Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


ҚР  БҒМ  2019  жылғы  7  наурыздағы



Pdf көрінісі
бет325/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   416
ҚР  БҒМ  2019  жылғы  7  наурыздағы  
№ 105 бұйрығымен
 бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.  
Төмендетілген  оқу  жүктемесімен  Үлгілік  оқу  жоспарлары  бойынша 
келесі оқу бағдарламасы қолданылады:  
ҚР  БҒМ  2020  жылғы  27  қарашадағы  №  496  бұйрығымен  бекітілген 
Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы 
10-11-сыныптарына  арналған  «Қазақстан  тарихы»  пәнінен  оқу  жүктемесі 
төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы 
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

 
білім  алушылардың  тарихи  оқиғалар,  құбылыстарды  тарихи 
заңдылықтарды  ескере  отырып  зерттеу,  оқиғалар  мен  тұлғаларға  қатысты 
пікірлер  мен  берілген  бағаларды  салыстыру  және  сыни  тұрғыдан  талдау 
дағдыларын  дамыту,  өткен  кезеңмен  қазіргі  уақытқа  қатысты  пікірталастық 
мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру

 
өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын 
дамыту; 

 
әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және 
жүйелеу дағдыларын дамыту

 
әртүрлі  деректерді  қолдана  отырып,  жобалық,  зерттеу  әрекетін  және 
тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;  

 
қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 
процестерді  түсіну  үшін  тарихи  білімдерін  қолдана  білу  дағдыларын 
қалыптастыру; 

 
коммуникативтік  дағдыларды  қалыптастыру,  оның  ішінде,  өз  ойын 
ауызша  және  жазбаша  түрде  анық  білдіру,  командада  жұмыс  істей  алу,  түрлі 
деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады. 


280 
 
Тұлғаның 
танымдық 
белсенділігін, 
шығармашылық, 
жобалық-
зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту  үшін  әр  тақырыптық  бөлімнен  кейін  келесі 
зерттеу  жұмысы  берілген.  Сондықтан  осы  тақырыптар  көлемінде  зерттеу 
жұмыстарын  ұйымдастыру  ұсынылады.  Зерттеу  тақырыптары  жалпылама 
берілген.  Білім  алушылар  осы  белгіленген  тақырып  шеңберінде  түрлі 
мәселелерді қарастыра алады. 
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 91-кестеде берілген. 
 
91-кесте.
 «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны  
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
10-сынып 




11-сынып 




 
Төмендетілген  оқу  жүктемесімен  Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес
  
10-11-сыныптарда 
жаратылыстану-математика 
бағытында 
оқытылатын
 
«Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, 
осы  оқу  жоспарымен  оқытылатын  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша 
тоқсандық  жиынтық  бағалау  өткізілмейді,  қорытынды  баға  жартыжылдыққа 
қойылады.  
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тоқсанның соңында оқушылардың 
зерттеу  жұмысын  жүргізу  қарастырылған.  Сыныптар  бойынша  зерттеу 
тақырыптары төменде берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет