеке денсаулық және 
салауатты  өмір  салты  туралы  білімді  қалыптастыру;  қызмет  түрлері  үшін 
лайықты  жаттығулар  мен  қалпына  келтіру  техникаларын  әзірлеу,  өткізу; 
әртүрлі  дене  жүктемесінің  жаттығуларын,  олардың  әсерін  және  организмнің 
энергетикалық  жүйесімен  байланысын  зерделеу,  практикада  сынау; 
денсаулықты  нығайтуға  бағытталған  бірқатар  дене  жүктемелерінде 
тәуекелдерді басқару стратегияларын әзірлеу және қолдану; басқа адамдардың 
дене жаттығуларының тәжірибесін байыту үшін білім мен дағдыларды қолдану. 
Әр  бөлімшеде  көрсетілген  оқу  мақсаттары  мұғалімге  оқушыларды  дамыту 
бойынша  жұмысты  жүйелі  жоспарлауға,  сонымен  қатар  олардың  жетістіктерін 
бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.  
 
 
«Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері»  оқу  курсының  мазмұны  5-9-сыныптарда  «Дене 
шынықтыру»  оқу  курсының  аясында  15  сағаттық  жылдық  оқу  жүктемесімен  дене 
шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.
 
 
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене 
шынықтыру»  пәні  бойынша  тоқсан,  жартыжылдық  және  оқу  жылының 
соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 
«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 
ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2021-2022  оқу  жылында 
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.  
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері 
бойынша  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында  әзірленген 
әдістемелік 
ұсынымдар 
Ы.Алтынсарин 
атындағы 
ҰБА 
сайтына 
орналастырылған (nao.kz). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет