Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«География»  пәні  бойынша



Pdf көрінісі
бет314/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   416
«География»  пәні  бойынша  өткен  оқу 
жылындағы  меңгерілмеген  келесі  оқу  мақсаттарын  оқу  тапсырмаларында 
біріктіру ұсынылады: 
1-тоқсан 1. Географиялық зерттеулер әдістері  
1.1  Жалпыгеографиялық  әдістер.  Өзекті  географиялық  зерттеулер 
әдістері:  
11.1.1.1  -  зерттеу  тақырыбына  сәйкес  географиялық  сараптама  әдістерін 
қолдану;  
11.1.1.2  -  зерттеу  тақырыбына  сәйкес  эксперттік  бағалау  әдістерін 
қолдану;  
11.1.1.3 - зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін қолдану;  
11.1.1.4 - зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолдану 
Географиялық зерттеу әдістері 7-сыныптан келе жатуына байланысты 
қолдану орнына салыстырмалы талдау тапсырмасын беру ұсынылады; 
2. Картография және геоинформатика 
2.1 Картография. Заманауи картографиялық әдістер: 
11.2.1.1  -  тақырыпқа  сәйкес  электронды  картографиялық  ресурстардың 
мүмкіндіктерін  пайдалану  (сандық  карталарды  оқу,  олардың  қолданысымен 
географиялық объектілер мен аумақтардың орналасуын, сандық және сапалық 
көрсеткіштерін анықтау, сипаттау және талдау); 
2.2 Геоинформатика негіздері. Геоақпараттық жүйелер:  
11.2.2.1 

геоақпараттық  әдістер  мен  геоақпараттық  жүйелер 
технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен 
байланыстарын түсіндіру. Географиялық деректер базасы; 
11.2.2.2  -  компьютерлік  бағдарламаларды  қолдана  отырып  тақырыпқа 
сәйкес  географиялық  деректер  базасын  құрастыру.  Географиялық  деректерді 
визуализациялау; 


271 
 
11.2.2.3  -  компьютерлік  бағдарламаларды  қолданып  тақырыптық  карта-
сызбалар жасау. 
Картография  мен  геоинформатика  арасында  байланыс  орнату  оқу 
мақсатын тапсырмаларда кіріктіріп беру ұсынылады;
 
3.  Табиғатты  пайдалану  және  геоэкология.  3.1  Табиғатты  пайдалану. 
Табиғатты пайдалануды реттеу:  
11.3.1.1  -  шаруашылық  және  тұтыну  салалары  бойынша  табиғатты 
пайдалануды реттеу механизмін талдау;  
11.3.1.2  -  табиғатты  пайдалану  түрлерінің  заңнамалық  тәртіппен 
бекітілген  нормаларға  сәйкестігін  анықтау  (жергілікті/аймақтық  компоненттің 
негізінде) Табиғатты қорғау шаралары;  
11.3.1.3  -  табиғатты  қорғау  шараларының  тиімділігіне  баға  беру 
(жергілікті/аймақтық  компонентті  қосымша  қамту  негізінде)  Табиғатты 
қорғауда жеке тұлғаның рөлі;  
11.3.1.4  -  жеке  тұлғаның  табиғатты  пайдаланудағы  рөлін  анықтап, 
«экологиялық ізін» есептеу; 
1.1Жалпыгеография:  
11.1.1.1  -  зерттеу  тақырыбына  сәйкес  географиялық  сараптама  әдістерін 
қолдану әдістері;  
11.1.1.2  -  зерттеу  тақырыбына  сәйкес  эксперттік  бағалау  әдістерін 
қолдану;  
Табиғатты  пайдалану  және  геоэкология  бөліміне  бағдарлама  бойынша 
қайталанулары  өте  көп  сағат  саны  артығымен  берілгендіктен,  шолу  арқылы 
қайталау ұсынылады.  
Географиядағы  геоэкономика,  геосаясат,  елтану  материалдары  көлемі 
жағынан ықшамдалған. Қосымша сабақтарда, қайталау ретінде ірі мемлекеттер, 
көрші  жатқан  елдер  мысалында  түсіндірген  орынды.  Оқушыларға  физикалық, 
экономикалық  географиялық,  геосаяси  түрғыда  түсініктер  қалыптастыру 
ұсынылады. 
«География» пәнінен білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша 
жұмысты  ұйымдастыру  кезінде  оқытудың  келесі  белсенді  және  интерактивті 
әдістерін қолдану қажет: 
-  географиялық  деректер  базасын  пайдалана  отырып  информатикадан 
алған білім негізінде картографиялық сауаттылықты арттыру; 
-  пікірталастар,  сараптамалық  жұмыстар  жүргізіп  қоршаған  орта 
экологиясына назар аудару; 
- экологиялық сауаттылықты жолға қою, жүргізу; 
-  қарапайым  карта  схемалар,  аудандастырулар  жасауда  жергілікті  жер 
компонентерін кеңінен пайдалану, жобалау; 
- нақты жағдайды талдау нәтижесінде  оқыту т.б.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет