Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарына сәйкес
10-11-сыныптарда
жаратылыстану-математика
бағытында
оқытылатын
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан,
осы оқу жоспарымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша
тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа
қойылады.
10-11-сыныптарда (ҚГБ) «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу
тоқсанының соңында білім алушылардың зерттеу жұмысы ұйымдастырылатын
сабақтар өткізу көзделген.
Зерттеу жұмысын өткізу мақсаты: оқытылатын бөлім тақырыптарының
жекелеген аспектілері бойынша теориялық материалды жинақтау, терең талдау
және жүйелеу.